Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Мұхаммед пайғамбардың уағыздарындағы негізгі идеялар



Pdf көрінісі
бет21/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Мұхаммед пайғамбардың уағыздарындағы негізгі идеялар.
Мұхаммед пайғамбардың ерте уағыздарының өзінде мұсылмандарға 
қойылатын негізгі талаптар айқындала басталды. Біріншісі – Алланың бірлігі, 
яғни қатаң монотеизм және оның елшісінің пайғамбарлық миссиясын 
мойындау. Исламға дейінгі 2 мезгіл оқылатын дұғаның орнына 5 уақыт намаз 
енгізілді, намаз кез-келген таза жерде оқылады. Бірте-бірте бұл шарттарға 
ораза ұстау, садақа-зекет беру, Меккеге қажылық жасау қосылды.


Мұхаммед пайғамбарға түскен Құран сүрелері нақты жағдайларға 
байланысты, сол жағдайлардың шешімі ретінде орын алып отырды. Бұл 
сүрелерде араб қоғамының маңызды мәселелері қозғалып, Мұхаммед 
пайғамбардың барлық қағидалары бірте-бірте өмірде бекітіліп, заң сипатына 
ие болды. Байларды сынға алу, жеке меншікті бекітумен қатар жүрді. 
Мұхаммед пайғамбар сараңдықты айыптады, бірақ шектен тыс 
ысырапшылдықты да қоштамады, үнемшілдікке шақырды. Яғни ол кез 
келген істе орта тұсты ұстануды ұсынды.
Мұхаммед пайғамбар мойынсұну мәселесіне көп назар аударды. 
Құранның Ниса сүресінің 59-аятында: «Аллаға мойынұсыныңдар, Алланың 
елшісіне мойынұсыныңдар және өз араларыңдағы билік иесіне 
мойынұсыныңдар» - делінеді (Құран, 4:59). Бұл жерде кейін сунниттердің 
билік доктринасына айналған негізгі принцип жатыр. Исламға дейінгі 
Аравияның саяси қатынастар жүйесіне өзгеріс енгізіліп, тайпа одақтарына іс 
жүзінде тиым салынды. Мұхаммед пайғамбар уағыздарында отбасылық неке 
қатынастарына ерекше маңыз берілді. Ол индивидуалды отбасын 
орнықтыруға күш салды, алайда соған қарамастан полигамия сақталып 
қалды. Бірақ, ислам ер адамға 4 әйелден артық алуға тиым салды, мұның өзі 
ежелден полигамия үстем болған патриархалды араб қоғамы үшін 
прогрессивті құбылыс болды. Ежелгі араб дәстүріне қарсы әйел мұрагерлік 
құқыққа ие болды. Мұсылман заңы бойынша әйелге ерінің мүлкінің жартысы 
тиесілі болды. Бұл Аравияның әлеуметтік өміріне енген маңызды құбылыс 
еді. Левират (әмеңгерлік) жойылды.
Меккенің ірі сауда орталығы ретіндегі жағдайы және құрайыштардың 
көпшілігінің негізгі кәсібі сауда болуы Мұхаммед пайғамбардың саудаға 
ерекше назар аударуына ықпал етті. Саудамен айналысу Алла тарапынан 
рұқсат етілген кәсіп деп жарияланды. Пайғамбар адал сауда жасауға 
шақырды, таразыдан жеу ауыр күнә деп жарияланды. Алланың атынан 
өсімқорлықпен айналысуға тиым салынды. Мұсылмандардың өз қарыз 
міндеттерін дәл орындауы, кепілдікке, сондай-ақ жетімдердің мұрасы мен 
мүлкіне қамқоршыларының адал қатынас жасауы талап етілді. 
Қоғам өмірінде соғыс маңызды роль атқарып отырғандықтан, 
Мұхаммед пайғамбар бұл мәселені де назардан тыс қалдырған жоқ. Соғыс 
олжасының 5/1 бөлігі Аллаға, Пайғамбарға, құлдардың құнын өтеп, 
еркіндікке жіберуге, қарызға түсіп қалған кедейлерге, жетімдерге көмек 
қорына бөлінді. Олжаның қалған бөлігі жорыққа қатысушылар арасында 
бөліске түсті. Тұтқындарды құн төлеу арқылы босатып отырды. 
Мұхаммед пайғамбарға түскен сүрелерде Аравияда айтарлықтай 
орныққан әлеуметтік мекеме ретіндегі құлдыққа көңіл бөлінген. Құлдарды 
еркіндікке жіберу Аллаға жағымды іс деп жарияланды. Мұнымен де 
шектелмей, ол біреуге жала жапқаны, былапыт сөздер айтқаны, кісі өлтіргені
және т.б. күнәлары үшін жаза анықтауда мұсылмандарға өз құлдарын 
еркіндікке жіберуді тағайындады. Мұсылманның өз құлын еркіндікке 
жібергені жазбаша құжатпен бекітіліп, сондай-ақ бұрынғы құл дербес өмір 
сүруі үшін қажет қаражат та бөліп беруге тиіс болды. Алайда бұл құлдықтың 


жойылуын жариялауды білдірмейтін еді. Бұл шаралар, бір жағынан, 
құлдардың ислам дініне тартылуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан, 
әлеуметтік қайшылықтың жұмсаруына ықпал етті. Бұл тұста Мұхаммед 
пайғамбардың қоғамда қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерді шешуде 
радикалды жолды ұстанушы революционер емес, бұл мәселелерді бірте-бірте 
шешуді, жалпы қоғам дамуының эволюциялық жолын қолдаған реформатор 
болғандығын көрсетуге болады.
Исламға дейінгі араб қоғамында қанды кек алу арабтардың халық 
ретінде жойылып кету қаупін туғызған аса күрделі мәселе болған еді. 
Мұхаммед пайғамбар қанды кекті айыптап, жағдайдан шығудың ең оңтайлы 
жолы ретінде өлтірілген тайпаласы үшін құн төлеуді енгізді. Мұхаммед 
пайғамбардың 
уағыздарында 
көрсетілген 
барлық 
осы 
қағидалар 
мұсылмандардың қасиетті заңы – шариғаттың негізіне алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет