Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет50/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

 
Бекіту сұрақтары: 
1. Монғол мемлекетінің құрылу тарихын баяндап беріңіз.
2. Монғолдардың Қытайға қарсы жорықтарының кезеңдерін көрсетіңіз 
3. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуының тарихи жағдайларына талдау 
жасаңыз. 


4. Шыңғыс хан мен Хорезмшах мемлекетінің қарым-қатынастарына талдау жасап, 
монғолдардың Орта Азия жерін жаулап алуының объективті алғышарттарын анықтаңыз. 
5. Монғолдардың орыс жерін тез-ақ жаулап алуының қандай себептерін көрсетуге 
болады? 
6. Монғол жаулаушылықтарының салдары жөнінде қысқаша баяндап беріңіз. 
 
X ТАРАУ 
Х-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ 
 
Х-ХV ғасырлардағы Солтүстік Қытайдың ішкі-сыртқы жағдайы.
ІХ ғасырдың аяғындағы шаруалар соғысы мен орталық биліктің әлсіреуі 
нәтижесінде Х ғасырдың басында Қытайда саяси бытыраңқылық орын алды. 
907 ж. Тан әулеті тақтан тайдырылған соң бұл бытыраңқылық тіпті күшейе 
түсті. 960 жылға дейін бес әулет бірін-бірі ауыстырды. Олардың астанасы 
Кайфын (Дунцзин) қаласы болды. 907-960 жж. аралығы Қытай тарихында 
«Бес әулет және он патшалық кезеңі» деп аталды. Бұл әулеттердің билігі 
елдің солтүстігіне ғана тарады. Бұрынғы империяның аумағында бұл кезде 8 
дербес мемлекеттер өмір сүрді. Олардың жетеуі Оңтүстік Қытайда құрылды. 
Осылайша Қытайда саяси дағдарыс орын алып жатқан кезде оның солтүстік-
шығысында 
Маньчжурияның 
біраз 
бөлігін 
мекендеген 
көшпенді 
кидандардың тайпалық одағы күшейе түсті. Х ғ. басында қидандар билігін 
«ел» тайпасының көсемі, «Елюй» руынан шыққан Абуға қолына алды. Ол 
өзін 907 ж. император жариялап, мұрагерлік монархия орнатты. Қидандар 
мемлекеті 947 ж. бастап «Ұлы Ляо» (907-1125) деп аталды.
Қидан мемлекеті көршілес елдермен, әсіресе Қытаймен соғыстар 
жүргізді. 916-926 жж. оған Батыс Манчжурияның кейбір манчжур-тұңғұс 
тайпалары бағынды, сондай-ақ Бохай мемлекеті мен ұйғырлардың жерін, 
Қытайдың солтүстігі мен солтүстік-шығыс бөлігіндегі 16 округын басып 
алады. Солтүстік Қытайдағы Кейінгі Цзинь, Кейінгі Хань және Солтүстік 
Хань әулеттерінің билікке келуі қидандардың араласуымен жүрді. Олар 
Ляоға вассалды тәуелдігін мойындады. Мұнымен қатар қидандарға Тибет
таңғұттардың Батыс Ся мемлекеті (982-1227), Коре (918-1392), Оңтүстік Тан 
(937-975), оңтүстікқытайлық Уюэ патшалығы (893-978) тәуелді болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет