ХІ ғасырда Қытайда ірі жер иеліктерінің өсуі одан зор қарқын алады.
Олар ұсақ шаруа шаруашылықтарын өз иеліктеріне қосып алу арқылы өсіп
отырды. Қосып алу түрлі жолдармен — алдау-арбау, зорлық-зомбылық,
сатып алу арқылы жүргізілді. 1 му жер (4,6 а) сапасына қарай 900-2700
монета тұрды. Жекелеген ақсүйектер мен шенеуніктердің иеліктері 3 мыңнан
6 мың цинге дейін жетті. ХІ ғасырдың 60-жылдарында ірі және орташа жер
иеленушілердің қолында барлық егістік жердің шамамен 2/3 бөлігі
шоғырланды. Үкімет мемлекеттік жерді жеке феодалдардың сіңіріп кетуіне
қарсы шара қолданбады.
Көптеген
жер
иелерінің
бірнеше
поместьелері
(чжуантянь,
чжуанъюань) болды. Әртүрлі аудандардағы ол поместьелер шағын үлестерге
бөлініп, жалға беріліп отырды. Жалға беру шарттары әртүрлі болды. Егер
жалға
тек жер ғана берілсе, онда түскен өнімнің мемлекетке төленген
салықтан және тұқым қорынан қалған бөлігінің 10-20 %-ы, көп болса 50 %-ы
жердің иесіне берілетін. Ал егер жер иесі жалгерге тұқым, көлік, т.б. еңбек
құрал-жабдықтарын да қоса берсе, қалған өнімнің 4/5 бөлігін алатын. Х-ХІІІ
ғасырларда жалға беру ақысының өсе түскендігі байқалады.
Мемлекеттік жер қоры «гуань тянь» деп аталды. Қызмет бабы үшін
берілетін жер көлемі 7 циннен 40 цинге дейін жетті. Бұл жерді жергілікті
шаруалар өңдеді. ХІ ғасырдың аяғында мемлекеттік жер қоры өңдеуге
жарайтын жердің 1/72
бөлігі болса, ол ХІІ ғасырдың аяғында 1/15 бөлігі
болды. Ұсақ шаруалардың да жеке меншік жерлері болды. Олардың
үлестерінің көлемі 10 мудан 90 муға дейін болды. Барлық халықтың 90 %
жуығын құрайтын шаруалардың иеліктері барлық өңделетін жердің 30 %
жуығын ғана құрады. Жер салығы жылына екі рет: жазда және күзде
жиналды (Янь Янь реформасынан келе жатқан үрдіс). Оның мөлшері әр му
жерден 1 доуден 3 доуге дейін (1 доу - 6,64 л.) астық болды. Салық мөлшері
жердің құнарлығына байланысты белгіленді. Салық төлемеу де едәуір орын
алды. Кейбір аудандарда тіпті өңделетін жердің 60-70 %-нен салық жиналмай
қалған кездер де болды.
Сун империясына қарағанда Цзинь империясында ірі жер иелігі
шектеліп, негізгі шаруашылық ұсақ шаруалар шаруашылықтарына
негізделді. Өте сыйлы адамдардың өзінің жеке меншік жері 10 циннен
аспады. Берілген үлесті сатуға, әсіресе чжурчженьдердің
сатуына тыйым
салынды. Бірақ чжурчженьдер өз жерлерін қытайлықтарға жалға беріп
отырды.
Х-ХІІІ ғасырларда Қытайдың экономикалық дамуының сипатты белгісі
қалалардың қауырт өсуі және олардың қоғам өміріндегі маңызының артуы
болды. Ескі қалалар ұлғайып, жаңа қалалар өмірге келді. Қала халқының
саны да өсті. Сун әулетінің билігі кезінде Чанъань мен Кайфын ең көп
халықты қалалар болды. ХІІІ ғасырға
қарай олардың қатарын Ханчжоу,
Фучжоу, Цюаньчжоу, Янчжоу, Сучжоу, Цзянмен, Гуаньчжоу қалалары
толықтырды. Ең ірі қалаларда 1 милионнан астам адам тұрды. Ол кезде қала
халқы барлық халықтың 10 %-ын құрады. Қалалардың саны ғана өсіп қойған
жоқ, олардың сапасы да өзгерді. Қалалардың сауда-қолөнері орталықтары
ретіндегі рөлі өсті. Осы көрсетілген жағдайлар ХІ ғасырға қарай Қытайда
урбанизация процесі басталғандығы жөнінде айтуға мүмкіндік береді.
Алайда осы кезде империялық өкіметтің қала экономикасына бақылауы
күшейе түсті. Қала экономикасы дербес сала деп қарастырылмады, ол жалпы
әкімшілік тәртіптің шектеріне күштеп
енгізілді, қолдан келгенше шектеліп
отырды. Бұл жағдай Қытай қаласының дамуына және оның қоғам өміріндегі
әлеуметтік рөліне кері әсер етті.
Бұған дейінгі кезеңдердегідей Сун дәуірінде қалалардың өсуі қолөнер
мен кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болды. Бұған дейінгі
дәуірлердегідей қолөнерде мемлекеттік те, жеке меншіктік шеберханалар да
орын алды. Тек мемелекеттік қолөнер ғана емес, жеке меншік шеберханалар
да үкімет тарапынан қатаң бақылауда болды. Бұған қарамастан
қарастырылып отырған дәуірде Қытай қолөнерінің дамуында айтарлықтай
алға жылжулар орын алды.
Ең алдымен, өндіріс көлемі ұлғайды. Мұны
металлургия саласынан айқын көруге болады. ХІ ғасырдың 60-жылдарына
қарай металл кеніштері мен балқытатын кәсіпорындардың саны 271-ге жетті.
Оның 122-сі мемлекет меншігінде болды. Мата өндірісі де ұлғая түсті.
Қазынаға түсетін мата, соның ішінде, әсіресе жібек өнімі артты. Фарфор
жасау ісіндегі барлығы 50 кәсіпорынның 14-і ірі кәсіпорын болды.
Еңбек құрал-жабдықтарының сапасы жақсара түсті. Металл балқытуда
тас көмір, кокс және басқа химиялық реактивтер қолданыла бастады. Бұл
жетістіктер ХІ-ХІІІ ғасырларда еңбек бөлінісін күшейтті. Кәсіптердің саны
көбейді. Кейбір аудандар өндірістің бір түріне мамандана бастады.
Қолөнердің саудамен тығыз байланысы сақталды, көп жағдайда бұл екі
сала да бір адамдардың қолында шоғырланды. Қарастырылып отырған
дәуірдегі саудадағы басты өзгеріс қала саудасының,
оны шектеп отырған
ресми бекітілген базарлар шегінен шығуы болды. Сауда қызметі қаланың
томаға-тұйық кварталдарынан шығып, көшелер мен бұрылыстарда да
жүргізілетін болды. Белгілі бір тауар түрлерін немесе ұқсас тауарларды
сатумен айналысатын арнайы базарлар пайда болды. Сауданың жалпы көлемі
артып, ХІ ғасырдың ортасымен салыстырғанда ғасырдың аяғында 3/1-ге өсті.
Саудадан түсетін салық қазына табысының айтарлықтай бөлігін құрады.
Тауар құнының 2 %-ы оны тасымалдағаны үшін салық ретінде алынса, 3 %-ы
сатудан алынды. Бұл мөлшер кейде өзгеріп те отырды.
Сауданың дамуы тауар-ақша қатынастарының одан әрі өсуіне ықпал
етті. Металл өндірудің өсуі Сун үкіметіне ортағасырлық Қытай тарихындағы
ең көп монета көлемін шығаруға мүмкіндік берді. Солтүстік Сун уақытының
өзінде ҮІІІ-ІХ ғғ. салыстырғанда 10 есе көп монета шығарылды. Мемлекеттің
құзырында ондаған монета сарайлары болды.
Алайда монетаның көп
шығарылуына қарамастан елде теңге жетіспеді. Нәтижеде Қытайда
дүниежүзілік тарихта алғаш рет
ассигнациялар
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: