Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


қой  сөзінің баламасы жоқ. Олардың  овца



Pdf көрінісі
бет176/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

қой
 сөзінің баламасы жоқ. Олардың 
овца
 дегені 
«саулық», 
баран
дегені «қошқар». Орысша 
корова
– сауын сиыр; 
рогатыйскот
– мүйізді мал; 
толстый
дегені бірде – жуан, бірде – қалың; 
лошадь
– жылқы; бірақ 
ат, байтал, айғыр
емес... ...Ал біздің 
ісек, тұсақ, 


286 
құнан, құнажын, дөнен, дөнежін
деген сөздеріміз басқаларда жоқ. Қазақ 
синий, голубой, зеленый
деген түстердің бәрін 
көк
дейді. Адайларда, 
арабтарда түйе түлігінің аттары көп. Еділ, Каспий (Атырау) бойының 
қазақтары балық түрлерінің аттарын көп біледі. Демек, қолданылмаған 
затқа ат жоқ. Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, 
олардың әр затқа қоятын аттары да түрліше. Тіл ұзақ заман жасалады, 
бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты
». Ғалым осылайша 
толып жатқан тілдік деректерді салыстыра, салғастыра келіп, түркі 
халықтарының мал атауларына қатысты ұғымдарының кеңдігін көп жағдайда 
көшпелі өмір формасымен, негізгі кәсібі – мал шаруашылығына жетік 
болуымен байланыстыра қарайды. Малдың жасына, түсіне, жынысына, 
мінезіне, басқа да ерекшеліктеріне қатысты лексикаға бірден-бір бай халық – 
көшпелі түркілер екендігі сөзсіз. Мәселен, бізде бір ғана жылқы малының 
түр-түсі мен жас ерекшелігін атайтын лексемалардың өзі ұшан-теңіз деуге 
болады (90, 53-58). 
Профессор Қ.Жұбановтың көрсетіп кеткен проблемаларының бірі – 
аудармадағы мәнмәтін (контекст) мәселесі мен мәнмәтіндік баламалар. Бұған 
Қ.Жұбановтың «Головокружение от успехов» атты Сталин мақаласының 
аудармасына берген рецензиясынан алынған мына бір үзіндіні мысал ретінде 
келтіреміз: «
Слово «көңіл» представляет из себя совершенно правильный 
перевод русского «настроение» хотя бы втакой фразе: «У больного очень 
хорошее настроение». Но оно совершенно не годно для «настроения» в 
предложении «Повести решительную борьбу с этими опасными и вредными 
для дела настроениями и изгнать их вон из партии» /8 стр., строки 13-15 
оригинала/. Слово «борьба» в этой фразе также не может быть передано 
через «kyres» /цирковая борьба/ /күрес/. Точно также «вести» – gyrqizu в 
отдельныхслучаях, но «вести борьбу» не может бытьпереведено через 
«kyresgyrqizyu /күрес жүргізу/. По-казахски слово «kyres» требует форму 
сприставкой «menen» и никогда – формы дательного падежа сслужебным 
словом «qarsь» /қарсы/. Поэтому нельзя считать правильным перевод 
приведенного предложения в редакции: «bisdin isterimis ycin qavьpt cana 
zьjandь kөңіlge qarsь batьl kyres cyrgizip, mundajlardь partьja icinen alastap 
cьgaruv» /біздің істеріміз үшін қауіпті және зиянды көңілге қарсы батыл 
күрес жүргізіп, мұндайларды партия ішінен аластап шығару
». 
Ғалымның бұл пайымдауларынан мынадай ой түйеміз: белгілі бір 
мәнмәтінде ұтымды және дәл қолданылған сөз баламасы, келесі бір жағдайда 
керісінше, ұтымсыз, тиімсіз болуы мүмкін. Бұдан сөз баламасын таңдау 
барысында мәнмәтіннің шешуші рөл атқаратындығы анық көрінеді. Сөз 
мағынасы мәнмәтін арқылы айқындалып, сол мәнмәтін көлемі керек ететін 
ұғымды толық жеткізу мақсатында қолданылуы қажет. 
Қ.Жұбанов өз тәжірибесінде аудару барысындағы жеке сөздер мен сөз 
тіркестерінің сөзбе-сөз аударылуына, кейде жуық мағынамен берілуіне, 
кейде тіпті сәйкес келмейтін баламалармен аударылуына үлкен мән беріп, 
аударма практикасында кездесетін қиындықтар қатарына жатқызады. 


287 
Ғалымсөз мағынасы әр уақытта мәнмәтінмен тығыз байланыста болатынын 
көрсетіп берді. Тұрақты /заңды/ баламалармен қатар мәнмәтіндік 
баламаларды қолдану аударманың сапалы шығуына тигізетін әсері 
дәлелдеуді қажет етпес, сірә. Ғалымның бұл мәселе төңірегінде айтқан 
пікірлерінен тағы да бір үзінді келтіре кетейік:
 «Слово» «школа в фразе» эти 
районы имеют за собой двухлетнюю школу борьбы с кулачеством ...» /стр. 
9, 2-4/ переведено через «mektep» /мектеп/, а в данном случае его следовало 
бы перевести через «sabaq» /сабақ/
...».
 
Байқап отырсақ, Қ.Жұбанов өз тәжірибесінде аудару барысындағы 
жеке сөздер мен сөз тіркестерінің сөзбе-сөз аударылуына, кейде жуық 
мағынамен берілуіне, кейде тіпті сәйкес келмейтін баламалармен 
аударылуына үлкен мән беріп, оларды аударма кемшіліктерінің бір себебі 
деп білген. 
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архивінен 
профессор Құдайберген Жұбановтың аударма мәселесі қамтылған 
қолжазбасы табылды. Аталмыш қолжазбада ғалым көркем, ғылыми және 
публицистикалық мәтіндерді аудару мәселесін көтереді. Көркем стильдің 
мысалы ретінде Ромен Ролланның «Жан Кристоф» романынан үзінді 
келтірілген. Ал ғылыми стильге Н.Рыбкиннің «Геометрия жөніндегі есептер 
жинағы» 
кітабынан 
аударылған 
сөйлемнің 
нұсқасы 
ұсынылған. 
Публицистикалық стильдің мысалы ретінде «Социалистік Қазақстанның» 
1929 жылғы нөмірлерінің біріндегі сөйлем алынған. Қ.Жұбанов орысшадан 
аударылған бұл сөйлемдерге сөздердің байланысу сұлбаларын келтіре 
отырып, жан-жақты талдаған.
Қ.Жұбановтың аударма саласына қатысты қарастырған күрделі 
проблемаларының енді бірі – аударманың лексика-стилистикалық және 
грамматикалық мәселелері. Ғалым аударманың қателіктері талдап қана 
қоймай, 
дұрыс 
аудармаларын 
да 
көрсетеді. 
Бұл 
мәселелердің 
қарастырылуына төмендегідей мысалдар келтіруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет