355
тарихы» зерттеу жобаларының байқауы, «Жасыл экономика», «Денсаулық және
қоршаған орта»; «Экоболашақ» экологиялық
жұмыс туралы бейнероликтер; «Жасыл
оазис» экодизайнерлер байқауы; «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаждар байқауы;
4)
«Алтын
қазына»
көркем
және
сәндік-қолданбалы
балалар
шығармашылығының көрме-байқауының
номинациялары: тоқыма бұйымдарын
дайындау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ құрау; ағашты, сүйекті,
теріні
көркемдеп өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, қайың қабығынан
жасалған бұйымдар; бедерлеу (сүйектен, металдан, ағаштан); әйнекті көркемдеп өңдеу:
витраж; металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын пішінді мүсін, нақыштау,
соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш балшық), сабаннан, ағаштан,
тоқымадан шағын
формадағы мүсіндер жасау; ұлттық ою-өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін
жасау; қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше;
5) «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» техникалық құрастыру саласы
бойынша инновациялық идеялар байқауы:
- қолданыстағы автокөлік модельдері (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі,
арнайы техника, жол талғамайтын көліктер және эксперименттік модельдер);
- өнеркәсіп (техникалық ойыншықтарды, оның ішінде дәстүрлі емес
материалдардан жасалған станок жабдықтары, әртүрлі
техникалық объектілердің
модельдері және эксперименттік модельдерді қоса алғанда);
- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары (тракторлар, комбайндар,
сепкіштер, тиегіштер, іріктегіштер, шөмелегіштер, ауыл шаруашылығы кешендерінің
модельдері, эксперименттік модельдер және т.б.);
- әскери техника (танктер, зеңбіректер, бронетранспортерлер, әуе шабуылына
қарсы қорғаныс
құралдарының модельдері, тапаншалар, автоматтар, мылтықтардан
басқа және т.б. эксперименттік модельдер);
- су көлігі (әуе кемелерінің модельдері, кемелер, яхталар, гидропландар,
катерлер, қайықтар, эксперименттік модельдер және т.б.);
- құрылыс (тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорт
ғимараттары, вокзалдар, порттар, әуеайлақтары, сауда орталықтары және т.б.
макеттері);
-
жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика (ядролық
энергетика және жылу физикасы; баламалы және көміртекті емес энергетика; энергия
үнемдейтін технологиялар; отынды өндіру және қайта өңдеу; радиоактивті
қалдықтарды жою және көму технологиясы және т.б.);
- авиация: авиация техникасын әзірлеу саласындағы
жобалар мен модельдер
(ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, экраноплан, гидроұшақ,
амфибиялар және т.б.);
- космонавтика және аэроғарыш техникасы:
ғарыш техникасын әзірлеу
саласындағы жобалар мен модельдер (зымыран жүйелері, ғарыш станциялары,
спутниктер, аппараттар және т.б.), ракета құрылысы (ғарыш кемелері, зымырандар
356
және ілеспелі техника);
6) «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының
номинациялары: халық
биі және халықтық-стильденген би (әлем халықтарының биі; қазақ биі); заманауи би
(эстрадалық би, аралас би);
7) «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының фестивалі
: деректі
(ойын емес) кино; ойын киносы; stop-motion-видео; әлеуметтік тақырыптық бағыттағы
бейнеролик; анимациялық кино;
музыкалық бейнебаян; телевизиялық сюжет;
киножурнал; операторлық жұмыс;
Достарыңызбен бөлісу: