көрініс тапты. Бұл соғыстардың жиілеуіне байланысты, әскери сословиені
қаражатпен қамтамасыз ету қажеттігінен туындады.
Фатимиттік Египет іс жүзінде қалалар елі болды,
қалаларда қолөнер
мен сауда дамыды. ХI-ХIII ғғ. Египет құжаттарында қолөнердің 265 түрі
көрсетіледі, ал бұның алдындағы византиялық дәуірде олардың саны180 ғана
болган екен. Фатимиттер мемлекетінде жерге феодалдық меншік жер иесінің
харадж салығын өз пайдасына жинауынан көрініс тауып отырды.
Мемлекеттік жерді откупқа алған жағдайда откуп иесі (мутакаббил) қазынаға
алдын-ала келісілген харадж сомасын өткізді, ал феллахтардан (шаруалар)
жинаған харадж көлемі одан әлдеқайда көп болды. Сондықтан да откупқа
жер алу өте тиімді болды.
Қолөнер түрлерінің ішінде мата өндірісі ең басты сала болды. Кенеп
маталар өңдеу орталықтары Александрия, Дамиетта, Дабик, Тиннис және
Шата қалалары болды. Төменгі Египетте сырттан әкелінген (Сицилия, Сирия,
Иран, Ирак) және жергілікті шикізаттан жібек маталар да өңделді. Жоғарғы
Египеттегі Асйут жүннен тоқылған киімдерімен атағы шықты. Тоқыма ісінде
мамандану орын алды.
Бұдан кейінгі орында металл өңдеу,
шыны жасау және қыш құмыра
өндірісі тұрды. Бұл салаларда иудей шеберлері басым болды. Тері илеу мен
ағаш өңдеу, қағаз өндірісінің дамуы ежелгі папирус пен пергамент өңдеу
қолөнерін ығыстырып шығарды.
Қолөнердің ұйымдасуына келсек, тоқыма ісінде мемлекеттік шеберханалар
(тираз)
басым болды, олардың өнімдері халиф сарайының қажеттілігін өтеді
және сыртқа шығарылды. Қант қайнату мен қағаз жасау ісінде де ірі
кәсіпорындар
болды.
Қолөнерінің
басқа
түрлерінде
ұсақ
жеке
шаруашылықтар басым болды, бұл салаларда қолөнершілер шеберхана мен
құрал-жабдықтардың иесі болды. Олар отбасы мүшелерімен бірге еңбек етті.
Қолөнершілердің кәсіп бойынша біріккен бірлестіктері болды.
Египетте фатимиттер үстемдігінің орнауы Қызыл теңіз арқылы
Шығыспен ежелгі сауда жолдарының қалпына
келтірілуіне ықпал етті, бұл
сауда жолы ҮІ ғасырда Иран-Византия соғыстарының кесірінен үзіліп қалған
болатын. Делдал саудасы арқылы жүретін тауарлардың Қызыл теңіз арқылы
жүруіне көпестердің Парсы шығанағы арқылы жүзуіне кедергі жасаған
Бахрейн карматтарының әрекеттері ықпал етті. Сыртқы саудада барлық
ортағасырлық Шығыс елдеріндегідей феодал-шонжарлар үстемдік етті
(билеуші әулеттің өкілдері, халифтердің өздері, әскери қолбасшылар, әмірлер
және т.б.). Бірқатар тауарларды (темір, ағаш, смала) сатып алу мемлекеттің
монополиясында болды. Сыртқы, әсіресе делдалдық сауда Фатимиттерге
орасан зор табыс әкеліп тұрды.
Фатимиттер мемлекеті тарихындағы бетбұрысты кезең халиф әл-
Мустансирдің ұзаққа созылған басқаруы болды (1036-1094), оның тұсында
елдің шаруашылығын ұзаққа созылған аштық ойсыратып тастады.
Аштықтың орын алуына Ніл суының деңгейінің жеткіліксіз болуы және оба
эпидемиясы әкелген еді. Сонымен бірге әр түрлі әскери шонжар топтары
арасындағы өзара күрес те елді күйзелтіп кетті. Бағындырылған халықтардың
қарсылығы мен орталық биліктің әлсіреуі
мемлекет территориясының
қысқаруына алып келді. 1048 жылдан бастап Ифрикияда дербес Зиридтер
әулеті орнықты, олар Аббасидтердің жоғарғы билігін мойындады, ХI
ғасырдың ортасында бүкіл Магрибті сунниттік Альмаравидтер бағындырды,
оларды бір ғасырдан кеін Альмахаттар ауыстырды. Сирияда жергілікті
Мирдасидтер әулеті 1023 жылы Халебті алды.
ХI ғасырдың соңғы ширегінде бүкіл дерлік Сирия Селжүк мемлекетінің
құрамына енді. Фатимиттер халифатының территориясы бір ғана Египеттен
шектеліп қалды, мұның өзі әскер жинақтауды қиындатып жіберді.
Мемлекеттің қалыптасу уақытында оның басты әскери күші берберлерден
тұрған болатын, алайда көп ұзамай әскер құлдардан, әсіресе еуропалық,
судандық құлдар және түріктерден шыққан құлдардан жасақтала бастады. Х
ғ. сербтер, хорваттар, бұлғарлар мен византиялықтар арасында үздіксіз
жүрген соғыстар кезінде құлдар көптеп түсіп
отырған болатын, бұл құл
саудасының өрістеуіне ықпал етті. Әскери құлдарды әсіресе фатимиттік
Египет көптеп сатып алып отырды. Фатимиттер әскерді негізінен осы
құлдардан жасақтап отырды. Алайда Х ғ. қарай Жерорта теңізіндегі үстемдік
Еуропа мемлекеттеріне бірте-бірте өте бастайды да, фатимиттердің Жерорта
теңізі саудасындағы табыстары күрт қысқарып кетеді, мұның өзі халифаттың
одан әрі әлсіреуінің басты себептерінің бірі болды.
ХI ғасырда мемлекеттегі іс жүзіндегі билік халифтерден олардың
әскерилерден шыққан уәзірлеріне өтеді. Билік жолындағы күреске
исмаилиттік дін басылары да белсенді түрде қатысты. Бұл уақытта елдегі
экономикалық құлдырау мен биліктегі анархия шегіне жетеді. Жасөспірім
халифтер аз-Зафир (1149-1154) мен ал-Фаиздің (1154-1160)
қолында мүлде
дерлік билік болмады.
Халифат мынадай жағдайда құлайды: Сирия сұлтаны атабек Нұр ад-
дин Зеңгі (1146-1174) Египетті басып алуға бар күшін салады. Ол Египетті
кресшілердің Иерусалимдегі корольдігіне шабуыл жасауға плацдарм ретінде
пайдаланғысы келді. Биліктен қуылған уәзір
Шавардың құқығын қорғау
сылтауымен ол Египет үшін табанды түрде әскери, дипломатикалық күрес
жүргізді. Нұр ад-дин үш рет Әмір Ширкухтың басқаруымен түркімендер мен
күрттер әскерлерін Египетке жіберді, бұның өзі кресшілерден Египетті
қорғауға көмектесті. Ширкух фатимиттік сарайда шебер саясат жүргізе жүріп
соңғы фатимиттік халиф әл-Адид (1160-1171) оны өз уәзірі етіп
тағайындауына қол жеткізді. Келесі жылы Ширкух аяқ астынан қайтыс
болғанда, уәзірлік оның немересі Салах ад-дин Юсуфқа өтеді. 1171 жылы
өлер алындында фатимиттік халифті тақтан тайдырып Салах ад-дин
Египеттегі билікті басып алып,
Достарыңызбен бөлісу: