Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


ғылыми, жүйелі, бірізді, белгіліден белгісізге, жеңілденауырға қарай



Pdf көрінісі
бет170/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

ғылыми, жүйелі, бірізді, белгіліден белгісізге, жеңілденауырға қарай
жетелейтін 
түсінікті, саналы, берік игерілетін болсын
деген оқыту принциптерін жүзеге 
асырмақ болған, 
индукция-дедукция 
әдістерін шебер пайдаланған.Ал 
ғалымның өзіне ғана тән ізденгіштік қасиет жаңа білімді 
ө
ткен білімнің 
үстіне жымдастыра қондыру, бүтіннен бастап бөлшекке қарай тереңдету, 
ұтымды 
салыстыру, 
көрнекі 
баяндау
әдістерін 
дүниеге 
келтіреді. 
Грамматиканың жүйесі арқылы да ол берілетін 
білімнің жаттанды
болмай 
сапалы, 
берік болуын, тіл табиғатымен ұштастыра
отыруын қарастырады.
Құдайберген Жұбанов
мектеп мұғалімдеріне көмек көрсетуді екі түрлі 
жолмен жүзеге асыру қажет деген, бірі – тікелей мектепке келіп 
көмектесу, екіншісі – хат-хабар арқылы көмектесу немесе аулақтан 
оқыту.
Аулақтан оқыту немесе дистанциялық оқыту әдісі – қазіргі заман 
талабы. Дистанциялық оқытудың мынадай мүмкіндіктері бар:
 
1.Педагогикалық кадрлардың білім дәрежесін көтеру және сырттай оқыту 
жүйесін ұйымдастыру; 
2. Әртүрлі мектептердегі, аймақтардағы әр алуан елдердегі ғылыми және 
оқу орталықтарының оқушыларын, мұғалімдерін, студенттерін жан-жақты 
біріккен зерттеу жұмыстарына ұйымдастыру; 
3. Білімді өз бетінше меңгеруге көмектеседі. 
Әдіскер өз заманындағы педагогикалық ой-пікірден біраз алға кетіп, 
мұғалімнің оқушыға білім беріп қана қоймай, оны тұлғалық жағынан 
қалыптастырушы екендігін де атап көрсетті. Ал оқушыны тұлғалық жағынан 
қалыптастыру мен дамыту қазіргі оқыту технологияларының басты мақсаты 
екені белгілі. 
Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру 
мазмұны жаңарып, білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге 
келді, дамыта оқыту жүйесі енгізілді. Оның негізгі шарты – оқушының ақыл-
ойын тәрбиелеу, баланы өмірге үңілдіру, оны өз бетімен білімін толықтыра 
алатын дәрежеге жеткізу.


276 
Қазіргі дамыта оқытудың басты идеясын тілші-ғалым Құдайберген 
Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» еңбегінен кездестіруге болады. 
Көреген ойшыл ғылым-білімге шөліркеп келген қазақ еліне жаңа заманда 
ойланып оқитын, ізденіп оқитын,ой еңбегін меңгерген оқушы тәрбиелейтін 
жаңа үлгідегі оқулық қажет деп есептеген. Оның грамматикасының басқа 
оқулықтардан өзге болу себебі де осында. Оқулықбасталған жерден-ақ 
оқушыларға ізденіс жолын нұсқайды. Талдау-жинақтау әдісі арқылы тілді 
зерттеп білуді үйретеді. Ал тіл материалдарын сатылап жүйелі ойлау 
машығына 
төселдіреді. 
Салыстыру, 
көрнекілік 
әдістері 
өмірдегі 
құбылыстарға үңілдіреді, болмыс сырына қызықтырады, шәкірттердің 
білімге деген құштарлығын арттырады, оларды ойланып, ізденіп оқуға 
жетелейді. 
Әдіскер-ғалым Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығынан 
қазіргі әдіскерлеріміз кең қолданып жүрген 
деңгейлік тапсырмалар арқылы 
дамыта оқыту әдісінің
элементтерін байқауға болады. Оқулық құрылымы әр 
оқушының белгілі бір тақырып бойынша жүйелі білім алуы үшін белгілі бір 
деңгейдегі тапсырмаларды орындау қажеттілігіне негізделеді. Егер оқушы аз 
уақыттың ішінде көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының қабілетін, 
белсенділігін, іскерлігін, ал ұстаздың шеберлігін көрсетеді. Мұндай жұмысты 
жүзеге асыру үшін мұғалім оқулыққа сүйене отырып, өз сабағын ғылыми 
түрде ұйымдастыруы керек. Оқытуды ғылыми ұйымдастыра алмаған мұғалім 
деңгейлік тапсырмаларды да орындата алмайды. Оқытушы педагогикалық 
заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, оқу технологиясының талаптарын да 
неғұрлым жақсы орындатады. Сөйтіп, деңгейлік тапсырмаларды орындау 
барысында жақсы оқитын бала зерікпейді, орташа оқушы бос отырмайды, ал 
нашар оқитын оқушы бос көшіре бермейді. Бұл әдіс қазақ тілі сабақтарында 
өз дәрежесінде жүргізілсе, жақсы нәтиже беретінін кезінде профессор 
Қ.Жұбанов атап көрсеткен. 
Сонымен қатар, оқулықта қазақ тілінің сөз байлығын меңгеру ұлттық 
дүниетаныммен қатар жүргізіледі. Мысалы, 
қарны ашып, қазанның қақпағын 
аша берген баласына анасы: «Ақылды бала қазанның астына қарайды, 
ақылсыз бала үстіне қарайды», – деген мақал айтып, – баланың алдына 
проблема қояды. Бұл – түйін. Түйінді дұрыс түсінген бала қазанның астына 
от жағады, түсінбеген бала қақпағын аша береді. Ал анасының балаға өз 
ақылын тура айтпай, жанамалап айту себебі – проблеманы баланың өзіне 
шешкізу.
Олай болса, қазақ тілі сабақтарында халқымыздың көп жылдық 
тәжірибесі 
мен 
дүниетанымынан 
туған 
мақал-мәтелдер 
негізінде 
оқушыларды тауып сөйлеуге баулу, бала алдына проблема қоя білу – 
Қ.Жұбанов оқулығының ерекшелігі.
Әдіскер-профессор Қ.Жұбанов қазақ тілін оқушы қауымға түсінікті 
тілмен жеткізе отырып, оның барлық қырын ашып көрсетеді. Ғалым 
еңбегінің осы күнге дейін өзінің құндылығын жоймай келе жатқанының 
басты себебі де осында. 


277 
Педагогика ғылымдарының кандидаты Р.С.Рахметова «Құдайберген 
Жұбанов зерттеулеріндегі жаңа технологияның нышандары» атты 
мақаласында жаңашыл педагог ғалым Ш.А.Аманашивили мен қазақ тіл 
білімінің негізін салушылардың бірі, түркітанушы, педагог, мемлекет және 
қоғам қайраткері Құдайберген Жұбановтың еңбектерін салыстыра келіп, екі 
әдіскердің пікірінде де ұқсас тәсілдердің бар екенін айтады. Оқушыға 
түсіндірілетін материалды оның қабылдауына бейімдеп, сатылы даму 
принципімен, жеңілден күрделіге қарай өтумен ұсынылғаны тиімді екені 
айтылады (137). 
Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Құдайберген Қуанұлы 
Жұбановтың ғылыми еңбектерінде 
ұлттық дидактика мәселелері
жүйелі 
түрде сабақтастықпен берілген. Ғалым өзінің зерттеулерінде оқытудың 
мазмұны, оқудың принциптерін, ұйымдастыру түрлерін, әдіс-тәсілдерді жан-
жақты қарастырған. 1930-1935 жылдар аралығында жазылған морфология, 
синтаксис туралы құнды еңбектерінде тілші жоғары оқу орындарына 
арналған бағдарламалар мен оқулықтарды ұлттық дидактика талаптарына 
сай, оқу жылының әр кезеңдеріне арнап жүйелеп берген. 
Ғалым-әдіскер мектепте бала ұғымына, жоғары оқу орындарында 
студенттердің түсінігіне лайық жеңілден ауырға, дарадан күрделіге қарай 
сатылы түрде сабақтастықпен оқыту принциптерінің сақталуын талап еткен. 
Қ.Жұбанов еңбектерінде басшылыққа алынған ұстанымдар туралы 
Мүсилима 
Жұбанова 
«Құдайберген 
Жұбанов 
ұлттық 
дидактика 
проблемалары хақында» атты еңбегінде мынадай пікір айтады: «Оқытудың 
ұстанымдарын сөз еткенде, Қ.Жұбанов еңбектерінен көзге айқын 
шалынатындары: 
саналылық, жүйелілік, түсініктілік 
және
 білімнің беріктігі. 
Бұл ұстанымдар бір-бірімен тығыз байланысты. Оқытушы тарапынан 
берілетін білім түсінікті болса, оқушы оны саналы түрде меңгереді. 
Жаттанды болмай, саналы түрде игерілген білім уақыт өте келе, тез 
ұмытылып қалмайтындай берік те болады. Осы айтылғандар жүзеге асу үшін 
ғылымның жүйесі мұқият сақталуы, сабақтың құрылысы, түсіндіру әдістері, 
бекіту дұрыс болуы қажет.
Саналы білімнің пайдасы – ол адамның өміріндегі қажетін өтеуге 
жарайды. Аталған ұстанымдар жүзеге асуы үшін сабақта түрлі әдіс-тәсілдер 
қолданылады. Оқулық соған жағдай жасайды. Біз сөз етіп отырған «Жаңа 
грамматикадан» осындай ұтымды сәттер айқын байқалады. Демек, мұның өзі 
– оқулықтың 
жетістігі 
деп саналуы қажет». 
Профессор-педагог Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімінің фонетика, 
морфология, синтаксис және т.б. салаларына қосқан үлесі өз заманынан озық 
болуымен қатар, қазіргі кезде де маңызды саналады. Дегенмен, тіл ғылымы 
жетістіктерінің оқулықтан орын алуы – оқыту ісінің бір ғана жағы. Ал оның 
екінші жағы – «пәнді дұрыс білім беруге лайықты етіп блоктық принциппен 
жүйелеу, материалды оқулыққа тиімді орналастыру, көкейге қонымды» етіп 
ұсына білу шеберлігі». Істің осы екінші жағы дұрыс шешілмейінше, оқыту 
проблемасы да шешілмек емес. Қ.Жұбанов мұны өте жақсы түсінген. «Оның 


278 
қазақ тілін оқыту ісіне қатысты жаңалығы, әдіскер-педагог ретіндегі 
шеберлігі «Жаңа грамматикасынан» айқын көрінеді. Қазақ тілін оқытудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет