жасай алмайды. Осы келісімнен кейін иудейлермен келісім жасалды.
Иудейлер мұсылмандармен бір қауым деп мойындалды, бірақ «иудейлердің
өз діні бар, мұсылмандардың өз діні бар». Иудейлерге мұсылмандардың
жауларына көмек көрсетпеу міндеттелді және
Мұхаммедтің рұхсатынсыз
соғыспай жүктелді. Бұл келісімдердің маңызын асыра бағалау мүмкін емес.
Бірінші келісімде мұсылмандардың ерекшеленуі, өздерін басқа адамдардан
бөлуі бекітілді. Аравия тарихында алғаш рет тайпадан жоғары жаңа
қауымның жарияланыу аса маңызды жағдай болды: мұсылмандар біртұтас
қауым болғандықтан, өз сыртқы жауларына қарсы және ішкі, тайпа ішіндегі,
басқа дінді ұстанушыларға қарсы бірігіп күреседі. Қылмыскерлер өз
руластарының қолдауына ғана емес, өз отбасының қолдауына да сүйене
алмайтын болды. Ендігі жерде қылмысы үшін тек жеке тұлғаның өзі ғана
жауап беретін болды. Мұның өзі рулар арасындағы өзара қырқыс соғысқа
шек қойды.
Сонымен, Ясриб қаласы ислам дінінің арабтар арасында үстем дінге
айналуына негіз болды. Жаңа дін ең алғаш рет осы қалада үстемдікке жетті.
Осы қалада алғашқы мұсылман қауымы – умма қалыптасты. Умма болашақ
Араб
мемлекетінің негізі, ядросы болды. Сондықтан да қаланың атауы
кейінірек Медине (қаланың араб тіліндегі толық атауы - Мадинат ан-Наби,
яғни Пайғамбар қаласы) деп ауыстырылды.
Ислам діні Мединеде үстемдікке жеткеннен кейін, Мұхаммед
пайғамбар арабтардың ең басты қаласы Меккені алуды мақсат етті. Өйткені
арабтар үшін діни және экономикалық орталық болған бұл қаланы исламға
қаратпайынша, жалпы Аравияда исламның орнығуы мүмкін емес еді. Күрес
меккеліктердің сауда керуендеріне шапқыншылықтардан басталып, бірте-
бірте нағыз соғысқа айналды. Мекке мен Медине арасында бірнеше
шайқастар өтіп, нәтижеде мұсылмандардың беделі арта түсті. Тарихшылар
бұл соғыстың барысындағы үш шайқасты ерекше көрсетеді: Әсіресе, 624
жылы Бадр түбінде өткен шайқаста мұсылмандар
ең алғаш рет ірі жеңіске
жетті. Осы алғашқы тамаша жеңіс Мұхаммед пайғамбардың және жалпы
мұсылмандардың арабтар арасындағы беделін барынша көтеріп тастады.
Мұсылмандарға Алланың өзі көмектесті деген сенім пайда болды. Өйткені
ежелгі арабтар арасында соғыс кез келген көкейкесті мәселенің әділетті
шешімі деп қарастырылатын (жалпы, ерте кезеңдерде барлық халықтар
арасында осындай түсінік үстем болған). Ашық шайқаста жеңіске жеткен
жақты Құдайдың өзі қолдады деген түсінік болған. 625 жылы өткен Ухуд
шайқасында Мұхаммед пайғамбар еңіл жарақат алады, сондай-ақ
пайғамбардың бұйрығын дәл орындамаған садақшылардың кесірінен шайқас
нәтижесіз аяқталады. 627 жылы болған Ор түбіндегі шайқаста (алғашқы
мұсылмандардың бірі Салман Фарсидің кеңесімен мұсылмандар Мединені
айналдырып ор қазып меккеліктерден қорғанған болатын) меккеліктер
одақтастарымен мұсылмандарға қарсы шабуыл жасап, бірақ ұзаққа созылған
қоршаудан кейін ірі жеңіліске ұшырайды.
628 жылы Мұхаммед пайғамбар Меккеге
кіші қажылыққа бармақшы
боп шешеді, алайда меккеліктер оның қасиетті қалаға келуінен қорқып, оның
алдынан келіссөз жүргізу үшін елшілер тобын жібереді. Келісім Меккенің
батыс шегіндегі кіші-гірім елді-мекен – Худейбияда жасалады. Келісім
бойынша мұсылмандар мен меккеліктер арасында 10 жылға уақытша бітім
жасалды. Келісім бойынша мұсылмандар келесі жылы Меккеге тәу етуге
келуге рұхсат алады. Меккемен байланысы бар араб тайпалары
Мұхаммедпен одақ жасауға рұхсат алды (тайпааралық соғыстарды жиі
жүргізетін арабтар арасында тайпалардың бір-бірімен одақтар жасау дәстүрі
болған еді). Алайда бұл келісім 1 жыл өткеннен кейін күшін жойды: 629
жылы желтоқсанда құрайыштар Мединемен одақтас тайпаға шабуыл жасап,
тонайды.
Осыдан кейін Мұхаммед пайғамбар Меккеге басып кіруге бел буады.
630 жылдың 12 қаңтарында мұсылмандар Меккеге еш кедергісіз, салтанатты
түрде кіреді. Меккеліктермен жасалған келісім бойынша Меккенің қасиетті
қала статусы сақталды, оған мұсылмандар жыл сайын қажылық жасауға тиіс
болды. Қағба барлық мұсылмандарға ортақ ғибадатханаға айналды. Бірақ
Қағбадағы барлық пұттар қиратылып, ғибадатхананың табалдырығының
астына тасталды. Меккеліктер мұсылман дінін қабылдауға міндеттелді.
Меккенің мұсылмандар алдында тізе бүгуі
пұтқа табынушылықтың толық
жеңілісін білдірді. Меккеге наместник және дін уағыздаушы мұсылман
қалдырылды, оның екеуі де құрайыштардан тағайындалды. Мұхаммед
пайғамбардың өзі Мединеге оралды.
Меккемен одақтас Таиф қаласы да ұрыспен алынды. Мекке мен Таиф
алынғаннан кейін араб тайпаларының елшілері, бірінен кейін бірі, мұсылман
дінін қабылдау үшін пайғамбар қаласы – Мединеге ағылып келіп жатты.
Сондықтан да 631 жыл ислам тарихында «елшілік жылы» деп аталады.
632 жылдың қаңтарында Мұхаммед пайғамбар Меккеге соңғы
қажылығын жасайды. Осы кезде исламдағы қажылықтың барлық рәсімдік
салт-жоралғылары қалыптасады. Қажылықтан кейін Мединеге оралған
пайғамбар, көп ұзамай науқастанып, сол жылы, яғни 632 жылдың
маусымында дүниеден өтеді.
Ислам тарихын зерттеуші ғалымдар
Мұхаммед пайғамбар өзіне
жүктелген тарихи миссияны толық орындады деп есептейді. Атап айтқанда
ол ислам дінін арабтар арасында орнықтырып, жалпыарабтық біртұтас
мемлекеттің негізін қалады. Ең бастысы ескі, тозығы жеткен пұтқа
табынушылыққа белшесінен батып, әбден іріп-шіріген араб қоғамын жаңа,
прогресшіл дін – ислам арқылы сауықтырып, арабтарды тағылықтан алып
шықты. Осының барлығы болашақ ислам өркениетіне негіз қалады.
Достарыңызбен бөлісу: