қосымша үстеме салық алынатын болды. Өзара соғыстардың аяқталуы 2-ші
Асикага сегунатын нығайтуға қолайлы жағдайлар жасады. 1-ші Камакура
сегунатының
аграрлық саясаты, оның феодалдық заңнамалары мен өзара
қырқыстары жапон шаруаларының наразылығын тудырды. Оған 1333-1392
жж. бой көтерген 6 шаруалар көтерілістерін айтуға болады.
Жапония Ходзе билігінің соңы мен Асикага сегунатының басында
көршілес Корея, Қытай елдерімен байланысын қалпына келтіруге тырысты.
Буддизм дінбасылары Жапониядан Қытайға, Қытайдан Жапонияға
жастардың діни сауатын ашу мақсатында келіп-кетіп жатты.
Алайда, «Солтүстік және оңтүстік әулеттер» соғысы кезінде (ХІҮ ғ.
ортасы) Корея, Қытай елдерімен қарым-қатынастар шиеленісе берді. 1340-
1386 жж. Жапония Корея жағалауына 5 рет қарақшылық шабуыл жасады,
ХІҮ ғ. аяғында Қытайға ойысты. Асикага үйі
шетелдік көпестерге сауда
жасау құқығын (лицензиялар) берді. ХҮ ғ. Жапония-Қытай сауда келісім-
шарты жасалды. Сыртқы сауда қарқынды дамыды. Қытайдан мақта, жібек,
фарфор, кітаптар, картиналар, есірткі, иіс сулар,
медициналық жабдықтар
әкелінді. Қытай көпестеріне 200-300
пайда түсіп отырды. Әсіресе, Қытай
мыс монеталары («эйракусэн») жоғары бағаланды.
Жапонияның ішкі рыногімен салыстырғанда жапон тауарлары Қытайда
4 есе, кейде 10 есе қымбат бағаға сатылды. Индонезия, Малайзиядан
әкелінген тауарлар Корея мен Қытайға жөнелтілді. Кореяда Ли әулеті
тұсынан (ХІҮ ғ. аяғы) Жапония-Корея сауда байланысы дамыды. Жыл сайын
Корея порттарына 50 жапондық сауда кемелері келді. Жапон көпестері
Оңтүстік Кореяның 3 портында тұрақты сауда пункттерін құрды.
Жапониядан
Кореяға сода, мыс рудасы, әртүрлі медициналық құрал-
жабдықтар, бояулар әкелінсе, сыртқа қыш ыдыстар, жіп, тоқыма тауарлары
шығарылды.
ХІҮ-ХҮ ғғ. қолөнер, сауда,
жергілікті рынок, тау-кен ісі дамыды.
Қалалар өсті. Ірі феодалдық шаруашылықтар құрылды. Ірі княздық иеліктер
пайда болды. Өндіргіш күштердің дамуы княздардың табыстарын ұлғайтты.
ХҮ ғ. басында феодалдық қырқыстар жаңа сипат алды. Феодалдық
үйлер Асикагаға қарсы 70 жылдай (1413-1467) күресті. Ең ірісі Хатакэяма
феодалдық үйі арасында туындаған «Онин жылдарының соғысы» (1467-
1477) болды. Бұл соғыс қарсаңында феодалдық үйлер 260 рет бүлік
ұйымдастырды. Бұл Асикага сегунаты билігінің әлсіреп, феодалдық
бытыраңқылықтың күшейгенін көрсетеді.
ХІҮ-ХҮ ғғ. феодалдық қырқыстардың әлеуметтік зардаптары зор
болды. Шаруалар қайыршыланып, феодалдар
мен өсімқорлардың екі жақты
қанауына түсті. Өңделген жерлер ХҮ ғасырда 946 мыңнан 855 мың те (жер
өлшемі 0,992 га тең) қысқарды. 1479 ж., 1482 ж. жаңа алым-салықтар
енгізілді. Жер діни емес және діни феодалдар қолына шоғырланды.
Шаруаларды қанаудың негізгі түрі – азық-түлік рентасы (натуралды оброк,
күрішпен өтеу) болды. Шаруалар жыл сайын феодалдарға күріш өнімінің 10
-дан 80
-ға дейінгі бөлігін беруге міндеттелді. Жапонияда 8 рет болған
қуаңшылық пен аштық (1420-1498) шаруалардың жағдайын күйзелтіп
жіберді. Сондықтан олар жер телімдерін сатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде
шаруалар жерсізденді (пауперизация). Жерді жалға берушілер пайда болып,
олар өсімқорлықпен айналысты.
Достарыңызбен бөлісу: