Лекция № Орталық Азиядағы интеграция мәселелері Лекция мақсаты


Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасы бірыңғай кеңестік



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата23.12.2022
өлшемі420,52 Kb.
#164166
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Лекция № 3.

Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасы бірыңғай кеңестік 
халықтық – шаруашылықтық кешеннің құрамдас бөлігі ретінде 
дамыды. КСРО ыдырауы мен шаруашылықтың шарттарының 
түбегейлі өзгеруі мемлекеттер тек өзара бірігуі арқылы ғана шешімін 
таба алатын мәселелердің туындауы мен оның күрделенуіне алып келді. 
Аймақ мемлекеттері саяси және экономикалық құрылымдардың 
реформалануын көздейтін өтпелі кезеңнің ортақ міндеттерін құрастырған 
болатын. Осы кезеңде ең негізгі мәселе ортақ экономикалық потенциалды 
тиімді пайдалану жолдарын іздеп табуда болған болатын. Орталық Азия 
елдері сыртқы саяси стратегияларын өзара үйлестіре отырып қана 
экономикалық интеграция мен ұлттық қауіпсіздік жүйелерін дамыта алады. 
Мемлекетаралық қатынастарды дамытуда аймақ мемлекеттері бірнеше 
кезеңді өтті. Осы даму әр республиканың ішкі саяси жағдайымен, саяси 
жетекшілерінің жеке тұлғалық қасиеттерімен және экономикалық 
ерекшеліктерімен анықталды, ал ол аймақтағы интеграциялық үрдістің даму 
динамикасына өз әсерін тигізді. 
ТМД мемлекеттері КСРО-данинтеграциялық типтегі байланыстарды 
құруға деген тығыз қарым-қатынастарды қалдырды. Әсіресе энергетикалық 
және транспорттық жүйелері, радио және телекоммуникация кешендері, 
мұнай мен газ салалары ерекше көзге түсті. Алайда Орталық Азия елдері 
арасындағы интеграция толықтай орнады деп айту әлі ерте. Келісімдерді 
толыққанды жүзеге асыру механизмдерінің реттелмеген, кедендік, салықтық 
және бюджеттік саясаттардың байланысы әлі жүргізілмеген. Мемлекеттердің 
өздері аймақтық қатынастарды басым деп санамайды. Оның казіргі заманғы 
соны үлгісі ретінде интеграциялық бірігу жолын тандап алған Орталық Азия 
мемлекеттері ортаазиялык интеграцияны объективті қажеттілік ретінде, 
территориялық тұтастықпен, сол сияқты экономиканың ең маңызды, ең 
басты салаларымен байланыстырады. Сондыктан тарихи қалыптасқан тығыз 
шаруашылық байланыстары мен аймақтың ұтымды геосаяси жағдайы 
Орталық Азия мемлекеттерін өзара ынтымактасуға жетелейді. 


Сол сияқты аймактың газ, су-энергетика ресурстарын, экологиялық 
мәселелерін бірлесе отырып шешу, көлік-коммуникация жүйелерін бірлесе 
отырып пайдалану, соңғы жылдары күшейіп келе жатқан наркобизнес пен әр 
түрлі экстремистік, террористік топтар мен ағымдарға бірлесе отырып күрес 
жүргізу сияқты маңызды шараларды іске асыру үшін де аймақтық 
интеграция кажет. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттерінің нарықтық 
экономикаға өтуі мен интеграцияны таңдап алуы жаһаңдану жағдайында 
орындалуы әлемдік тарихтағы бірінші оқиға деп бағалануда. Орталық Азия 
елдеріндегі интеграцияның әлсіз жақтарын анықтау үшін оны халықаралық
экономикалық интеграцияның шарттары мен алғышарттарына сәйкес зерттеу 
қажет. Жалпы аймақтағы интеграция үрдісі өте баяу жүргізілуде. Ол бірнеше 
себептермен түсіндіріледі, олардың қатарына экономика мен саяси жүйелерді 
реформалау модельдерінің әртүрлілігі жатады. Экономика мен саяси 
жүйелердің, ұлттық мүдделердің және халықаралық аренаға бағытталудың 
әртүрлі болуы әзірше интеграциялану үрдісінен жоғары орын алуда. 
Орталық Азия мемлекеттерінің шеңберінде көпжақты өзара қатынас та 
баяу 
дамуда. 
Мемлекетаралық 
тауар 
алмасуы, 
инвестициялық 
ынтымақтастық төмендеуде, жеке капиталдың интеграциясы байқалмайды, 
кедендік және валюталық кедергілер жоғары, ұлттық шаруашылықтық 
заңнамаларда әртүрлілік бар. Сонымен қатар Орталық Азия мемлекеттерінің 
шеңберінде қол қойылған құжаттардың тиімділігі де жоғары емес. 
Орталық Азияда интеграцияны дамыту үшін біріктіруші идея қажет. 
Бір шетінен Еуразиялық концепция ортақ стратегияның рөлін атқаруы 
мүмкін, себебі Орталық Азия мемлекеттері Еуразиялық өркениеттік 
құрылымға жатады және тарихи дамуы, ділі мен өмірлік құндылықтарда 
қабылдауы ұқсас болып келеді. Дегенмен де өзіндік идентификация 
проблемасының өткірлігі, Орталық Азия елдерінің экономикалық, саяси – 
құқықтық жүйелеріжағдайыныңтранзиттіксипаты, жаңару үдерістерінің 
әртүрлі серпіні, бағыты және терендігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп 
жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграцияны жүзеге асырудағы 
қиындықтарды анықтайды. Өткен кездесуде Орталық Азия елдерінің 
басшылары Достастықты өтпелі кезеңде гана іске асыруга болатын 
ынтымақтастық үлгісі және әрбір мемлекет ішкі дамуының басыңқы жактары 
мен халықаралық міндеттерін есепке ала отырып, ынтымактастыққа 
қатынасу түрлерін өздері аныктайды деген қорытындыға келді.
Дегенмен де, қайта құру жылдарында дәл осы аймактық бірлестік
кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте Достастыққа қатысушы елдер 
арасындағы шаруашылықаралық байланыстарды қолдап, ара-тұра бой 
көтерген кейбір қайшылыктар мен әскери қактығыстардың кейде алдын 
алып, кейде өзара келістіріп, реттеуші қызмет атқарды. Президент Н. 
Назарбаев «еуразияшылдық» ұғымын теориялық жол емес, тәжірибелік 
саясаттың бір бағыты деп қарастырды. Қазақстан үшін «еуразияшылдық» 
интеграциялану бағыты, көпжақты аймақтық одақтастықтың дамуы. 
«Еуразияшылдық» теориясы қазіргі әлемде ұлттық мәдениеттердің диалогы 


мен олардың жақындасуы қажеттілігінен туындаған. Орталық Азияда 
маңызды рөлді қауіпсіздікті сақтау мәселелері алады. 
Есепке алатын жайт, Орталық Азия әлемдік державаларды 
экономикалық, саяси, тіпті әскери саладан қызықтыратын аймақ болып 
табылады. 
Аймақ 
елдерінің 
мемлекеттік 
шекараларды 
күшейту 
ұмтылыстарына қарамастан олар халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, 
этникалық сепаратизм, қару жарақ пен есірткінің заңсыз тасымалы, заңсыз 
миграция сияқты трансұлттық қауіптерге кедергі болмай отыр. Қандай да бір 
тарихи, геосаяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени факторлардың 
жиынтығы аймақ мемлекеттерінің лаңкестік қауіп алдында осалдығын 
көрсетеді. Осындай жағдай өз қауіпсіздігін сақтау мақсатында орталық 
азиялық 
республикаларды 
халықаралық 
ынтымақтастыққа 
енуге 
міндеттейтін ерекше жағдай туындатады. Орталық Азия геосаяси 
жағдайынан негізгі аймақтық ойыншыларды өкілеттік еетін құрылымды 
құрастыру қажеттілігі пайда болды, ал ол өз кезегінде көпжақты келісім мен 
кеңес беру қызметтерін де атқаратын еді. Осыған мысал ретінде Шанхай 
Ынтымақтастық Ұйымын айта кетуге болады, себебі ұйым Орталық Азияда 
саяси тәртіпттердің тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар 
құрылымдық экономика мен әскери-саяси саладағы қауіпсіздіктің орнауына 
ықпал етеді. 
Әлемдік интеграциялық тәжірибені зерттей отырып, Орталық Азия 
елдеріне еуропалық интеграцияға сәйкес барлық кезеңдер мен формаларды 
өту қажеттілігі жоқ деп айтуға болады, себебі бірнеше ғасыр бұрын болған 
Еуропамен салыстырғанда Орталық Азия елдері біраз ғана жыл бұрын 
бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени кеңістікте болды және оның 
бөлшектері әлі де сақталды. Жалпы еуропалық интеграция тәжірибесі 
аймақтық интеграцияның салдарлы, кезеңдік үрдіс екендігін көрсетеді, онда 
соңғы нәтиже тек іс әрекеттегі таңдаудың дұрыстығында ғана емес, сонымен 
қатар нақты тәжірибелік әрекеттердің бағдарламасын құрастыруда болып 
отыр. Интеграцияның маңызды мақсаты мемлекеттердің мүдделерін 
келістіру ғана емес, сонымен қоса бар қайшылықтарды кедергі ретінде емес, 
даму мен алға жылжуды баяулататын құбылыс ретінде түсіндіру болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет