Елекен гульнур кабдыгалымовна



Pdf көрінісі
бет37/41
Дата21.12.2022
өлшемі3,82 Mb.
#163529
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
ЕЛЕКЕН-ГУЛЬНУР-КАБДЫГАЛЫМОВНА

4.8 
Минитаблеткалардың 
қауіпсіздігін 
анықтаудағы 
зерттеу 
жҧмыстары
Атчабаров атындағы ҚазҰМУ негізгі медицина вивариі ғылыми зерттеу 
орталығынан алынған 20, дені сау, жасы жетілген, әртүрлі жынысты, ақ 
тышқандарға зерттеу жұмысы жүргізілді. Жануарларға жүргізілген барлық 
зерттеулер Жергілікті этикалық комиссия мүшелерінің келісімімен жүргізілді 
(Қосымша Г). Тәжірибеде 4 топ: бақылау тобы және 3 тәжірибелік топ болды. 
Бақылау тобы плацебо ретінде, яғни тазартылғын су ішті. Препарат ашқарынға 
арнайы зонд арқылы шприцтің кӛмегімен енгізілді. Барлық топтың жануарлары 
препаратты енгізердің алдында және кейін 2-3 сағат бойы тамақ қабылдамады. 
Зерттеу мақсаты- тышқандарға перороальды енгізу кезінде лоратадинді 
минитаблеткалардың уыттылығын анықтау. Препарат бір мӛлшерлі дозада 
енгізілді 300 мг/кг, 1500 мг/кг, 3000 мг/кг. Әр топқа дене салмағы бірдей 
жануарлар саны тең бӛлінді. Жануарларды бақылау, яғни карантин мерзімі 14 
күнді құрады. Клиникаға дейінгі зерттеу барысында қосымша заттың белсенді 
затпен әрекеттесу кезінде уыттылығын анықтау болып табылады және де 
белсенді зат субстанциясының уыттылығын анықтау болып табылады. Дәрілік 
формаларға физика - химиялық, технологиялық, биофармацевтикалық 
қасиеттерді беру мақсатымен қолданылады. Сонымен қатар олардың 
кейбіреулері дайын дәрі-дәрмектердің сапасын белгілі бір деңгейін қамтамасыз 
етеді.
Лабораториялық жануарлар. Ақ аралас жиырма тышқандар массасы 
жиырма грамм Атчабаров ҚазҰМУ негізгі медицина ғылыми зерттеу 
орталығынан алынған. Зерттеу кезінде тышқандар белсенді жылжымалы, жүні 
тегіс, жүні түспеген, терісі зақымдалмаған.
Сынаққа дейін 24 сағат бұрын және сынақ кезінде жануарлар үй 
жағдайында тұрақты температурада болды. Сынақ жүргізуге екі сағат қалғанда 
жануарларды таңдау және салмағын ӛлшеуге дейін оларға тамақтары және суы 
алып тасталынды. Препараттың бір реттен пероральды үш дозасы енгізілді
Минимальді 300 мг/кг, 1500 мг/кг, максимальді концентрациясы 3000 мг/кг. 
Тышқандарға дәрілік препарат дозасын 1500 мг/кг екіге бӛлініп берілді. 3000 
мг/кг дозасы тышқандарға арасы екі үш сағат интервалмен үшке бӛліп енгізілді. 


107 
Бақылау тобы ретінде препараттың жоғары дозада сәйкес келетін кӛлемде және 
режимінде тазартылған суды қабылдаған жануарлар пайдаланылды. 
Преператты енгізу күні 0 күн деп қабылданылды. 
Уыттылық ӛлшемдерін бағалау: ӛлі жануарлардың саны, олардың ӛлу 
мерзімдері, мінез құлық ӛзгерту реакциялары. 
Эксперименттің соңында ӛлі және тірі қалған жануарлардың аутопсиясы 
кезінде ішкі органдардың тіндердің патологиялық ӛзгерістері анықталды 
(макроскопиялық бағалау). 
Жануарлардың клиникалық жағдайын және барлық патологиялық 
ӛзгерістері тіркелді. 
Тышқандарға перороальды қолданғанда ӛткір уыттылықты зерттеу кезінде 
жануарлардың ӛлімі байқалмады. 
Кесте 53 - Тышқандарға лоратадинмен минитаблеткалардың ӛткір уыттылығы
Лоратадинмен 
минитаблетканың 
дозасы (мг/кг) 
Ӛлгендері/барлығы 
Ӛлу уақыты 
300 
0/5 

1500 
0/5 

3000 
0/5 

Бақылау тобы 
0/5 

Эксперимент соңында алу кезінде жануарлардың ішкі органдарында 
ерекшеліктері жоқ. 
Кесте 54 - Лоратадинмен минитаблеткалардың ӛткір уыттылығын зерттеу 
кезінде тышқандардың дене салмағының ӛзгеруі 
Дозасы, 
мг/кг 
Жануарлардың препаратты бергеннен кейінгі тәуліктердегі дене 
салмақтары 






14 
300 
19.8±0.9 19.9±0.8 19.9±1.0 19.9±0.9 20.2±1.0 20.4±0.8 20.4±0.7 
1500 
19.5±1.1 19.6±1.0 19.7±1.2 19.8±1.1 19.9±0.9 20.2±1.2 20.5±0.8 
3000 
20.2±1.0 20.2±0.9 20.4±1.2 20.4±1.0 20.3±1.2 20.5±1.1 20.5±1.0 
Бақылау 
тобы 
19.8±0.8 19.8±0.7 19.9±0.9 19.9±0.7 20.2±0.8 20.2±0.9 20.4±0.8 
Жануарлардың ӛлімін 
шақырмайтын дозада препарат берілген 
жануарларда реакция уыттылығы және мінез құлықтық ӛзгерістері, басқа да кез 
келген клиникалық кӛрінісі байқалған жоқ. 
Орындалған нәтижелер бойынша деректерді ӛңдеу жүргізілді. 


108 
Лоратадин минитаблеткаларының уыттылық туғызуы мүмкін дозаларының 
улкен кішілігіне қарай тышқандарда препараттың сандық уыттылығында 
жынысына байланысты айырмашылық анықталған жоқ ( кесте 47).
Сурет 42 - Лоратадинмен минитаблеткалардың тышқандарға ӛткір 
уыттылығы 
Лоратадинмен минитаблеткалар берілген тышқандардың бақылау мерзімі 
ішінде дене салмағының азаюы байқалмады. Бақылау тобы тышқандардың дене 
салмағының азаюы да байқалмады. Бұл жануарлар түрлері үшін 
физиологиялық нормада ауытқып отырды. Минитаблеткаларды 3000мг/кг 
дозада алып отырған тышқандарда 7 күні дене салмағы азайды, 9 күні қайта 
қалпына келгені атап ӛтілді. Тышқандарға препаратты 300 мг/кг дозасын 
бергенде дене салмағының ӛсуі азайды. 3 күннен азайып 9 күннен қалпына 
келуі бақыланды. 14 күннен бастап дене салмағының ӛсуінің баяулауы 20% 
құрады. Дозасы 3000 мг/кг лоратадинмен минитаблетканың тышқандарға ӛткір 
уыттылығын зерттеу кезінде жануалардың ӛлімі байқалмады. 5-7 минуттан 
кейін препаратты жануарларға енгізген соң 10-15 минутқа созылған 
гиподинамия шамалы байқалды.Уыттылық пен мінез-құлық ӛзгерту 
реакциясының басқа клиникалық кӛріністері байқалған жоқ.
Гистологиялық сынамалар жоғарыда аталған әдіс бойынша жүргізілді. 
Жануарларды ӛлтіру хлороформ эфирін қолдану арқылы наркоздың кӛмегімен 
жүргізілді. Іш қуысын ашу Б.Атчабаров атындағы ҒЗИ зертханасында жалпы 
қабылданған әдістемелер негізінде жүргізілді. Ӛкпе, бауыр, бүйрек, ақазан
кесінділері зертханалық формалинге салынды, сонымен қатар концентрлі 
спиртте жасалынды. Зерттелетін зат гематоксилин-эозинмен боялды. 
Гистологиялық зерттеулердің нәтижесінде келесідей мәліметтер алынды. 
Бақылау тобындағы жануарының бауырының микроскопиялық зерттеулері 
бойынша ішкі ағзаның құрылымы қалыпты жағдайда (сурет 43) [74]. 
19 
19,2 
19,4 
19,6 
19,8 
20 
20,2 
20,4 
20,6 






14 
Сал
м
а
ғы 

Тәулік саны 
300 мг/кг 
1500 мг/кг 
3000 мг/кг 
контроль 


109 
Сурет 43 – Бақылау тобы тышқанының 
бауырының гистологиялық құрылымы 
× 200 НЕ 
Сурет 44 – Бақылау тобы 
тышқанының асқазанының
гистологиялық құрылымы × 100 НЕ 
Микроскопиялық сынамада асқазан бӛлігінің құрылымы ӛзермеген. 
Асқазан бӛлігінің тіні гистологиялық құрылымы қалыпты (сурет 44). Ӛкпесінің 
бронхтары және альвеолалары таза, гистологиялық құрылымы ӛзгеріссіз болды 
(сурет 45).
Сурет 45 – Бақылау тобы 
тышқанының ӛкпенің гистологиялық 
құрылымы × 200 НЕ 
Сурет 46 – Бауырдың ісінген
бӛлігінің ошақтары × 200 НЕ 
300 мг/кг мӛлшердегі дәрілік зат берілген зерттеу топбының 
жануарларының ағзаларының морфологиялық ӛзгерістерінің сипаттамасы. 
Бауыр бӛлшегінің гистологиялық құрылымы ӛзгеріссіз қалыпта, сирек 
жерлерде ісінген ошақтар байқалды (сурет 46). Бүйректер ағзасының тіндерінде 
гистологиялық ӛзгеріс жоқ, ісінген аймақтар тін қабықшаларында кездеседі 
(сурет 47). 
Сурет 47 – Бауыр тінінің ӛзгерісі 
200 НЕ 
Сурет 48 – Асқазан тінінің ӛзгерісі × 
200 НЕ 


110 
Асқазан бӛлігінің гистологиялық құрылымы ӛзгеріссіз, сирек қабықшада 
ісінген тіндер байқалды (сурет 48). Шырышты қабат плазматикалық 
эпителиймен байқалады, шырыштың аса бӛлінуі және эпителийдің жарыққа 
шағылысуы байқалады. Ойықты эпителийінде патология кӛріністері 
байқалмайды. 
Шырышасты 
бездерінің 
қабықшалары 
кең 
ауқымда 
жарықтанады. Без жасушаларының цитоплазмасы шырышқа толы. Екінші 
топтың ішкі ағзаларын микроскопиялық зерттегенде келесідей ӛзгерістермен 
сипатталды. Морфологиялық сынаманы бауыр бӛлігіне жасағанда құрылымы 
ӛзгеріске ұшырамағанын байқадық, тек кей орындарда ісінгенін кӛрдік (сурет 
49). 
Сурет 49 - Бауыр тінінің
ӛзгерісі × 200 НЕ 
Сурет 50 - Ӛкпе тінінің 
перивоскулярлы ӛзгерісі × 200 НЕ 
Ӛкпе тіндерінде шамалы ісінген аймақтар анықталды. Ӛкпе альвеолалары 
таза (сурет 50). Бүйрек тіндерінде ӛзгеріс байқалған жоқ. Кей тіндер бӛлігінде 
ісінулер байқалған (сурет 51). 
Сурет 51- Бүйрек тіндерінің
ісінген аймағы × 200 НЕ 
Сурет 52 - Бауыр тіндерінің
ісінген аймағы × 200 НЕ 
1500 мг/кг мӛлшерде дәрілік заттың енгізілген жануарлар ішкі 
ағзаларындағы микроскопиялық ӛзгерістер келесідей сипатталды. Бауырдың 
тін бӛліктерінде ісінген аймақтар кӛрінеді, дегенмен тіндердің гистологиялық 
құрылымы айтарлықтай ӛзгермеген (сурет 52). 


111 
Сурет 53 – Бүйрек тіндерінің
ісінуі × 200 НЕ 
Сурет 54 – Ӛкпе тамырларының қанға 
толығу × 100 НЕ 
Бүйрек құрылымы бұзылмаған, тіндердің ісінуі бар, алдыңғы сериялармен 
салыстырғанда таралған сипатқа ие (сурет 53). Ӛкпенің морфологиялық 
зерттеулері бойынша альвеолярлы эпителиі кӛзге кӛрінетін аймақтарында 
ӛзгеріссіз қалыпты түске ие. Жасушалар нығыздалған қалыпта. Жеке 
альвеолоциттердің цитоплазмасында кішірек вакуолдар байқалады. Ӛкпе 
тіндері ӛзгеріссіз (сурет 54). 3000 мг/кг мӛлшерде дәрілік зат енгізілген 
зертхана жануарының тіндері шамалы ӛзгерістерге ие. Жасушалардың, 
тіндердің кей жерлерді ісінуі байқалды (сурет 55). 
Сурет 55 – Бауырдың ӛзгеріске 
ұшыраған бӛлігі × 200 НЕ 
Сурет 56 – Тіндердің ісінгені 
× 100 НЕ 
Гистологиялық құрылымдарда аз ғана ӛзгеріспен ісінуімен сипатталды 
(сурет 56). Бүйрек құрылымы сақталып қалды, алайда үлкен аумақты қамтыды 
Осылайша, лоратадин минитаблеткаларының уыттылығын анықтауға 
арналған морфологиялық зерттеулер келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік 
берді. Тәжірибелік мақсатта қолданылған жануарлардың (ақ тышғандар) ішкі 
ағзаларының 
тін 
бӛліктерінің 
морфологиялық 
ӛзгерістері 
ағзаның 
зақымдалуынсыз, тек тіннің аз ғана ӛзгеріспен ісінуімен сипатталды. 
Тәжірибені жүргізудің барлық кезеңдерінде жануарлар ӛлімі тіркелмеді. 
Зерттелінген лоратадин минитаблеткасының ЛД50 бір реттік ауыз қуысына 
енгізгендегі дозасы 3000 мг/кг асты және оларды аз уытты препараттар 
қатарына V класс уыттылығына жатқызуға болады [64]. 


112 
Лоратадин 
минитаблеткаларын 
зертханалық 
ұсақ 
тышқандарда 
препараттың сандық уыттылығында жынысына байланысты айырмашылықтың
жоқтығы дәлелденді.Тышқандарға улы доза анықталған жоқ, себебі 
максимальді концентрацияда және максимальді кӛлемде препаратты енгізгенде 
жануарлардың ӛлімі болған жоқ. Минитаблеткаларды лоратадинмен 
тышқандарға үлкен және кіші дозада бергенде бақылау мерзімі ішінде дене 
салмағының жеткіліксіз статистикалық тербелісі атап ӛтілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет