94
орам тікелей амперметрге жəне басқа өлшеу аспаптарының тоқ
тізбектеріне тұйықталады. Қауіпсіздік техникасының ережелеріне
сай, трансформатордың қосымша орамын жерге тұйықтайды.
Амперметр мен басқа өлшеу аспаптарының тоқ тізбектерінің
жиынтық кедергісі аз (əдетте 2 Омнан аз), сондықтан тоқ
трансформаторы
трансформатордың
қысқа
тұйықталуы
жағдайларына жақын жағдайларда жұмыс істейді. Қосымша орам
кернеуі өлшеу аспаптары тізбектерінің жəне жалғастырғыш
сымдардың салыстырмалы шағын кедергісінде кернеудің түсуімен
анықталады (əдетте 1...12 В).
Бастапқы тоқ қосымша тоқты тұрақты трансформация
коэффициентіне көбейту арқылы анықтала алады:
I
1
= I
2
к
. Солайша,
тоқ трансформаторын қосу жоғары кернеу тізбектеріндегі тоқты
қауіпсіздік шараларын орындаумен, шағын тоқты өлшеу негізінде
анықтауға мүмкіндік береді.
Тоқ трансформаторы жиі кернеуі 1000 В төмен
қондырғыларда үлкен тоқтарды өлшеу үшін қолданылады.
Дəлділік талаптарынан басқа тоқ трансформаторына жиі қысқа
тұйықталуларға қатысты тұрақтылық талаптары да қойылады, себебі
тоқ трансформаторының бастапқы орамы қысқа тұйықталу болуы
мүмкін тізбекте орналасқан жəне тоқ трансформаторы арқылы қысқа
тұйықталу жағдайында қондырғыны сөндіретін қорғау аппараттары
(реле) қосылады. Демек, тоқ трансформаторы (қысқа уақыт) қысқа
тұйықталу тоғына төзуі жəне апаттық аумақты сөндіретін қорғау
аппаратына əсер етуі тиіс.
Тоқ жəне кернеу трансформаторларын өлшеу аспаптарымен
дұрыс жалғау үшін, трансформаторлардың сыртқа шығаруының
белгілерін басшылыққа алу қажет. Кернеу трансформаторының
сыртқа шығару өткізгіштері күштік трансформаторлардың сыртқы
шығару өткізгіштері тəрізді белгіленеді; тоқ трансформаторларының
бастапқы орамының басы мен соңы сəйкесінше Л
1
жəне Л
2
(желі), ал
қосымша орам басы мен соңы – И
1
жəне И
2
(өлшеу аспабы) ретінде
белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: