Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет256/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   288
Байланысты:
ӘНХ

білім берудің 
ең маңызды мақсаты ретінде тұлғаның азаматтық қалыптасуы контексінде 
рухани-адамгершілік дамуын
белгілейтінін естен шығармаған жөн. Сондықтан 
тәрбие мен әлеуметтендірудің барлық бағыттары маңызды, олар бір-бірін 
толықтыра отырып, отандық рухани, адамгершілік және мәдени дәстүрлер 
негізінде жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. 
Оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру мақсатындағы кез келген


335 
іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбие нәтижелері туралы естен шығармау қажет.
Тәрбие нәтижесі – бұл қандай да бір іс-әрекетке қатысу нәтижесінде алған
рухани-адамгершілік құндылықтар.
Оқушылардың кез келген іс-әрекетінің тәрбие нәтижесі үш деңгейге 
бөлінеді. 
Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білімді игеруі (қоғамдық нормалар, 
қоғамның құрылымы, қоғамдағы мінез-құлықтың әлеуметтік ұнамды-ұнамсыз 
түрлері туралы және т.б.), әлеуметтік ақиқат пен күнделікті өмір туралы бастапқы 
түсінік. Аталған деңгейдегі нәтижеге жетуде маңызды орын алатыны – 
тәрбиеленушінің күнделікті тәжірибесі мен оң әлеуметтік білімді тұлға ретіндегі 
өз педагогімен қарым-қатынас орнатуы. 
Екінші деңгей – қоғамның басты құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, 
табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет) оң қарым-қатынасы мен оларға деген 
жанашырлық тәжірибесінің, жалпы алғандағы әлеуметтік ақиқатқа деген қарым-
қатынас құндылықтарының қалыптасуы. Аталған межеге жету үшін сынып, 
мектеп деңгейінде, яғни жолдастық, қауіпсіз әлеуметтенген ортада өзара қарым-
қатынас ерекше орын алады. Осындай таныс әлеуметтік ортада бала ең алғашқы 
әлеуметтік білімдерді тәжірибеде қолданудың қадамдарын жасайды, оларды 
бағалай бастайды не теріс деп таниды. 
Үшінші деңгей – оқушының дербес қоғамдық іс-әрекет тәжірибесіне ие 
болуы. Аталған деңгейге жетуде оқушылардың мектептен тыс немесе ашық 
қоғамдық ортада әлеуметтік маңызды субъектілермен қарым-қатынас жасауы 
маңызды болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет