ө, ә, j (й) таңбаларын шығарып,
һ әрпін
<ғ> фонемасына беруді ұсынады. Ал
j -ді
і дауысты дыбыс әрпімен,
v -ны
u -мен беруге болады дейді. Сөздің
жіңішкелігіне дәйекшеден басқа
і, к, g әріптері де қарақшы (маркер) бола
алатынын көрсетеді. Сонда Қ.Жұбановтың әліпби құрамынан алып тастауға
болады деген таңбалары мыналар болды:
ө, ә, j, ғ, v . Және
ұу, үу, ый, ій қосар таңбаларының орнына бір таңба алуды, дәйекше қызметін
пайдалануды ұсынады. Сөз болып отырған қазақ латын графикасының
кемшілігі деп, «сызылған»
ө, «құйрықты»
ç, ŋ, «аударылған»
е (
ә ),
«созылған»
g (
q ), «белі сызылған»
z таңбаларын атайды. Сөйтіп, «...
вместо прежних 13 букв по значению и 17 букв по числу знаков оставляются 7 букв, 7 знаков », – дейді. «
Сыз, сіз дегенде ы, і әріптері сөз дыбысталуының ғана жуандығы мен жіңішкелігін көрсету үшін тұрған жоқ, ол бүтін буынның жуан-жіңішкелігін көрсетуге қойылған қарақшы ».«
Жазуда буын сайын бір дыбыстың жуан-жіңішкелігін айырып таңбалағанда, әр буынның дауысты дыбысының ғана жуан жіңішкелігін айырып таңбалаймыз. Әрқайсысына екі әріп алып әурелемей-ақ, буын-буынның ғана жуандығын я жіңішкелігін айыртқандай бірақ белгі қоятын болсақ, әрпіміздің санын бүгіндегімізден де азайтып 26-ға түсіруге болар еді », – деді (1-кесте).
Ал кірме сөздерді жазғанда орыс тіліндегі түбірін сақтап, қосымшаны
қазақ тілінде жалғауды, сондай-ақ туынды кірме сөздердің жұрнағын қазақ
тілінде беруге болатынын ескертті
(федератировать – федерациялау). 1 кесте – Қ.Жұбановтың латын жазуына енгізген өзгерісі
1929 жылғы латын
жазуы
Қ.Жұбановтың
ұсынысы
1929 жылғы латын
жазуы
Қ.Жұбановтың
ұсынысы
a <а>
a<а><ә>
o <о>
о <о><ө>
ә <ә>
-
ө <ө>
-
b <б>
b<б>
p <п>
р <п>
c <ш>
c <ш>
r <р>
r<р>
ç<ғ>
ç<ғ>
s <с>
s <с>
d <д>
d<д>
t<т>
t <т>
e <е>
e <е>
u <ұ>
y <ұ><ү>
g <г>
g <г>
y <ү>
–
–
f <ф>
z<з>
z <з>
i <і>
i <й><и>
v <в>
v <в>
h <һ>
–
j <й>
i <і>
k<к>
к <к>
ь <ы>
ь<ы>
l<л>
L <л>
č <ж>
č <ж>
m <м>
m <м>
Uv
-
n <н>
n <н>
Yv
-
<н>
ŋ<н>
Ьj
-
q <қ>
q <қ>
Iy
-
175
Сонда бұрынғы 13 таңба 7 таңбаға дейін қысқарған: