ы, і дыбыс таңбалары туралы «Жанғазыға
хатында» (1936) автор орыс тілінен енген сөздердегі
ы, і -лерді қысқарту
жағын көп ойластырады. Сондай-ақ қазақ тілінің бір буынды төл сөздерінде
ы/і таңбасын салып, екі буындыда түбірдегі қысаңды түсіріп жазуды
ұсынады:
біл – блек, қыр – қрау, ыс – стау .
1936 жылы мәдениет құрылысы қызметкерлері съезінде қазақ әліпбиі
мен емлесін жақсарту жөнінде Қ.Жұбанов ұсынған пікірлерді былайша
топтастыруға болады: 1) халықаралық және орыс тілінен енген терминдерді
орысша жазылуына жақындатып таңбалау; 2) қосар
ьj, іj, уv деген төрт
таңбаның орнына жалаң
і, v әріптерін жазу; 3)
ь, j (осы күнгі
ы, і ) әріптерін
жазуды біраз тежеу; 4) кіріккен сөздерді қосып жазу.
Бүгінгі қазақ орфографиясындағы бір қиындық екінші буындағы
ә әрпінің жазылуы болса, Қ.Жұбанов оны: «
Көп буынды түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың а-ә екені дүдамал болса, немесе дүдамал болмай-ақ, анық ә дыбысы болса да, қосымша жуан түбірге жалғанғандағыдай жуан айтылады да, а мен е , қ мен к, ғ мен г бір келетін қосымшаларда а, қ, ғ жазылады. Оңайлық үшін ондай түбірдің соңғы буынына да ә жазылмай, а жазылады :
кітапқа (кітәпке емес)», – деп
шешкен. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы жазуда лингвалды үндесім құбылысын
таңбалау арқылы және ұяң дауыссыздарға артықшылық беру арқылы тілдің
ерекшелігін айқындаса, Қ.Жұбанов тілдің қысаң емес, ашық сипатын,
жіңішке емес, жуан сипатын таңбалауды дұрыс көрді. Бұл қағида қазақ
жазуының бүгінгі проблемасына қатысты. ҚТОС-тың (Қазақ тілінің
орфографиялық сөздігі) 1964 жылғы басылымы бұл қатарды Қ.Жұбановтың
пікіріне сүйеніп,
күшала, дүдамал, ділда, күнә, кінә сияқты сөздерді
а- мен
таңбалады. Кейін жазу практикасымен ОС (Орфографиялық сөздік) арасында
қайшылық туған соң, алдыңғысы ескеріліп, ҚТОС-тың кейінгі басылымдары
ә- мен қалыптандыра бастады. 2001 жылғы сөздік тек барыс жалғауын ғана
жуан вариантта, басқа қосымшаларды жіңішке формада жалғауды ұсынды.
Ал ғалымның кірме сөздердің емлесі жайлы айтқан пікірлері арнайы
сөз қылуды қажет етеді. Өйткені бүгінгі таңда жаңа латын графикасына көшу
177
қарсаңында немесе орыс графикасынан (кирилл қарпінен) бас тартудың
себебін іздеу барысында, жоғарыда ескерткендей, Қ.Жұбановтың қазақ
тілінің даму бағыттарына тигізген ықпалы көрінеді. Ғалым «
шеттілдік сөздерді орыс тіліндегі орфографиясымен қоса қабылдауды ұсынды, бұл ұсыныс қолдау тауып, қазірде біз екі түрлі алфавит, екі түрлі орфография пайдаланамыз: қазақ тілінің төл сөздерін таңбалайтын және шеттілдік сөздерді жазу орфографиясы. Жазылған сөз ішінде