110
Сырғуды, демек қозғалтқыштың айналу жиілігін де шағын
көлемде қозғалтқышқа келтірілетін кернеуді өзгерту арқылы
реттеуге болады.
Асинхронды қозғалтқыштың айналу сəті
желінің кернеу
квадратына пропорционалды болады. Демек, кернеуді өзгерткенде
қозғалтқыштың механикалық сипаттамаларында максималды сəттің
мəндері əр түрлі, ал сырғу мəндері бірдей болады. Кернеуді өзгерте
отырып, қозғалтқыштың айналу жиілігін өзгертуге болады.
Қозғалтқыш статорының орамындағы кернеуді өзгерту үшін,
кернеуді біртіндеп реттейтін автотрансформаторларды, магниттік
күшейткіштерді, кернеуді тиристорлы реттеуіштерді жəне т.б.
пайдалануға болады.
Айналу жиілігінің жылдамдығы сатылы реттеуді қозғалтқыш
статорының полюстар
жұбының санын оның орамының
секцияларын қайта қосу арқылы өзгерте отырып жасауға болады.
Полюстар жұбының санын бұндай өзгеріс қозғалтқышты дайындау
кезінде қарастырылған болса ғана өзгертуге болады. Полюстар
жұбының саны əр фазадағы орауыштардың санын өзгертумен ғана
емес, сонымен қатар, оларды біріктіру əдісімен анықталады.
Бір орауыштарды кезекпен біріктіру кезінде өрістің полюстар
жұбының
саны бір болады, ал параллель біріктіргенде – басқаша,
екі есе аз болады. Егер статор саңылауларында фазадағы
орауыштардың басқа санымен үш фазалы орамды орналастырсақ,
үш əр түрлі жиіліктегі айналу өрісіне қол жеткізуге болады.
Алайда бұл тиімді жəне салыстырмалы қарапайым əдіс
қозғалтқыштың айналу жиілігін біртіндеп реттеуге мүмкіндік
бермейді. Өнеркəсіп айналу жиілігін сатылы 2, 3 жəне 4 рет
өзгертуге болатын қозғалтқыштарды шығарады. Бұл əдісті қысқа
тұйықталған роторы бар қозғалтқыштар үшін қолданылады.
Синхрондық айналу жиілігі қуаттандырушы желінің кернеу
жиілігіне пропорционалды болғандықтан, ротордың айналу жиілігін
желі кернеуінің жиілігін өзгерте отырып реттеуге болады.
Бұл үшін асинхронды
қозғалтқышта немесе бірнеше
қозғалтқышта автономды қуаттау көзі болуы тиіс, себебі əрбір
кəсіпорын электр қуатын 50 Гц ауыспалы кернеу жиілігінде
энергожүйеден алады.
Құрылыс алаңдарында қуаттандырушы желінің жиілігін өзгерту
үшін электромагниттік немесе тиристорлық түрлендіргіштер
қолданылуы
мүмкін.
Алайда
бұл
құрылғылардың
құны
асинхрондық қозғалтқыштардың құнынан артық, сондықтан да
бұндай реттеу əдісі n
2
кең қолданысқа ене алмады.