бүкіл елде, Камакура, Осака қалаларында, барлық провинцияларда кең тарай
бастады. Кейін, XIII ғасырдың аяғында даймелердің қамқорлығымен ірі
феодалдық иеліктер де құрылды.
Дегенмен, XII-XIV ғасырларда ең күшті
және ең бай дзалар монастырлар мен киотолық сарай ақсүйектерінің
қамқорлығындағы дзалар болды. Дзалар өз қамқоршыларынан бұйым
түрлерін шығаруға, оны сатуға құқық алып отырды. Қамқоршыларына дзалар
өз бұйымдарынаң бір бөлігін салық ретінде төлеп отырды. Астанада,
провинцияларда тұрақты базарлар ашылды.
Олардағы сауда мейрамдар
кезінде қызу өткізіліп отырды. Алғаш сауда, аптасына 1-2 рет өткізілсе,
бірте-бірте күнде өткізілетін болып кетті.
Саудагерлер бірлестіктері
«накама» деп аталды (Еуропадағы гильдиялар тәрізді). Азық-түлік дайындап,
сататындардың да бірлестіктері құрылды. Олар феодалдар иеліктері мен
монастырларда, Киото сарайында пайда болды. Олар балық, құс,
мал етін
сатып отырды. Сондай-ақ бірден көп мөлшерде сататын «тоя» деген
саудагерлер (көтерме саудамен айналысушылар) шықты. Олар салықтан
түскен азық-түлікті ірі
тұтыну орталықтарына жеткізіп, алып-сатарларға
өткізіп отырды.
Бұл кезге (XIII ғ.) қарай өсімқорлық капиталы едәуір дамыды. Ол
самурайлардың жер иеліктерін өз қолына алуға тырысты. Моңғол
шапқыншылығына қарсы күрес жағдайында сауда өсімқорлық капиталының
жағдайы одан сайын нығая түсті.
Достарыңызбен бөлісу: