Фатимиттік халифат пен Сирия атабектері
мемлекеттерін біртұтас
мемлекетке біріктіре отырып, Салах ад-дин өз жауларына біртұтас үлкен
сұлтанатты қарсы қойды, өзі мұсылмандар әлеміндегі ең қуатты билеушіге
айналды. Салах ад-дин тұсында кресшілердің Сириядағы өз иеліктерін
қайтарып алуға деген ұмтылушылықтарынан түк шықпады.
Айиубиттердің билікте орнығуы ресми
дін ретінде шиизмнен бас
тартып, суннизмнің қалпына келтірілуіне алып келді. Египет аббасилік
халифтердің діни билігіне қаратылды, 1174 жылы аббасилік халиф әл-
Мустади Салах ад-динге
сұлтан титулын сыйға тартып, оның жаулап алған
жерлерін заңдастырды. Таққа отырысымен Салах-ад-дин Египеттің аумағын
ұлғайтуға кірісті. 1172-1173 жж. ол Барку мен Триполиді, ал 1174 ж. Иеменді
бағындырды. Сол жылы Сириядан Дамаск, Хама, т.б. жерлер басып алынды.
Сирияның наместнигі етіп Салах ад-дин
өзінің інісі Тураншахты
тағайындады. 1182 ж. Египет әскері Халебті басып алды. Тонаушылықпен
айналысып отырған Иерусалимдік рыцарьларға енді оңтүстіктен де,
шығыстан да қауіп төнді. Салах ад-дин рыцарьларды 1177 ж. Аскалон
маңында, 1179 ж. Иордан жағасында жеңді. 1184 ж. кресшілермен келісім
жасалды. Келісім бойынша кресшілер
мұсылмандарға шабуыл жасамауға,
көпестерді тонамауға уәде берді. Ал Салах ад-дин оларға тимеуге келісті.
Бірінші болып уәделерін рыцарьлар бұзды. Олар Иорданның жағасындағы
Керакты басып алды, Дамаскіден Аравияға бара жатқан сауда керуенін
тонады. Келісімді бұзғаны үшін Салах ад-дин
кресшілерге соғыс жариялап,
Иерусалим корольдігіне шабуыл бастады. Жарты күнге созылған шайқастан
соң рыцарьлар талқандалды. Иерусалим королі мен тамплиерлер
гроссмейстері тұтқынға түсті. Корольдің басы кесілді. Бірнеше аптаның
ішінде Иерусалим мен Тирден басқа корольдіктің қалалары Салах-ад-динге
берілді. Сонан кейін ол
Иерусалимді де басып алып, құнын төлеген қала
тұрғындарын тұтқыннан босатты.
Иерусалимнің мұсылмандар қолына көшуі Еуропаны қатты
шамдандырды. Папа ІІІ Урбан барлық князьдерді крест жорығына аттануға
шақырды. Сөйтіп, үшінші крест жорығы басталды. Ол
жорыққа Германия,
Англия мен Франция қатысты. Неміс рыцарьлары король Фридрих жолда
суға ағып қайтыс болғаннан кейін Сириядан кейін қайтты. Ал Англия мен
Франция корольдері басқарған кресшілер 1191 ж. Сирияға жетіп,
екі жылға
слзылған қоршаудан кейін Сен-Жан д’Акра қаласын басып алды.
Иерусалимді ала алмайтындықтарына көздері жеткен соң ағылшындар мен
француздар елдеріне қайтты. Сөйтіп, үшінші крест жорығы да рыцарьлар
үшін зор шығынмен аяқталды.
1193 ж. 55 жасында Дамаскіде Салах ад-дин қайтыс болды. Оның
мемлекеті балалары мен інісі Әділдің арасында бөліске түсті. Үлкен ұлы
Абдалға — Дамаск, Әзизге — Египет, Захирға — Халеб, Әділге —
Месопотамия тиді. 1198 ж. Әзиз қайтыс болған соң Каирдегі билік Әділдің
қолына көшті. Мемлекет қайта біріктірілді.
Достарыңызбен бөлісу: