бір
әмірлікке біріктіріліп, ол Осман халифтің туысы, Омейядтар әулетінің
өкілі Муавияның басқаруына беріледі. Сөйтіп, жорықтар басталғаннан төрт
жыл уақыт өткенде арабтар сол дәуірдің ең бай елдері – Месопотамия, Сирия
және Палестинаға ие болды. Византия Халифатқа алым төлеуге міндеттелді.
638 жылы арабтар «қасиетті қала» – Иерусалимді, 638-648
жылдар
аралығында Египетті басып алды. Иерусалимнің алынуы ерекше маңызға ие
болды, өйткені бұл қала христиандар үшін де, мұсылмандар үшін де қасиетті
қала (қасиетті қала деп діни маңызы бар қалаларды атаған) болып саналатын.
658 жылы арабтар Закавказье жерлерін бағындырып, хазарлардың жерлеріне
шығады.
Осындай кең ауқымды сыртқы жаулаушылық жүргізген алғашқы
«тақуа» халифтер, алайда өте қарапайым билеушілер болды. Олардың билігі
негізінен, мұсылман қауымына өз жеке үлгісімен басшылық жасауға сайды.
Алайда үшінші тақуа халиф - Осман Халифаттың құрамына кірген
аймақтарды тиімді басқару үшін, оларға наместниктер тағайындауды енгізді.
Ол ең бір маңызды аймақтарды өз туыстарына – Омейяттарға, атап айтқанда,
астыққа бай Сирияны Муавия Ибн Суфианға берді. Халықтан жиналатын
зекет салығына қосымша салықтар салына бастады. Осы жағдай халық
тарапынан алғашқы наразылықтарды туғызды.
Бұл наразылықты бірінші
тақуа халиф Әбу Бәкірдің ұлы Абдаллах басқарды. Көтерілісшілер 656 жылы
17 маусымда халифтің үйіне басып кіріп, оның биліктен бас тартуын талап
етті. Талап орындалмағандықтан олар Османды өлтірді. Османның өлімі
мұсылман қауымының бірлігін шайқалтып, ұзаққа созылған өзара қырқысты
бастап берді.
Османнан кейін билікке Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі
күйеу баласы, жақын сахабаларының бірі Әли келді.
Алайда оның билігін
Сирия наместнигі Мувия мойындамай, билік жолында күрес бастады.
Ақырында, 657 жылы маусым айында Халиф Әли мен Муавия әскері
Сиффин жазығындағы Ракка елді мекені маңында шайқас болды. Шайқастың
шешуші сәтінде, Әли әскері жеңіске жететіні анық болған кезде Муавия
Әлиді бітімге шақырды. Ол билік мәселесін бейбіт жолмен, үшінші, бейтарап
қазының шешуін ұсынды. Муавияның бұл ұсынысын Әли қабыл алды.
Әлидің осы келісімпаз позициясына наразы болған оның әскерінің бір бөлігі
(12 мың жауынгер) Әлидің қосынын тастап кетіп қалды. Олар хариджиттер
(араб тілінде әл-хаваридж - кетуші) деп аталып,
исламдағы ең алғашқы
жікшілдерге айналды. Әлидің бұдан кейінгі билігі осы хараджиттермен
күреске арналды және ақырында 661 жылдың 22 қаңтарында хараджиттердің
қолынан қаза тапты. Осыдан кейін бұрынға біртұтас мұсылман қауымы екі
партияға: Әли партиясы (шиа Әли) және басқа мұсылмандар (суниттер)
болып бөлініп кетті.
Достарыңызбен бөлісу: