Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


таным  үдерісі– тілші айтқан  өмірге үңілдіру



Pdf көрінісі
бет174/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

таным 
үдерісі– тілші айтқан 
өмірге үңілдіру;
-
проблемалы оқыту 
– оқушы алдында проблема қоя оқыту;
-
пәнаралық байланыс 
– бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал 
ету;
-
дамыта оқыту 
– жүйелі ойға төселдіру;
-
тіл дамыту 
– сөзбен суреттеп көрсетудің т.б. негізгі бағыт-бағдарымен 
сәйкес келеді.
Қ.Жұбановтың бұл әдістемелік көзқарастарында қазіргі таңда 
қолданылып жүрген танымдық та, коммуникативтік те, ақпараттық та 
құзыреттіліктерді қалыптастырудың бастамасы жатқанын аңғару қиын емес. 
Олай болса, соңғы кездері айтылып, жиі қолданылып жүрген әдістемелік 
әдіс-тәсілдердің тамыры тереңде екенін профессор Қ.Жұбановтың ғылыми-
әдістемелік мұралары дәлелдеп отыр. Оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін 


283 
пайдалану қай кезде де оқу үдерісін ізгілендіру талаптарын жүзеге асыруға, 
оқушыларды оқу әрекетін өз бетімен жоспарлауға, өзін-өзі бақылауға және 
толықтыруға үйретеді.
Құдайберген Жұбанов сынды әмбебап ғалымның, алып ойшылдың 
оқыту 
ісіне 
байланысты 
лингводидактикалық 
және 
әдістемелік 
тұжырымдарын тиянақтап, жүйелеу, оның еңбектеріндегі өміршең 
идеяларды жаңа уақыт тұрғысынан зерделеп, таныту қазіргі заман талабына 
лайық ұлт зиялылары қалыптастырған қағидаларды қайта жаңғыртып 
қолдану бағытындағы ұтымды жол болып табылады. «Сүйер ұлың болса, сен 
сүй, сүйінерге жарар ол», – деп Абай айтқандай, даналығымен даралығын 
танытқан, тереңдігімен тұшымды тұжырым жасаған, ұлтының болашағын 
тәрбиелеуге қатысты қарымды да құнды ой қалдырған Құдайберген 
Жұбановтың педагогикалық еңбектерін зерделеу нәтижесінде ұлттық 
педагогика ғылымының қазынасы одан сайын толыға берері даусыз. 
Тәлімгер тілмаш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет