Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Дели сұлтанатының әлеуметтік-экономикалық дамуы



Pdf көрінісі
бет42/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Дели сұлтанатының әлеуметтік-экономикалық дамуы. 
Бұл әулеттің 
билігінің соңына қарай тағы да орталық үкіметтің әлсіреуі, жергілікті 
биліктің күшеюі орын алды. Оның негізінде XІV ғ. өн бойында орын алған 
феодал-мукталардың күш-қуатының өсуі жатты. Олар иктаға берілген 
ауылдардан түсетін қосымша өнімнің көп бөлігін өздеріне қалдырып, аз ғана 
бөлігін қазынаға жіберіп отырды. Мукталардың мемлекет алдында есеп беру 
принципінің өзі үнемі бұзылып отырды, ірі шонжар өкілдерінен қорыққан 
шенеуніктер иктаны толықтай есепке алмады. Мукталар тарапынан орын 
алып жатқан заңсыздықтар жазаланбады. Ала уд-дин Хилжа (1296-1316) 
тұсында мукта табыстары мен шығындарын бақылау құралы - 
жауынгерлердің аттарына белгі соғу болған еді. Осының арқасында берілген 
иктаның көлемінен аз әскер ұстауға ұмтылушылық шектеліп отырды. Ал 
кейінгі билеушілер тұсында жауынгерлерді бұлайша тексеру сиреп кетті. 
Тұғлақ әулетінің билеушісі Фируз шах тұсында тіпті көптеген икталар салық 
салынбайтын иммунитетті жер иеліктеріне айналып кетті. Мемлекет 
пайдасына салық салудан босатылған мұндай қызметтік жер иеліктері инам 
(сыйлық) деп аталды.
Мукталардың экономикалық қуатының өсуі қатардағы қауымдастарға, 
шаруаларға салынатын салықтың шексіз артып кетуімен де байланысты 
болды. Гийас уд-дин Тұғлақтың салық саясаты халыққа өте-мөте жайлы 
болды. Ол ерекше жарлықпен өнімнің 1/10-нен, 1/11-нен асатын харадж 
жинауға тыйым салды. Сондай-ақ өнімнің аз шығуына байланысты салықтың 
мөлшерін төмендету ережесін мүлтіксіз орындауды, талап ету де салық 
төлеушілер үшін де жеңілдік болса, ал мукталардың қалтасын кемітті. 
Феодал-мукталардың қанауына егіншілікпен айналысушы халықтың 
ұйымдасу формасы ретінде қауым қарсы тұрды. Дели сұландығындағы 
қауым туралы нақты деректер жоқтың қасы. Мұсылман дәуіріндегі 
қауымның құрылымын оның консервативті мәнін ескере отырып, анағұрлым 
ерте және кейінгі дәуір деректерін қарастыра отырып қалпына келтіруге 
болады.
XIV ғасырда Үндістанда қауымның әр түрлі типтері болған деп болжам 
жасауға болады. Биік таулы жерлер мен ормандардағы егіншілікпен 
айналысатын оазистерде ру-тайпалық қатынастардың ыдырау кезеңіндегі әр 
түрлі тайпалар мен кландар мекендеді. Синдтетхаттар, Пенджабта хохарлар, 
мина, бхаттар, өзен аралығында мерлер т.б. Алайда қауымның басым типі 
касталық болғандығы сөзсіз. Оның жоғарғы қабатын – жоғары және орта 
егіншілік касталар (раджпуттар, джаттар, кунби, т.б.) ал төменгі касталар – 
кесапаттар болды. Егісітк жер жекелеген отбасылардың жеке иелігінде 
болды, ал шалғындар мен басқа да су көздері қауымдық меншікте болды. 
XIV ғасырдың екінші жартысында құрастырылған заң жинағы – «Фикх-и 


Фируз-шахиде» егіншілердің жер меншігі жөнінде айтылады, бұл жерлер 
сату-сатып алу арқылы бір салық төлеушіден басқасына өтуіп отырды.
Қауымға мүліктік жағынан ғана емес, әлеуметтік жағынан да әр түрлі 
топтар кірді. Әлеуметтік жағынан төменгі топтарға балахарлар жатса, 
қауымнің жоғарғы бөлігіне хута жатты. Бұл феодалданып жатқан қауым 
әкімшілігінің өкілдері ауыл старосталары болуы керек. Олар салықтан 
босатылған жер иеліктері болды. Бұған қоса олар қатардағы қауымдастардан 
өз пайдасына салық жинап отырды.
Сонымен, XIV ғасырда қауымдар феодалдарға қарсы тұру ошақтары 
болды. Қауымның қысымымен билік шаруаларға жеңілдіктер жасауға 
мәжбүр болып отырды.
XIV ғасыр деректері Дели сұлтандығының экономикасын азды-көпті 
қарастыруға мүмкіндік береді. Муссондық жаңбыр суымен өсетін егіншілік 
кең қолданылды. Сондай-ақ үлкен аңғарларындағы жерлерге егін егу, 
суармалы егіншілік те айтарлықтай дамыды. Фируз-шах (1351-1388) тұсында 
тұрғызылған каналдар арқасында үлкен массивті жерлер суғарылатын болды. 
Бұл каналдың ұзындығы 180-200 км болды. Ол Сатледж-Джамна, Кали 
өзендерінен Хисар-Фируза, Ханси, Фирузабадқа, Дели маңына дейін жетті.
Каналдарды қазуда еріксіздердің еңбегі пайдаланылды. XVII ғасыр 
басындағы тарихшы Бадаунидің көрсетуінше осындай каналдардың біреуін 
қазуға 50 мың адам жегілген екен.
Жердің құнарлылығы мен климаттың қолайлылығы барлық жерлерде 
дерлік астықтың 2-3 рет өнімін алуға ықпал етті. Негізгі дақыл күріш болды. 
Араб жиһанкездерінің мәліметтері бойынша Үндістанда XIV ғ. күріштің 21 
сорты өсірілген екен. XIV ғ. техникалық дақылдарды – мақта мен қант 
қамысын өсіру кеңейтілді. Сондай-ақ мал шаруашылығы айтарлықтай 
дамыды.
Шаруашылықтың маңызды саласы қолөнер болды, қолөнермен 
ауылдарда да айналысты, ол негізінен натуралды болды, қауымды 
қамтамасыз етті. Сондай-ақ қалада да қолөнер дамыды. Бұл жерде 
қолөнершілер өз жеке шеберханаларында немесе үйлерінде жұмыс істеді, өз 
шикізаттарын және құрал-жабдықтарын пайдаланды. Олар жергілікті 
рынокка шығарды және жеке тапсырыстармен жұмыс істеді.
Қала қолөнершілерінің тағы бір категориясы, мемлекетік шеберханалар 
– карханаларға жататын жұмыскерлер болды. Бұл шеберханаларда 
өндірілетін өнім қазынаға түсіп, сарайды, қызметкерлерді қамтамасыз етті. 
Мұхамед шах Тұғлақтың тақыма карханасында 4 мың тоқымашы жұмыс 
істеген, олар парша және басқа да маталар шығарып отырды. Алауд-диннің 
карханасында 17 мың адам жұмыс істеген.
XIII-XIV ғасырларда тоқыма өндірісінің дамуына тоқыма доңғалағы – 
чаркханың енгізілуі ықпал етті. Бұл технология Иранда ХІІ ғасырда белгілі 
болған, ал Үндістанда тек мұсылман дәуірінде ғана тарайды. Бұл доңғалақ 
өндірістің өнімділігін 6 есе арттырған екен. Тағы бір техниканың озық үлгісі 
– мақтаны түтуге арналған құрал – панджана болды. Бұл құрал Үндістанда 


гур жаулаушылықтарының қарсаңында пайда болды, ал Еуропаға тек XIV ғ. 
ғана ене бастаған болатын.
Қолөнердің дамуымен қалалардың тез қарқынмен өсуі байланысты 
болды, бұл кейбір ғалымдардың қала революциясы жөнінде айтуына түрткі 
болды. Бұл феноменді олар түрік және басқа да мұсылман билеушілерінің 
урбанизациялық саясатымен байланыстырды, олар, ислам дәстүріне сәйкес 
жаулап алынған жерлерді тиімді басқару мүддесімен қалалар, бекіністерді 
көптеп салып отырған. Қалалардың өсуіндегі бұл саяси фактормен бірге бұл 
дәуірде қалалардың өсуінің негізгі себебі қолөнердің ауыл шаруашылығынан 
бөліну болғандығы айқын. 
Саудагер-қолөнерші халықтың арасында әр түрлі мүліктік, касталық-
кәсіптік және діни топтардың болғанына қарамастан, феодалдарға қарсы 
қозғалыстарда 
қала 
халқы 
өзіндік 
бір 
әлеуметтік-экономикалық 
біртұтастықты құрады. Бұл қолөнершілердің де, саудагерлердің де тауар-
ақша қатынасымен айналысуымен анықталды. Бұлардың екеуі де 
феодалдарға қарағанда анағұрлым төменгі статуста, саяси жағынан құқықсыз 
болды. Сонымен бірге, ортағасырлық қалада қолөнерге қарағанда сауданың 
басым болуы, және саудагерлердің өсімқорлықпен де айналысуының 
нәтижесінде ақша қорының жинақталуы олардың салыстырмалы түрде 
жоғарғы статусын анықтады. 
ХІ-ХІІ ғғ. қолөнердің касталық статусының біраз өсу тенденциясы 
байқалады. Бұл, қалалардың қолөнер орталығы ретінде өсуімен байланысты 
болды. Ерте орта ғасырларда қолөнершілер қаладағы ең төменгі кастаға 
жатса, немесе тіпті кастадан тыс, кесапаттар ретінде қарастырылса, ал 
қарастырып отырған дәуірде, атап айтқанда Х-ХІІ ғғ. қолөнер касталарының 
көпшілігі кесапаттар деп аталмайтын болды. Ең алдымен зергерлер өз 
статусын көтерді, сондай–ақ тоқымашылардың статусы да көтерілді.
Қала халқын да, ауылдар сияқты феодалдар қанап отырды. Саудагерлер 
мен қолөнершілерден заңды салық - зекеттен басқа, Дели сұлтандығының 
шенеуніктері оларға көптеген салықтар мен міндеткерліктер жүктеді. 
Мысалы, Делиден әкелінген барлық тауарлар, зекет алынып болғаннан кейін, 
қазына қоймаларына апарылып, ол жерде олардан қосымша 
дангана
салығы 
алынды. Мемлекеттік рыноктарда сатқаны үшін барлық тауар түрлерінен де 
салық алынып отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет