Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет40/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

XV ғасырдағы Иран.
XV ғ. басында Иран территориясында бірнеше 
саяси бірлестіктер өмір сүрді. Батыс Иран Темірдің ұлы Шахрухтың қол 


астында болды. Қарақойлы билеушілері Шахрух қайтыс болғанға дейін 
(1447) өзін тимуриттердің вассалымыз деп мойындады. Бұған қоса XV ғ. 
Иран территориясында бірқатар ұсақ иеліктер іс жүзінде дербес өмір сүрді, 
ең алдымен Мазендаран мен Гилян. Ардебиль аймағында кіші-гірім 
Сефевидтер княздігі күшейіп келе жатты.
Шахрухтың мұрагерлері тұсында феодалдық бытыраңқылық күшейе 
түсті. XV ғ. 60-жж. аяғынан бастап іс жүзінде екі тимуриттік мемлекет – 
Орта Азиялық және Хорасандық мемлекет өмір сүрді. Батыс Иран, жоғарыда 
айтқандай, қара қойлылар билеушілеріне қарады. Бұл бірлестікті түркімен 
тайпалары басқарды. Мемлекеттің құрамына Кіші Азияның үлкен бөлігі және 
бірқатар араб жерлері кірді. Қарақойлылардың ең көрнекті билеушісі Жиһан 
шах тимуриттермен Шығыста бәсекелестік жасауға тырысты. 
Қарақойлылырға қарсы басқа түркімен тайпалары - аққойлылардың 
басшылары көтерілді. Кезінде олар Темірдің одақтастары болып, Тигрдің 
жағасына қоныстанған болған. Аққойлылардың билеушісі Ұзын Хасан 1467 
жылы қарақойлылардың жасағын талқандайды. Шайқаста Жиһан шах пен 
оның ұлы қаза табады. Ұзын Хасан өз астанасы етіп Тебриз қаласын таңдап 
алады. 
Тимуриттердің, соның ішінде Хорасан билеушісі Абу Саидтың 
аққойлыларды Батыс Иран жерінен ығыстыруға ұмтылысынан ештеңе 
шықпады, керісінше Абу Саидтың өзі тұтқынға түсіп, өлтіріледі. Осы 
уақыттан бастап аққойлылардың басты қарсыласы Осман империясы болды. 
Ақ қойлылар билігі 1502 жылға дейін созылды. 
 
Бекіту сұрақтары: 
1. Иранның негізгі экономикалық аймақтарын көрсетіңіз. 
2. Саманилер билігің әлеуметтік тірегі кім болды? 
3. Селжүк шапқыншылықтарының алғышарттары мен барысына талдау жасаңыз. 
4. Хорезм мемлекетін монғолдардың басып алуының объективті себептерін көрсетіңіз. 
5. Газан хан реформаларының мәнін ашыңыз. 
VIII ТАРАУ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет