280
материал
», – деп бірде талдап, бірде жинақтап ойын қорыту жолымен
сөздің,
сөйлемнің, сөйлеудің
ішкі құрылысын, бірінен-бірі жасалатынын тұрмыстан
алынған нақты мысалдармен салыстыра түсіндіреді. Бұдан әрі ғалым-ұстаз
сөзді, сөйлемді
т.б. дұрыс құрай білу үшін шәкірттерге олардың сыр-сипатын
білгізу шарт дейді. Осыған орай ол оқулықта тағы бір салыстыру береді. Бұл
жолы да автор грамматикалық құбылыстарды білгізуді өмірдегі еңбек
үдерісімен салғастыра бақылатудан бастайды. «
Бұйымды дұрыс жасап шығу
үшін оның қалай жасалатынын, оның қандай материалдан жасалатынын,
ол материалдың сыр-сипатын білу керек. Темірден құрап жасайтын да,
ағаштан құрап жасайтын да бұйымдар бола береді. Темірді пісіріп, ағашты
желімдеп ұстатамыз. Темірді ағашша желімдеп; ағашты темірше пісіріп
ұстататын болсақ, материалдардың сыр-сипатын, қалай құрастыру әдісін
білмегеніміз болады
», –дейді профессор Қ.Жұбанов. Айқын да көрнекі
мысал. Оқушыларды ойландырып, олардың санасында із қалдырарлықтай!
Материалдың сыр-сипатын білмеген адам «темірді желімдеп, ағашты пісіріп
дегендей» теріс әрекет жасайтыны оқушыларды ойлантып,
қолындағы
материалдың тегіне үңіле қарауға мәжбүр етеді. Сайып келгенде, бұндай
салыстыру оларды сөздің сыр-сипатына баса назар аударуға жетелейді.
Ғалым-педагог: «
Сөз бұйымын дұрыс жасап шығу үшін де, оның жасалу
жолын материалының сыр-сипатын білу керек. Білмесе, мұнда да темірді
желімдеп, ағашты пісіргендей нәтиже шыға береді
», – деп, түпкі мақсатын
салыстыру арқылы жеткізеді. Осылайша тілдің зандылықтарын өмірмен
өзектестіре ойланып түсінген оқушылар грамматиканың фонетика,
морфология, синтаксис салаларындағы материалдарын оңай меңгереді деп
есептеген автор. Салыстыру әдісі тек бірінші бөліммен ғана шектелмейді.
Автор қажет деп тапқан жерде үйлесіміне
қарай салыстыру әдісін
грамматиканың басқа бөлімдеріне де пайдаланады. Мысалы, сөйлем
мүшелерін өтіп жатқанда барлық (тұрлаулы, тұрлаусыз) мүшелері түгел
сөйлемді басы, аяғы, қолы, дене мүшелері түгел адаммен салыстырады. Ал
бір ғана сөзден тұратын сөйлемді қол-аяғы жоқ, домалақ денемен
салыстырады. Грамматиканың фонетика бөлімінде тіл дыбыстарының пайда
болуын әр түрлі музыкалық аспаптардың үн шығару қасиетімен қатар қойып,
өзара ұқсастырады. Табиғаттағы
Достарыңызбен бөлісу: