Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет28/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Бекіту сұрақтары: 
1. Ислам қарсаңындағы Арабияның саяси жағдайына талдау жасаңыз. 
2. Арабтардың исламға дейінгі діни дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз. 
3. Мұхаммед пайғамбардың діни қызметіне талдау жасаңыз 
4. Мекке мен Медине арасындағы негізгі шайқастардың барысы мен нәтижелеріне тарихи 
талдау жасаңыз. 
5. Жалпыарабтық мемлекеттің қалыптасуындағы исламның рөлін көрсетіңіз.
6. Халифат экономикасының негізгі салаларын көрсетіңіз. 
7. Мұсылмандық Ренессанс құбылысының мәнін ашыңыз. 
 
 
 
 
 
ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС 
VI ТАРАУ 
ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АРАБ ЕЛДЕРІ 
Аббасилік халифаттың ыдырауы.
IX ғ. аяғында халифаттың 
ыдырауының алғашқы белгілері байқалды. 788-789 жж. Әлидің шөбересі 
Ыдырыс, Меккедегі шииттердің кезекті көтерілісі басып тасталынғаннан 
кейін халифаттың қиыр батысына қашып барып, қазіргі Марокконың 
территориясында тәуелсіз мемлекет құрып, Идрисидтер әулетінің негізін 
қалайды. Келесі болып Аббасилердің тікелей бақылауынан Африка 
провинциясы (Ифрикия) шығады, оның наместнигі Ибрагим ибн Аглаб (800) 
бұрыннан-ақ үлкен артықшылықтарға ие еді, енді біржолата, іс жүзіндегі 
тәуелсіз мемлекетке айналды. 
Жалпы, Аббасилік халифаттың ыдырау үдерісі бір жарым ғасырға 
созылды. Бұл үдеріске бастама жасап берген халиф әл-Мамун болды. Өзінің 
қарсыласы әл-Аминмен күресте билікке өзінің қолдаушылары болған Иран 
феодалдарын тарта отырып, ол таза арабтық орталықтанған мемлекттің өмір 
сүруін тоқтатты. Осы кезден бастап наместник институтының маңызы арта 
бастады. Бастапқыда наместникті халифтің өзі белгілі бір уақытқа 
тағайындайтын. Ол халиф қазынасына салық төлеуге тиіс болды. Ал басқа 
істерде толықтай дерлік тәуелсіз болды. IX ғ. басынан бастап бұл жағдай 
сепаратистік ұмтылыстардың дамуына ықпал ете бастады. Кейбір 
наместниктердің орталықтан шалғайлығына байланысты наместник қызметін 
мұраға қалдыру практикасы іске асырыла бастады. 
Алғашқылардың бірі болып, жоғарыда айтып кеткен Солтүстік 
Африкадағы Аглабидтер (800-909), Хорасанда Тахиридтер (821-873), 
Мәуереннахрда Саманидтер (819-1005) жартылай тәуелсіз әмірліктері 
қалыптасты. IX ғ. екінші жартысында Египетте дербес Тулуниттер (868-905) 


әмірлігі қалыптасты. Ыдырау процесіне әр әмірліктің этникалық жағынан әр 
түрлілігі, жекелеген аудандар арасындағы дамыған экономикалық 
байланыстың жоқтығы ықпал етті.
Халифаттың әскери қуатын халық қозғалыстары да әлсіретіп жіберді. 
Мысалы, Оңтүстік Әзірбайжан мен Батыс Иранды қамтыған Бабек бастаған 
шаруалар көтерілісі 20 жылға созылды (816-837). Бабек бірнеше рет халиф 
әскерін талқандады. Көтерілісшілердің табыстары халиф әл-Мустасимнің 
әскерді қайта құруына ықпал етті (833-842). Феодалдардың әскери қызметіне 
негізделген араб жасақтарының қуаты күн санап кеми берді, сондықтан да ол 
енді халиф гвардиясысымен ауыстырылды. Гвардияның ядросын 
түріктерден, славяндардан және африкандықтардан шыққан құлдар - 
гулямдар құрады. Олар халиф сарайында тәрбиеленіп, білім алды. Гвардияға 
белгілі мөлшерде жалдамалы әскер де тартылды, негізінен таулықтардан 
(дейлемиттер) жасақталған жаяу әскер пайда болды.
Жергілікті халықпен жақындығы жоқ, тек халифке ғана берілген мұндай 
армия халық көтерілістерін тұншықтыруда да, бағынғысы келмеген 
вассалдардың бүліктерін басуда да қуатты күш болуға тиіс болды. Гвардия 
орасан зор көлемге дейін өсті (60 мың). Оның қолбасшылары құлдық 
жағдайдан мавали (клиент) дәрежесіне көтерілді. Көп жағдайда олар билік 
шыңына дейін жетіп, байлық пен күш-қуатқа ие болып отырды. 20 жылға 
жетпейтін уақыт ішінде бұл армия ешкімге бағынбайтын күшке айналып, 
мемлекеттік табыстың үлкен бөлігін өздеріне сіңіріп отырды. Халиф 
гвардияның қолындағы ойыншыққа айналып қалды. Түрік-гулямдар 861-870 
жж. халифатта өз үстемдігін орнатып, 4 аббасилік халифті бірінен кейін бірін 
ауыстырды. 
Сонымен бірге халифатта ішкі әлеуметтік қайшылықтар да шиеленісіп 
кетті. 869 ж. Оңтүстік Ирак пен Хузистанда африкандық құлдар-
зинджалардың антихалифаттық көтерілісі бұрқ ете түсті. Көтеріліс кармат 
діни-саяси ағымының туы астына бірікті, бұл қозғалыс әлеуметтік теңдікті 
жариялады, бірақ құлдықты сақтауды жақтады. Зинджа қозғалысы 14 жылға 
созылып, 883 ж. ғана басылып тасталды. Осының артынша бүкіл халифат 
аудандарында карматтық қозғалыс пен исмаилиттік үгіт-насихат өрістеді. 899 
жылы карматтар Бахрейнде мемлекет құрды. Бұл мемлекет ерікті егіншілер 
мен қолөнершілердің қауымы түрінде өмір сүрді. Негізгі тікелей өндірушілер 
қара нәсілді құлдар болды. Қауымдастар барлық салықтан босатылды. 
Кармат мемлекеті XI ғасырдың аяғына дейін өмір сүрді. 
900 жылы карматтық қозғалыс Сирияда өріс алды. Екі жылдан кейін 
қозғалыс басып тасталды. Бірақ көтеріліске қатысқандардың бір бөлігі 
Магрибке (Солтүстік-батыс Африка) қашты, бұл жерде IX-XI ғғ. аралығында 
исмаилиттік насихат елеулі болып тұрған еді. Исмаилиттік күштерді 
Сириядағы карматтық қозғалыс көсемдерінің бірі Убайдаллах басқарды, ол 
909 жылы Тунистегі берберлік Аглабидтер әулетіне қарсы көтерілісті 
басқарып, Аглабидтерді құлатқан берберлер Убайдаллахты имам-халиф әрі 
махди (құтқарушы) деп жариялады. Дәл осы кісіден Египеттегі фатимиттік 
әулет бастау алады. 


X ғ. 40-жылдарының ортасына қарай кең-байтақ Аббасилік империяның 
ізі де қалмады. Халифат Ирактың кішкентай ғана бөлігін, Бағдад пен оның 
маңын ғана алып қалды. 945 жылы шииттік Буиттер әулетінің басқаруымен 
таулық-дейлемиттер (945-1056) Аббасилік халифаттың астанасы Бағдадқа 
басып кіреді. 
Буидтердің жаулаушылық мүдделері Бағдадқа кірісімен-ақ бірден 
басылып қалды. Олар халифаттың әлеуметтік-саяси құрылысына 
айтарлықтай өзгеріс енгізген жоқ. Аббасилік халиф өз орнын сақтады, бірақ 
ол енді зайырлы билеуші емес, тек діни басшы болып қалды. Елдің іс 
жүзіндегі билеушісі Буиттер болды. Буиттер шииттік исламды 
ұстанғандықтан, басынан бастап-ақ қаланың сунниттік халқына қысым жасай 
бастады. Шииттерге артықшылық жағдайлар жасалды, сондықтан да екі 
ағымды ұстанушылар арасында ұзаққа созылған күрес басталды. Жалпы 
буиттердің билігі тұсында Ирактың жағдайы күн санап төмендей берді. 
Ақыры, 1055 жылы мемлекетті селжүктер еш қиындықсыз басып алған 
болатын.
Х


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет