Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет51/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Сун империясының қалыптасуы.
Солтүстік Қытай халқы қидан 
шапқыншылығына қарсы ұзаққа созылған күрес жүргізді (916-944). 946 ж. 
қидандар қытай қолбасшыларының сатқындық тобын пайдаланып Кайфынды 
басып алды.
959 ж. Кейінгі Чжоу әскері (императоры Чай Жун мен қолбасшы Чжао 
Куан-инь) қидандарға қарсы жорық жасап, Хэбэйдің бірқатар облыстарын 
азат етті. Алайда Чай Жунның ауырып қайтыс болуы бұл жорықты тоқтатты.
Қидандарға қарсыласқан әскер Чжао Куан-иньді император деп 
жариялады (960-976). Осылайша Сун империясының негізі қаланады. Сун 
әулетінің билігі 300 жылға (960-1279) созылды. Алайда, бұрынғы 
империяның (Тан империясы) шекарасын қалпына келтіру мүмкін болмады. 
Тан әулетінің көп жерлері қидандар мен танғұттардың иелігінде қалды. 
Кидандардың Қытайдағы билігі Шаньси мен Хэбей провинцияларының 


солтүстігімен шектелді. Қытайдың кидандар билігінен тыс болған бөлігі 960 
жылға қарай Сун әулетінің қол астына бірікті. Сонымен Сун әулетінің негізін 
Чжоу патшалығының талантты қолбасшысы Чжоу Куан-инь (927-976) 
қалады. Жаңа әулеттің астанасы алғаш Бянь (қазіргі Кайфын), кейін - 
Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды.
Сун әулеті ең алдымен орталық билікті нығайтуды көздеді. Сун 
империясында басқарудың қатаң орталықтанған бюрократиялық жүйесі 
үстемдік етіп, бекітілді. Бұл жүйе қалыптасқан жаңа жағдайға бейімделген
конфуцийліктің теориясы мен тәжірибесіне негізделді. Сун үкіметі өз билігін 
нығайту үшін ең алдымен, әскерилердің (милитаристердің) ықпалын 
әлсіретуге тиіс болды. Цзедуши қызметі сақталғанымен, әскери округтер 
(фанчжень) жойылды, мұның өзі іс жүзінде цзедушилердің биліктен 
айырылуына алып келді. 963 жылдан бастап барлық әскер құрылымдар 
тікелей императордың өзіне бағындырылды. Жергілікті жерлердегі әскери 
шендердің халыққа билік жүргізу құқығы алынды. Бұл шендердің көпшілігі 
орталықтан тағайындалған азаматтық шенеуніктермен алмастырылды. Сун 
үкіметі әскерилерден гөрі азаматтық әкімшілікке басымдық беретіндігін 
әрдайым көрсетіп отырды.
Осындай шаралармен қатар император билігінің барынша күшейтілуі 
және барлық басқару жүйесінің орталықтандырылуы жүрді. Монархтың 
билігінің күшеюі канцлер (цзайсянь) құзыретінің әлсіреуімен қатар жүрді. 
Биліктің орталық органдарының ішінде Император хатшылығының маңызы 
артты.
Басқарудың орталықтануы жергілікті жерлердегі барлық басшы 
қызметтерге астананың өкілдерінен тағайындалуынан айқын көрінді. Ел 
провинцияларға (ду) бөлінді, олар өз кезегінде ірі қалалардың айналасындағы 
округтерге (фу), ал округтар әскер басқармалар (чжоу) мен кәсіпкерлік 
басқармаларға (цзянь) бөлінді. Провинциялық басшылықтың ең жоғарғы 
бөлігін төрт өкілетті басшы: әскери істер, салық пен тасымалдау, сот ісі және 
мемлекеттік астық қоймалары және ирригация бойынша басшылар құрады. 
Олар тікелей орталық үкіметке бағынды және өз бетімен маңызды 
мәселелерді шеше алмады. Жергілікті әкімшілікті бақылап отыру үшін 
арнайы уәкілдер – 
тунпани 
тағайындалды. Шенеуніктерді жергілікті 
шонжарлармен байланысқа түсіп алмас үшін, үнемі жаңа қызметтерге 
ауыстырып отырды.
Әкісшілік қызметтерінің осылайша бөлшектелуі мен бірін бірі 
қайталауы бюрократиялық аппараттың шектен тыс өсуіне алып келді. 
Штаттағы қызметтің жалпы саны Сун империясында 25 мыңға жетті. 
Шенеуніктердің саны жүздеген мыңға жетті. Қызметке тарту жолы ретіндегі 
емтихандар жүйесінің маңызы артты.
963 жылы құрастырылған «Сун син тун» заңдар жинағы Тан 
дәуіріндегі заңдарды қайталады. Жалпы алғанда, Сун дәуірінде Тан 
мемлекетінде қалыптасқан империялық дәстүрлер жалғасын тапты. Мықты 
орталықтандырылған мемлекеттік басқару орнықты. Алайда бюрократиялық 
басқару аппаратының шектен тыс ұлғайып кетуі, осыған байланысты 


халықтан алынатын салықтың өсуі елдің ішкі жағдайына кері әсер етті. 
Барынша бөлшектеліп кеткен әскери ұйым қолбасшыларды жиі-жиі 
ауыстырып отыру көршілермен қақтығыстарда сәтсіздіктерге әкеліп отырды. 
Қаржы-салық жүйесі де дағдарысқа ұшырай бастады. Осының бәрі халық 
көтерілістеріне алып келіп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет