Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


Дәнекерлеу трансформаторлары



Pdf көрінісі
бет55/179
Дата24.12.2022
өлшемі5,26 Mb.
#164281
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

Дәнекерлеу трансформаторлары
. Дəнекерлеу жұмыстары 
үшін пайдаланылатын ауыспалы тоқтың бас көзі əдетте бір фазалы 
трансформатор болып табылады. Трансформатор дəнекерлеу тізбегі 
мен күштік тізбекті бөледі, желі кернеуін дəнекерлеу үшін қажетті 
мəнге 
дейін 
төмендетеді, 
өз 
бетімен 
немесе 
қосымша
құрылғылармен жинақта қажетті сыртқы сипаттамалардың 
қалыптасуын жəне дəнекерлеу тоғының реттелуін қамтамасыз етеді. 


95 
Дəнекерлеу аппараттарының қуат көздеріне ерекше талаптар 
қойылады: белгіленген қуатта олар жүктемеде үлкен тоқтар
тудыруы тиіс, бұл ретте жүктеме кедергісінің күрт өзгеруі 
дəнекерлеу тоғының мəніне айтарлықтай əсер етпеуі тиіс. 
Үлкен тоқтардағы салыстырмалы жоғары емес кернеулер 
дəнекерлеу контактындағы тиімді жылу бөлінуін ғана емес, электр 
өткізгіштігі жоғары металл құрылымдар арасында жұмыс істейтін 
дəнекерлеушінің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Қарастырылған 
талаптарға сəйкес дəнекерлеу трансформаторлары кернеудің 220 
немесе 380 В бастап 60...70 В дейін төмендеуін қамтамасыз етеді. 
Қосымша орам қысқыштарындағы мұндай кернеу дəнекерлеу 
трансформаторының бос жүрісінде белгіленеді. Дəнекерлеу 
барысында ол 60.70 В ең жоғары мəнінен нөлге жақын мəндерге 
дейін ауытқиды. 
Дəнекерлеу кезінде туындайтын электр доғасының кедергісі 
дəнекерлеушің 
қолы 
қозғалған 
кезде 
өзгереді. 
Егер 
трансформатордың қосымша орамының қысқыштарындағы кернеу 
тұрақты сақталса, тізбектегі тоқтың күрт ауытқулары туындаушы
еді жəне жылу бөлінуін реттеу мүмкін болмас еді. Сондықтан 
дəнекерлеу трансформаторы доға кедергісінің күрт азаюы 
жағдайыда тізбектегі тоқ аз артатындай, ал жылу көлемін 
анықтайтын I
2
R туындысы қажетті деңгейде сақталатындай етіп 
жасалған. 
Дəнекерлеу трансформаторы электродтың дəнекерлеу жігімен 
жанасуы жағдайында туындайтын қысқа тұйықталуларға төзімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет