етті. Ал қару мен киімді олар өздері табуға тиіс болды. Сондықтан атты
әскерде негізінен ірі және орта жер иелері, ал жаяу әскерде шаруалар қызмет
етті.
Бағдат халифатының әскери қуаты жоғарғы деңгейде дамыды. Әскер
тек сыртқы соғыстарда ғана емес, ішкі көтерілістерді басып-жаныштауда да
пайдаланылды. Аббасилер дәуірінде халифат шекарасын кеңейткен жоқ. Тек
кейбір, бұрын тек формальді түрде халифатқа кірген аудандарды
(Табаристан, Усрушала, Кабулистан) біржолата халифат құрамына енгізу іске
асырылды. Кіші Азияда жыл сайын мұсылман әскерлері Византия
иеліктеріне шабуыл жасап, тұтқындар алып, малын айдап әкетіп отырды.
Аббаситтердің билікке келуінің маңызды салдарларының бірі
арабтардың
бұрынғы
артықшылық
жағдайынан
және
билікке
монополиясынан айрылуы болды. Мұсылмандардың бәрі, арабы бар, араб
емесі бар іс жүзінде құқықтық жағынан теңестіріледі, мұның өзі халифаттың
шығыс бөлігінің тез қарқынмен исламдануына ықпал еттті. Халифат арабтар
империясынан ислам империясына айналды. Шынында да, адам статусын
анықтағанда діни сенім этникалық ерекшеліктен маңыздырақ болды.
Сонымен, VIII-IX ғғ. Аббасилер халифаты қуатты орталықтандырылған
феодалдық-бюрократиялық мемлекет болды.
Достарыңызбен бөлісу: