Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет38/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Сербедарлар қозғалысы. 
ХІҮ ғасырда Иран жерінде орын алған 
сербедарлық қозғалыстың негізін қалаушы Мазендараннан шыққан Шейх 
Халифенің дәруіші болды. Хорасанның Себзевар қаласында уағыз-насихат 
жүргізген шейхтің ілімі зороастризм элементтері мен хуррамиттік 
идеялардың қосындысы түрінде қалыптасты, алайда ресми түрде сол кездің 
өзінде және кейінгі тарихнамада шииттік деп аталды. Бұған сербедарлардың 
өз ұраны ретінде жергілікті ирандықтардың үстемдігін қалпына келтіруді 
көтеруі ықпал еткен шығар. Халифе моңғол-түрік феодалдарына және 
оларды жақтаушы жергілікті ақсүйектерге қарсы шықты, сондықтан да оны 
Хорасанның жергілікті халқының негізгі бөлігі қолдады. XII-XIV ғасырларда 
бұл ауданның халқы негізінен ирандықтар болды. Сонымен бірге оның 
түркілену қаупі күшейіп жатқан болды. XIV ғасырдың екінші жартысында 
Сербедар мемлекеті пайда болғаннан кейін оның жетекшілері «ендігі жерде 
бірде-бір түріктің Иран жерінде үй тікпейтін болуына қол жеткізу керек» 
деген ұран көтеруі тегін емес еді. 1335 жылы көтеріліс көсемі Халифе 
өлтіріледі, алайда оның жақтастары қозғалысты өрбітіп, ол жаппай 
көтеріліске ұласады. Нәтижеде сербедарлар қозғалысы (сербедар - өз ісі үшін 
өлімге де дайын тұрғандар) жеңіске жетеді. 1337-1338 жылдары аралығында 
бүкіл дерлік Батыс Хорасан Хулагуиттердің мұрагерлерінен азат етіледі. 
Алайда қозғалыстың нәтижесінде билеушілер ғана ауысып қойды. 


Сербедарлар шонжарлары пайда болып, олар моңғолдардан тартып алған 
жерлерге ие болады. Іс жүзінде тек үстем таптың құрамы ғана өзгеріп қалды.
Сыртқы майданда сербедарлар айтарлықтай уақыт жеңістерге жетіп 
отырды. 1353 жылы олар Астрабадтағы соңғы елханды құлатты. Алайда осы 
кезде сербедарлардың өз ішінде жік пайда болып, оның радикалды бөлігі 
билікке келген бөлігіне қарсы шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет