БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ Ісіктің пайда болу себептері мен даму жолдары Соңғы уақыттағы көптеген зерттеу қорытындыларына
сүйенетін болсақ, баланың жыныстық жетілу шағында
остеосаркоманың жиі кездесуі, оның қаңқа ағзасының өсу
жылдамдығына тікелей байланыстығын көрсетеді. Бұған
себеп, ісіктің орналасу ерекшелігі. Балаларда ұзын түтікше
сүйектері зақымданғанда – ісіктің 50% жуығы тізе буыны
аймағында орналасады (сан сүйегінің дистальді метафи--
зі мен асықты жілік және оның шыбығының проксималь--
ды метафизінде). Ал сан сүйегі мен тоқпан жіліктің прок--
симальды метафизі сирек зақымданады. Соған қарағанда,
остеосаркоманың негізгі шығатын жері қаңқаның өте
қарқымды өсу аймағы болып табылады. Сонымен қатар,
ауырған балаларды алып қарайтын болсақ, олардың
бойларының ұзындығы, яғни өз қатарларына қарағанда
биігірек болып келеді. (Бұл жағдай иттерге эксперимент
жасалған кезде де дәлелденілген: кішірек келген иттерге
қарағанда бойлары биіктеу иттер ісікке тез шалдыққан).
Тағы бір айтар мәселе, қыз балалары – ұлдарға қарағанда
ертерек ісікке шалдығады екен, мұны олардың ерте ере--
сектелулеріне, яғни ұлдарға қарағанда ерте жыныстық же--
тілулеріне байланыстыруға болады. Адам денесінің, яғни
қаңқа сүйектерінің жоғарғы бөліктеріне қарағанда – төменгі
бөліктері – сан, тоқпан жіліктері тез өсіп, ұзаратындығы
дәлелденген. Осыған байланысты, осы екі аталған сүйек те
ісікке шалдығуы жағынан басқа сүйектерге қарағанда ерте--
рек зақымданады.
Сүйектің өсу процесі мен дамуы қалыпты жағдайда
синхронды түрде жүреді. Осы уақыттағы кез келген сыртқы
немесе ішкі бір әсерлерінен – бұл үрдістің бұзылуы,
патологиялық гистогенезге алып келеді. Баланың жыныстық
жетілу кезінде гармон әсерінің белсенділігінен, сүйек тіні