БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ше. Компьютерлі томографияны қолдана бастағанымызға
көп уақыт өте қоймаса да, оның өте жоғары зерттеу
мүмкіншілігі – диагнозды толық, дұрыс қоюы бірінші
орында тұр. КТ - арқылы ісіктің толық көрінісін, яғни, оның
жайылуын; шекарасын, лимфа түйіндеріндегі, бауыр т.б.,
метастаз ошақтарын; жанындағы ағзалардың орналасу то--
пографиясын, екінші бүйрек құрылысын, толық анықтауға
болады. Сонымен қатар алдын ала қандай ем қолдану керек--
тігін де шешеміз. Бұл әдістің дұрыстығы 92% жетеді /Л.Д.
Волкова 1991/.
Жоғарыда айтылған әдістерден басқа, ісікті анықтау өте
қиынға түскен жағдайда бүйрек ангиографиясын жасаған
жөн. Мұнымен диагнозды анықтай отырып, ісікті үрдістің
қатерлілігін, әсіресе салыстырмалы жағдайда (нейробласто--
ма, бүйректің екі жағы бірдей зақымдалған жағдайда, ісік
рецидивінде т.б. бүйрек ауруларында) қолдануға болады.
Науқасты тексеру кезінде міндетті түрде кеуде қуысына,
яғни өкпеге рентген суретін жасау қажет (метастаз ошағының
бар – жоқтығын білу мақсатымен).
Қатерлі ісіктердің бәріне тән - Вилмс ісігі де метастаз
ошақтарын қан арқылы - өкпеге бауырға берсе; ал лимфа
арқылы құрсақ қуысы артындағы лимфа түйіндеріне береді.
Кейбір кезде, ісік ошақтарын орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ)
мен сүйектерден де көруге болады. Сондықтан зерттеу ба--
рысында осы аталған ағзаларды қамтыған жөн.
Салыстырмалы (дифференциалдық) талдауды бүйрек
үсті безінен шыққан ісіктермен, яғни нейробластомамен, ба--
уыр мен көк бауыр ұлғайған жағдайда, құрсақ қуысы лимфа
– ретикулосаркомасында, шажырқай мен ұрық безі ісігін--
де, жедел құрсақ ауруларында, Гиршпрунг т.б. аурулармен
жүргізу керек. Қандайда ауру түрі болмасын, клиникалық
көрінісін толық тексеріп, ауру тарихын жинап, рентгеноло--
гия мен т.б. әдістерді дұрыс қолданған уақытта нефробла--
стоманы дұрыс анықтауға болады. Бірақ кейде, әсіресе, ней--
181
Достарыңызбен бөлісу: |