Елекен гульнур кабдыгалымовна



Pdf көрінісі
бет36/41
Дата21.12.2022
өлшемі3,82 Mb.
#163529
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
ЕЛЕКЕН-ГУЛЬНУР-КАБДЫГАЛЫМОВНА

4.7
Лоратадин 
минитаблеткаларының 
биофармацевтикалық 
кӛрсеткіштерін зерттеу 
Зерттеу нысаналары ретінде құрамында белсенді зат лоратадині бар 
әртүрлі ӛндірушілердің таблеткалары қолданылды: кларитин, 10 мг («Shering 
Plough», США), ломилан, 10 мг («Lek-Sandoz», Словения), лоратал, 10 мг 
(«Нобель», Қазақстан), дайындалған минитаблеткалар, 1.0 мг. Еру сынамасы 
фармакопеядағы «Еру сынамасы» ҚР МФ I, т. 2, 
2.9.3
бабына сәйкес «қалақша 
араластырғыш» аппаратымен «Pharmа test» қондырғысында жүргізілді. Еріту 
ортасының кӛлемі – 900 мл, температурасы – 37° С құрады. Қалақша 
араластырғыштардың айлану жылдамдығы – 80 айн/мин құрады. Еріткіш 
ортасы ретінде pH 1,0 хлорсутек қышқылы 0.1 M ерітіндісі қолданылды. Орта
рН – ының дайындалуын рН-метрдің кӛмегімен қадағалап отырдық. Зерттеулер 
әрбір препараттың алты түрлі үлгілеріне минитаблеткаларына жүргізілді. 
Сынамаларды алу уақыты тәжірибе басталған соң әрбір 1, 3, 5, 15, 30 мин 
сайын алынып отырды. Алынған сынама кӛлемі – 5 мл құрады. Сынама 
алынып болған соң сынамаға кеткен кӛлемді тура сондай кӛлемдегі хлорсутек 
қышқылы ерітіндісімен толықтырып отырдық. Алынған сынамаларды еріткіш 
ортасымен сұйылтып, қағаз сүзгіш арқылы сүзгіден ӛткізіп, сүзілген 
фильтраттың бірінші бӛлшегін тӛгіп тастап отырдық.
Сандық анықтауды УК-спектрофотометрия әдісімен DT 800 типті 
спектрофотометр (Erweka, Франкфурт, Германия) құрылғысында 246 нм 
толқын ұзындығында жүргіздік. Салыстырмалы ерітінді ретінде сәйкес 
еріткішті қолдандық. Жүргізілген әрбір зерттеу үшін концентрациясы 10 
мкг/мл-ге тең бӛлек стандартты үлгі ерітіндісін дайындадық. Стандартты 
ерітінділерді қағаз сүзгіш арқылы сүзгіден ӛткіздік (сынама ерітінділері 
тәрізді). Стандартты шарт жағдайда (қалақша араластырғыш айналу 
жылдамдығы 80 айн/мин, еріткіш ортасы – 0.1 M хлорсутек қышқылы pH 1,0 
мәнімен, еріткіш ортасының кӛлемі – 900 мл, орта температурасы – 37° С) 
«Ломилан», «Кларитин», «Лоратал» 10 мг және «минитаблеткалар» 1 мг 
таблеткаларынан лоратадиннің босап шығу қисық сызықтары алынды. Алынған 
зерттеу нәтижелеріне сәйкес лоратадин құрамды таблеткалар ерітіндіге 
дегенмен тез ӛтетінін байқай аламыз. 15 минуттың ішінде белсенді заттың 70 
% - дан кем емес мӛлшері босап шығады, осыдан кейін ерігіштік жылдамдығы 


105 
күрт тӛмендейді. Кӛбінесе пайда болатын жайт, босап шығу қисықтарының 
арасында ең айырмашылығы қатты байқалатын кездері болып еру 
сынамасының 1 минуттық нүктесіндегі нәтижесі табылады. FDA ақпараттарына 
сүйенетін болсақ, бірінші және үшінші топтағы дәрілік заттың босап шығуын 
еру сынамасымен тексергенде алғашқы алынатын сынама нүктесі және аралары 
әрбір бес немесе он минутты құрау керек. Бұл дегеніміз модифицирленген емес 
дәрілік препараттарды тексеру барысында босап шығу алпыс – жетпіс минут 
ішінде еру қисығында кем дегенде алты нүктенің болуы тиіс. Қисықтар 
арасындағы айырмашылықты кӛзбен кӛру арқылы ажырата аламыз.
Алынған нәтижелерге сүйене отырып, дайындалған минитаблеткалардың 
босап шығуы нарықта бұрыннан келе жатқан препараттардан (кларитин, 
Ломилан) еш айырмашылығы жоқ дей аламыз.
Сонымен қатар босап шығу қисықтарын құрамында лоратадині бар 
генерик препараттарын салыстыру мақсатында айырмашылық және ұқсастық 
үрдістерін пайдалана отырып «еру» сынамасын қолдануға болатындығына кӛз 
жеткізе аламыз және құрамында лоратадины бар генерик препараттарын 
салыстыру барысында босап шығу қисықтарының бір-бірінен айырмашылығын 
еріткіш орта ретінде pH мәні 1,0 болатын 0.1 M хлорсутек қышқылын қолдана 
отырып жүзеге асатынын біле аламыз.
Сурет 41 – Минитаблеткалардың ҚР нарығындағы белгілі препараттармен 
салыстырғандағы биоэквивалентілігі 
Лорамин минитаблеткаларының нарықта қолданыста жүрген Кларитин, 
Ломилан және отандық Лоратал препараттарымен салыстырғандағы 
биологиялық эквиваленттілігі дәлелденді. Минитаблеткалардағы белсенді 
заттың алғашқы 1 және 3 минуттарда жоғары мӛлшерінің босап шығуы, оның 
ауыз қуысында дәл солай тез еритінін дәлелдейді. Ал 10 минуттан кейінгі 
кӛрсеткіштері басқа препараттардың кӛрсеткіштерімен пара-пар болуы 
дайындалған минитаблеткалардың олармен эквивалентті екенін растайды.

2,53 
12,21 
32,42 
67,51 
75,34 
78,62 
83,46 

5,32 
18,95 
39,48 
79,84 
84,68 
87,51 89,55 

4,32 
7,95 
25,12 
57,45 
82,07 82,57 
88,92 

32,38 
82,45 
85,64 86,24 86,45 88,21 
88,47 
0
10
20
30
40
50
60
70
80
90
100
0
1
3
5
10
15
30
60
Лоратал 
Кларитин 
Ломилан 
МТ Лорамин 


106 
Сәйкестендіру, сапалық және сандық анықталу, мӛлшерленген 
бірліктердің біркелкілігі, тектес қоспалар сияқты кӛрсеткіштерді анықтау үшін 
біз ЖЭСХ заманауи тәсілін таңдадық ҚР МФ І том, бӛлім 2.2.29, ол заманауи 
құралмен жұмыс жасаудағы хроматографиядағы классикалық талдау жасаудағы 
перспективалық нұсқа болып табылады. Бұл тәсіл бір мезгілде қиын 
сынамаларды оларды құрайтындарға бӛлуде, кӛбінесе құрауыштарды 
детектрлеу, әрекеттегі заттың шоғырландыруын ӛзгерту, кӛп жағдайда жоғары 
ӛзгешелік, сезімтал, әмбебап тәсіл болып табылады. Бұл тәсіл басқа әдістерден 
жоғары 
дәлдігімен, 
жаңғыртылуымен 
және 
түгелдей 
автоматтандырылғандықтан құралмен жеңіл басқаруды бере отырып, белсенді 
затты басқа ӛзіндік қоспалар барда да ажырата алатындықтан таңдалып 
алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет