Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


XVI-XVII ғғ. бірінші жартысындағы Қытайдағы саяси күрестер



Pdf көрінісі
бет62/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

XVI-XVII ғғ. бірінші жартысындағы Қытайдағы саяси күрестер. 
Монғолдардың Юань империясын құлатып билікке келген Мин әулетінің 
тұсында Қытайдың саяси тарихында дәл Тан, Сун дәуірлеріндегі жағдайлар 
қайталанып жатты. Мин әулетінің алғашқы императоры Чжу Юаньчжан өз 
билігін орталық өкіметті қолдан келгенше нығайту шараларымен бастаған 
болатын. XIV ғ. аяғы – XV ғ. басындағы Мин империясының қалыптасуымен 
және XV ғ. ортасындағы ойраттардан жеңіліп қалғаннан кейінгі күрделі 
оқиғалардан кейін Қытайдың саяси тарихында өзіндік бір тыныштық кезең 
орын алған болатын. XVI ғ. басында империя қуатты, орталықтандырылған 
мемлекет болып көрінді. Алайда дәл осы XVI ғ. басында Мин империясының 
қалыптаса бастаған дәуірінде-ақ байқала бастаған келеңсіз процестер айқын 
көріне бастады. Атап айтқанда билік құрылысында айтарлықтай өзгерістер 
орын алып, жоғарғы билеуші топтың ыдырауына алып келді. 
Шектеусіз монархиялық биліктің барлық белгілері сақталғанымен 
императордың тікелей мемлекеттік істерді жүргізуден аластауы орын алды. 
Сонымен бірге, іс жүзіндегі билік дәстүрлі империялық басқару әкімшілігі 
шеңберінде емес, саяси дәстүр тұрғысынан қарағанда әдеттен тыс болып 
есептелетін «сарай іші» қызметкерлерінің қолында жинақталды. «Сарай іші» 
әкімшілігі біртекті болған жоқ. Ондағы билікті император қойған хатшылар 
(дасюши) мен императормен күнделікті қарым-қатынастағы әтек-фавориттер 
(«императордың сүйіктілері») өзара бөлісті. Бұл бөлісу бейбіт түрде іске асты 
деуге болмайды. Сондықтан да XVI-XVII ғғ. басындағы Мин сарайының 
бүкіл тарихы осы жекелеген қайраткерлер мен топтардың кескілескен 
күресіне толы болды. 
XV ғ. аяғында-ақ императорлар мемлекеттік істерді жүргізуші 
қызметкер–шонжарларды қабылдаудан бас тарта бастады. Дәл осы уақыттан 
бастап фавориттік құбылыс орын алған болатын. 1498 ж. дейін сарайда Ли 
Гуан үлкен ықпалға ие бола бастады. Ал император У-цзун хатшылармен 
арадағы келіспеушіліктің орын алуына байланысты әтек-фаворит Лю Цзинді 
көтерді. Осы басқарудағы байқала бастаған өзгерістер XVI ғ. тез қарқынмен
өсіп кеткен билеуші топтардың деградациясымен (тоқырауымен) ұштасты. 
Ең алдымен императордың өзі азғындай бастады. У-Цзун астанадан алыс-
жақын ауылдарға тонаушылық жорықтар жасап, өз қол астындағы халықтың 
дүкендерін, үйлерін тонады, әйелдерді отбасынан ажыратып, тартып алып 
кетіп отырды. Қазынаның көп бөлігін әр түрлі ойын-сауықтарға, тойларға, 
аңшылыққа жұмсады. Император Шэнь-Цзун шаруалардың малын тартып 
әкетіп, қызметкерлерден пара алғанды жақсы көрді. 
Императорлардан «уақытша билеушілер» де (сарай іші қызметкерлері 
осылай аталып кетті) қалыспады. Іс жүзіндегі бақылаусыз билікке ие бола 
отырып олар баю үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланды. Уақытша билеушілер 


барлық билік орындарына өз адамдарын отырғызды. Сондықтан да билікте 
бір-бірімен жауласушы топтар пайда болды. Мысалы: Шандуньдік, Хунань-
Хубэйлік, сарай ішіндегі «тақуа» және әтектер топтары т.б. Мин әулеті 
билігінің аяғына қарай әтектер саны 100 мыңға жетті. Олар тек сарайда ғана 
емес, провинцияларда да жоғарғы, пайдалы қызметтерге ие болды, мысалы, 
губернаторлар, қала әкімдері, әскербасы, сарай инспекторлары т.т. солардың 
қолында болды. 
Кикілжіңдер мен жанжалдар XVI ғ. ұлыстық (провинциялық) 
билеушілердің «кіші сарайларын» да қамтыды. Ғасырдың басында 
провинция аристократиясы мен үкімет арасында да қарулы қақтығыс орын 
алды. Көптеген провинция билеушілері өз аймағында ойларына келгенді 
істеді. Олар орталықтан тағайындалған шенеуліктерді орнынан алып, 
өздеріне жақпағандарды түрмелерге жапты, өлім жазасына кесті, халықты 
тонап, шексіз қанауға ұшыратты. 
Армияда да іріп-шіру тенденциясы байқалды. Жауынгерлер мен 
әскербасыларын асырау тәсілі ретінде ұйымдастырылған әскери қоныстар 
жүйесі XVI ғ. аяғында-ақ бұл жерлердің армия басшыларының жеке 
меншігіне өтіп кетуіне байланысты жойылған болатын. Көптеген әскери 
қонысшылар өз участоктарын тастап жан-жаққа қашты. Нәтижесінде үкімет 
әскерді жалдауға мәжбүр болды. Жалдамалы әскердің пайда болуымен 
армияның жауынгерлік қабілеті төмендеп кетті. Бұл XVI ғ. алғашқы 
жылдары жиілеп кеткен монғол шапқыншылықтарына (Даян ханның монғол 
тайпаларын біріктіруінен кейін) Қытай әскерінің тойтарыс бере алмауынан 
айқын көрінеді. Әсіресе айтарлықтай монғол шапқыншылықтары 1532 ж. 
және 1546 ж. болды. Бұл шайқастарда Қытай әскерлерінің монғолдардан 
Ордосты қайтарып алуға тырысуынан ештеңе шықпады. 
XVI ғ. теңіз межелерінде тиімсіз жағдай қалыптасты. Бұл жерде 20-
жылдардың басында қарақшылармен және контрабандалық саудамен күрес 
күшейді. Бұл саудада жапондықтар белсенді рөл атқарған болатын. 
Қарақшылыққа қарсы қанша күрес жүргізілгенімен одан еш нәтиже 
шықпады. Қарақшы кемелері Янцзы өзенімен Нанкинге дейін жетті. Тек XVI 
ғ. 60-жж. ғана олардың тегеурініне тойтарыс берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет