монғолдардың ауыр кемелері теңіз соғысында тиімсіз болды, дауылға қарсы
төтеп бере алмады.
Сонымен бірге, жапондардың жеңісі олардың елдің
тәуелсіздігін сақтап қалуға деген ерік-жігері мен шетжерліктер қаупі алдында
жапон феодалдарының өзара ауызбірлікке
қолжеткізуімен байланысты
болды.
Монғол
шапқыншылығына
қарсы
қорғаныс
ұйымдастыру
шаруалардың тұрмыс жағдайын төмендетіп жіберді. Самурайлардың да
жағдайы нашарлады. Орталық билік эпидемия мен қуаңшылыққа қарсы
күресте дәрменсіздік танытты. Әскер ұстау
мен қорғаныс шығындары елді
қаржылық-экономикалық жағынан құлдыратып жіберді. Моңғолдардан
қорғануды ұйымдастыру барысында барлық қаражат пен қару-жарақтың,
әскердің оңтүстікте шоғырлануы оңтүстік даймелерінің (феодалдарының)
күшеюіне ықпал етті. Күшейіп алған оңтүстік феодалдары Ходзё үйінің жеке
билігіне қарсы шыға бастады.
Достарыңызбен бөлісу: