Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет57/179
Дата24.12.2022
өлшемі5,26 Mb.
#164281
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1.
Трансформаторлардың міндеті мен əрекет ету принципі қандай? 
2.
Бір фазалы трансформаторлардың магнит өткізгішінің пішіні қандай? 
3.
Трансформатор орамының қолданыстағы ЭҚК мəні қандай өрнекпен 
анықталады? 
4.
Трансформация коэффициенті деп нені атайды? 
5.
Автотрансформатордың құрылымы мен əрекет ету принципі қандай? 
6.
Энергияны қандай кернеуде беру мақсатқа лайықты? 
7.
Трансформатордың əрекет ету принципі қандай заңға негізделеді? 
8.
Үш фазалы трансформатордың магнит өткізгішінің қанша өзегі болуы 
тиіс? 
9.
Тоқ трансформаторына қандай аспапты қосуға болмайды? 
10.
Трансформаторда қандай жоғалтулар болады? 
11.
Трансформаторлар қайда қолданылады? 


98 

тарау 
ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ 
МӘЛІМЕТТЕР 
 
 
 
 
6.1

ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ 
ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ 
Электр 
машинасы 
механикалық 
энергияны 
электр 
энергиясына (электрлі генератор) немесе электр энергиясын 
механикалық энергияға (электрлі қозғалтқыш) түрлендіруге
арналған электромеханикалық құрылғы. 
Электр 
энергиясы 
электр 
станцияларда 
электр 
машиналарымен – турбиналардың механикалық энергиясын электр 
энергиясына түрлендіретін генераторлармен өндіріледі. 
Электр энергиясын тұтыну барысында ол басқа энергия 
түрлеріне (жылу, механикалық, химиялық) өзгереді. Барлық 
өндірілетін электр энергиясының шамамен 60% білдектерді, 
механизмдерді, көлік құралдарын əрекетке келтіру үшін, яғни, оны 
механикалық энергияға түрлендіру үшін пайдаланылады. Бұл 
түрлендіру электр машиналары – электрлі қозғалтқыштармен іске 
асырылады. 
Электрлі қозғалтқыш – жұмыс машиналарының электрлі 
жетегінің негізгі элементі. Электр энергиясының жақсы басқарылуы, 
оның бөлінуінің, жеткізілуінің жəне электрлі қозғалтқыштар арқылы 
механикалық энергияға түрлендірілуінің қарапайымдылығы электр 
жетегінің басқа жетек түрлерімен салыстырғанда басым болуына 
əкелді. 
Электрлі қозғалтқыштар көлікте, электровоздардың, электрлі 
пойыздардың, троллейбустардың жəне басқалардың дөңгелек 
жұптарын айналдыратын, сүйрегіш қозғалтқыш ретінде кеңінен 
қолданылады. 
Соңғы уақытта қуаты аз электр машиналары – қуаты үлестен 
бастап бірнеше жүздеген ватт дейінгі микромашиналардың 
қолданылуы айтарлықтай өсті. Мұндай электр машиналарын құрал 
жасауда, 
автоматты 
жүйелерде, 
тұрмыстық 
техникада 
(шаңсорғыштар, тоңазытқыштар, желдеткіштер жəне басқа) 


99 
пайдаланады. Бұл қозғалтқыштардың қуаты үлкен емес, құрылымы 
қарапайым жəне сенімді. 
Қазіргі уақытта электрлі машиналардың əр түрлі құрылымдық 
үлгілері бар, алайда, олардың басым көпшілігі жылжымалы 
бөлігінің жылжымайтын бөлігіне қатысты айналмалы қозғалысы 
принципімен жасалған. 
Егер электрлі машина генератор режимінде істесе, ротор 
айналуы кезінде (жетек қозғалтқышының əсерімен) жұмыс
орамында ЭҚК дəлделеді жəне оған тұтынушыны қосқан кезде 
электр тоғы пайда болады. Бұл ретте жетек қозғалтқышының 
механикалық энергиясы тұтынушыда шығындалатын электр 
энергиясына өзгереді. Егер машина электрлі қозғалтқыш ретінде 
жұмыс істеуге арналған болса, машинаның жұмыс орамы желіге 
қосылады. Бұл орамда пайда болатын тоқ қозудың магнитті өрісімен 
өзара əрекеттесіп, роторда оны айналдыратын электромагнитті 
күштер туындайды. 
Бұл ретте қозғалтқыш желіден тұтынатын электр энергиясы 
қандай да бір механизмді, білдекті, көлік құралын жəне т.б. əрекетке 
келтіру үшін шығындалатын механикалық энергияға түрленеді. 
Электрлі машиналардың əрекет ету принципі электрлі жəне 
магнитті құбылыстар заңдарына: электромагниттік индукция заңы 
мен Ампер заңына негізделеді. Электромагниттік индукция заңының 
электрлі машинаға қатысты мəні өткізгіштің магнитті өріс бойынша 
v
жылдамдықпен В магнитті индукция векторына перпендикуляр 
бағытта қозғалуы кезінде, онда ЭҚК ықпалдандырылуында. 
Е = Blv, 
 
мұндағы 

— өткізгіштің белсенді ұзындығы, яғни, магнитті өрістегі 
оның жалпы ұзындығының бөлігі. 
Егер өткізгішті тұйықтаса, бұл өткізгіште I электр тоғы пайда 
болады. Бұл тоқтың сыртқы магнитті өріспен өзара əрекеттесуі 
нəтижесінде 
өткізгішке 
Ампер 
заңы 
бойынша 
анықталатын 
электромагниттік күш əсер ете бастайды: 
F
эм
= BlI 
 
Бұл күш өткізгішті қозғалтқан F сыртқы күшінің алдынан шығуға 
бағытталған. Күш өткізгішінің біркелкі қозғалуында, өткізгішке əсер ететін 
күш: 
F = F
эм 


100 
Электр машиналарының басым бөлігі электрлі қозғалтқыштар 
ретінде, аз бөлігі – генераторлар ретінде пайдаланылады. Ауыспалы 
тоқ 
генераторлары 
басты 
түрде 
электр 
станцияларында 
пайдаланылады. Әдетте ол ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған 
мегаваттармен өлшенетін, өте үлкен дара қуатты электр 
машиналары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет