279
бастауышты оңай тауып алуға болады
», –дейді.Оқушыларға сөйлемнің
бастауышын, баяндауышын және айқындауышын меңгертіп алғаннан кейін
тілші арасына бірнеше тақырып салып, «анықтауыш пен толықтауышты»
түсіндірген дұрыс деп есептейді. Оқулыққа үңіле қараған адам оның өн
бойынан біріне-бірі жол сілтеп тұрған өтпелі сатыларды көрері даусыз.
Сатылап түсіндіру оқушылардың ойлау жүйесін дамытады, есте сақтау
қабілетін арттырады және білімді жүйелі түрде меңгеруге көмектеседі. Оқу
үдерісі осылайша сатылы ұстанымға негізделіп, ал талдау мен жинақтау әдісі
қазақ тілінің өз заңдылығына
сай қолданылса, сабақ мақсатына толық жетеді.
Профессор Қ.Жұбанов жай сөйлем түрлерін және құрмалас
сөйлемдерді оқыту бағдарламасында олардың әрқайсысына сағат бөліп,
тыныс белгілерін де бірге үйретуді көздейді.
Қ.Жұбанов күрделі сөзжасам тәсілдерін ғылыми тұрғыдан негіздеп
қана қоймай, оқушыларға түсінікті қабылдату үшін сөздердің күрделену
қағидаты туралы оқытушы басшылыққа алатын әдістемелік нұсқау береді,
ережелерін түсіндіреді.
Оқыту барысында салыстырудың тигізер пайдасы мол екендігі ақиқат. Біз
сөзетіп отырған оқулықта
салыстыру әдісі
молынан
және ұтымды
пайдаланылған. Бұл әдіс, әсіресе, оқулықтың алғашқы бөлімдерінде көрініс
тапқан. Ғалым «сөз бөлшектері» деген тақырыпшаны түсіндіруде: «
Сөз
бөлшектерінің кітап, әңгіме сияқты ірілері болсын, әріп, дыбыс сияқты
ұсақтары болсын, қай-қайсысы да, бітулі киімдей айналасы көмкерілген бір
бүтін нәрсе. Сөйте тұра, бұлардың бүтіндігі біртұтас, сом бүтіндік емес;
киімнің өңір, шабу, артқы бой, жең, жаға бөлшектерден құралатыны
сияқты, әр бөлшектердің өзінің ішкі бөлшектері бар; әрқайсысы сол ішкі
бөлшектерден қиындалып, құралып барып жасалады
», –дейді. Автор одан
әрі сөз бөлшектерінің бірігуін де салыстыра көрсетеді. Оқушыларды өмірге,
еңбек үдерісіне үңілдіре отырып, күнде көріпжүрген
немесе көруге,
бақылауға болатын мысалдарға жүгіне отырып, олардың тіл құрылымдарын
(сөздерден сөйлем; дыбыстардан сөз құралатынын) түсініп, меңгерулеріне
жол ашады. Ал,
Достарыңызбен бөлісу: