Онкологиясы


Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет144/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
Ультрадыбысты томография (УДТ). Ультрадыбы--
пен зертеу РМС негізгі әдістерінің бірі. Оның балаға де--
ген қауыпсіздігі, ауру сезімін тудырмауымен қатар, ісікті 
анықтаудағы жоғарғы көрсеткіштігі мен мүмкіндігі ора--
сан. Онымен ісіктің толық көлемін, жанындағы жұмсақ 
тіндер мен ағзаларға деген қарым-қатынасын, метастаз 
ошақтарының бар - жоғын анықтаумен қатар, биопсия жа--
сайтын орынды көрсетіп қана қоймай, сол арқылы жасауға 
мүмкіндік аламыз. 
Компъютерлі (КТ) және магнитті резонансты (МРТ) то--
мографияларымен: 
– ісіктің толық шеткі қырларын, көлемін, топография--
сын анықтауға;
– жанындағы тіндер, ағзалар, яғни сүйектерді де бірге 
көруімізге;
– ісіктің толық құрылымын, тығыздығын, түрін де 
анықтауға;
– ісіктегі өлі ет (некроз) пен қан ұйыған, жиналған 
ошақтарын байқауымызға;
– ісіктің сыртқы қабығының жағдайын;
– аймақтық лимфа түйіндерінің жағдайларын, т.б 
көруімізге болады.
Сонымен қатар, бұл әдістер (УДТ, КТ, МРТ) арқылы 
емнің нәтижелерін бақылап отыру үшін де қажет екендігін 
айтқанымыз жөн. 
РМС- ны емдеу тәсілдері 
Рабдомиосаркоманың да емі – кешенді емнен, яғни 
хирургиялық, сәуле және химиотерапия әдістерінің 
үйлестіріліп, қосарланып берілулерінен тұрады. Емнің не--
гізгі нәтижесі, ісіктің хирургиялық жолмен алынуына көп 
байланысты екені бәсенеден белгілі. Сондықтан, ісіктің өсу 
дәрежесіне, шыққан жеріне байланысты әр науқасқа жеке--


240
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
лей, хирургиялық әдісті, яғни операцияны бірінші ретпен 
жасау қажеттігін, немесе химиотерапиядан кейін ісіктің 
көлемін кішірейтіп барып, жасау керектігін анықтаған жөн. 
Егер, ісіктің өсу дәрежесі I-II сатыда болып, оның опе--
рация кезінде толық-радикалды түрде алынуына көз жеткен 
жағдайда, бірінші ретпен хирургиялық әдіс қолданылады. 
Кейде, осының өзінде де ісік толық алынбай жатады. 
Сондықтан, әр науқасқа толық анықтау тәсілдері жасалы--
нып, дифференциялдық талдаудан өткеннен кейін барып, 
операцияға барған абзал. 
Жеке хирургиялық әдіспен ғана – кіші жамбас қуысы 
ісіктерінің экзентерациясы, радикалды простатэктомия, 
цистэктомия, қол немесе аяқ бөлігінің ампутациясы, көз 
шарасының экзентерациясы т.б., ісікті толық алғанымен, 
яғни ісік – жергілікті шыққан жерінен толық алынғанымен, 
аурудан толық жазылдым деуге де әлі ертерек. Науқас кейі--
нірек берілетін метастаз ошақтарынан шетінеп кетуі мүмкін. 
Сондықтан, міндетті түрде химиотерапия мен сәуле әдістері 
де жасалынуы қажет. Операцияны екінші мәрте, осылардан 
кейін барып та қайталауға болады.
Химиотерапия – қазіргі таңдағы негізгі емнің бірі екені 
толық мойындалды. 1960 жылдарға дейін (кейбір, бірен-са--
ран әдебиеттерде) РМС-ның метастаздарына ғана берілетін 
болса, қазіргі кезде ПХТ-сыз РМС-ны жеңу мүмкін емес. 
РМС-ның – винкристин (VCR), дактиномицин (ACT), ци--
клофосфамид (Ctx), адриабластин ( Adr), платинол (Pl), ве--
пезид (VP-16), ифосфамид (I) – дәрілеріне сезімтал екені, 
яғни осы дәрілерге тез көнетіндігі байқалған.
Американдық IRS- I – IV зерттеу хаттамалары бойын--
ша және халықаралық бала онкологтарының бірлескен со--
юзі – SIOP бағдарламасы бойынша ісіктің шыққан жеріне, 
клиникалық және патоморфологиялық сатысына байланы--
сты науқастарды 2 топқа бөлеміз: 


241


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет