1402-1404 жж. көптеген елшіліктер теңіздің арғы жағындағы елдерге, оның
ішінде Үндістанға да жіберілді. Әсіресе атақты теңізде жүзуші, әрі саясаткер
Чжен Хэ басқарған экспедиция кеңінен белгілі болды. 1403-1433 жж.
адмирал Чжен Хэ басқарған 7 жорық Үндістанға, Индонезияға, Шығыс
Африкаға жасалды. Оның эскадрасы 30 мың жауынгері бар 48-62 кемеден
құрылды. 1415 ж. орталық Азияға, Темірдің мұрагерлеріне үлкен елшілік
жіберілді. Ондай елшіліктер 1411 ж. Манчьжурияға, 1412 ж. Үндістандағы
Джаунапур мен Дели князьдықтарына, 1415 ж. Тибетке, т.б. елдерге
жіберілді. Бірақ бұл елшіліктердің табысы Чжен Хэнің елшілігінің
табысынан әлдеқайда аз болды. 1427 ж. Қытай әскері Вьетнамнан шығып,
оның тәуелсіздігін мойындады. 1436 ж. Қытай барлық шет ел елшілерін
елден қуды, өзінің алыс елдерге теңіз жорықтарын тоқтатты. 1449 ж.
батыстық моңғол-ойраттар басшысы Есен Қытайға шабуыл жасады. Туму
маңында ойраттықтар Қытай әскерін талқандады. Император тұтқынға түсіп,
әскердің қолбасшысы қаза тапты. Бірақ Есен Қытайдың астанасын ала алмай,
1450 ж. кейін қайтты. Туму апатынан кейін Қытай барлық әскери күшін
солтүстік-батысқа шоғырландырып, басқыншылық саясатын уақытша
тоқтатуға мәжбүр болды.
Достарыңызбен бөлісу: