Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет36/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Монғолдар билігіндегі Иран.
1220 ж. монғол әскері Хорезмшахты қуа 
отырып Иран жеріне алғаш рет аяқ басқан болатын. Ал 1220-1221 жж. Джалал 
ад-диннің ізіне түскен Жебе мен Сүбедей әскері Хоасаннан Грузия мен 
Әзірбайжанға өтеді. ХІІІ ғ. 30-40 жж. Монғолдар Иранның жекелеген 
жерлерін бағындырады, тек Исмаилиттердің Аламут қамалы мен Бағдат 


халифатының Батыс Ирандағы бірқатар жерлері ғана әлі де тәуелсіздігін 
сақтады. 
1243 ж. монғолдар кіші Азиядағы Селжүқ сұлтаны Гийас ад-дин 
Кейкубатқа соққы берді. 1251 ж. Монғол империясының астанасы 
Қарақорымда монғол шонжарарының кезекті құрылтайы өтіп, жаулап 
алынған Иран жерлерінен ары қарай жаңа жорық ұйымдастыру туралы 
шешім қабылданды. Жорықты Мөңкенің бауыры Хулагу хан басқаратын 
болды.
Иранның жағдайы бұл кезде мүшкіл еді. Мөңке мен Бату хан бүкіл 
империяда жалпы халық санағын жүргізуге бұйрық берді. Санақшылардың 
артынан бағындырылған елдерге мыңдаған салық жинаушы басқақтар қаптап 
келіп, салық жинумен айналысты.
1256 ж. Иран жерінің шегіне Хулагу ханның әскері келіп кірді. Оның 
басты мақсаты солтүстік-батыс Ирандағы исмаилиттер бекінісін алу болды. 
Олардың орталығы Казвин маңындағы Аламут қаласы болды. Алынбас қамал 
деп есептелетін Аламуттың жағдайы бұл кезде мәз емес еді. Иранның барлық 
феодалдары Хулагудың билігін мойындауға асығып жатты. Сондай-ақ сол 
кезде исмаилиттер басшысы Рукн ад-диннің ең жақындарының арасында да 
монғолдармен байланыс орнатқандар болды. Осындай жағдайда Рукн ад-дин 
Хулагуға бейбіт жолмен берілуге мәжбүр болды.
Енді Бағдат халифатының кезегі келді. 1258 ж. ақпанда монғолдар 
Бағдатты алды. Ғасырлар бойы исламның тірегі болған мемлекет өмір сүруін 
тоқтатты. Алайда Египет билеушісі халифатты қалпына келтірілді деп 
жариялады. Египет монғолдарға Сирия жерінде тойтарыс беріп (Сириядағы 
Айн Жалуд шайқасы жөнінде өткен тарауда айтылды), олардың одан әрі 
батысқа жылжуын тоқтатты. Бұл кезде Кіші Азиядағы Селжүк мемлекетінің 
билеушілері монғолдар билігін мойындады. Иран, Закавказье, Батыс Арабия 
жерлерінің бір бөлігі Хулагуиттер державасының құрамына біржолата енді. 
Бұл мемлекеттерді монғолдар Елхандар мемлекеті деп атады. 
Мемлекеттің этникалық құрамына келсек, оның негізгі бөлігін 
ирандықтар (парсылар, күрттер, лурлар), батысында арабтар айтарлықтай 
бөлігін құрады, қалаларда еврейлер көп тұрды. 
ХІ-ХІІ ғғ. Солтүстік-батыс Иранда үздіксіз өсіп отырған түркі элементі 
Хулагуиттер тұсында барынша өсті, бұл бір жағынан әскердің құрамындағы 
түріктердің есебінен, екінші жағынан ирандықтардың одан әрі түркіленуі 
есебінен жүрді. 
Хулагуиттердің Алтын Орда билеушілерімен қарым-қатынастары 
барынша қайшылықты болды. Дау-талас Закавказье, Солтүстік Кавказ, 
оңтүстік Әзірбайжан жерлері үшін болды. Алтын Орда ханы Беркенің ислам 
дінін қабылдауының бір себебі Хулагиттердің қарсыласы Египетпен одақ 
құруға ұмтылуы еді. Керісінше елхандар ұзақ уақыт ислам дінін 
қабылдамады. Хулагуиттердің Шағатай ұлысы билеушілерімен қарым-
қатынасы да күрделі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет