Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


ушитіл  т.б.) «Дала уалаяты газетінде» де  жиі ұшырасады. Ал сөйлеу



Pdf көрінісі
бет176/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 
ушитіл 
т.б.) «Дала уалаяты газетінде» де 
жиі ұшырасады. Ал сөйлеу
 
тілінде бұл атау Октябрь рево-
люциясына дейін келгенін байкаймыз. Мысалы, С.Көбеев 
«Орындалған арманында» автор сөзінде бұларды 
оқытушы
деп қазіргіше атап отырса да, сол кездегі ауыл адамдарынын 
диалогтарында – 
өшетіл. 
Спандиярдың
 
өз тілінде 
учитель 
деп 
береді: 
Хан да емеспін, болыс та емеспін, учительмін,
– 
дедім 
мен 
(С. Көбеев. Таңд. шығ. - 1900. - 211-бет). «Ботакөздегі» 
Асқар да – молда да емес, мұғалім де емес, учитель.
Ауылдағы 
молда 
жәдид мектептеріндегі 
мұғалім 
(бұлар
кейінгі кезде) және орыс-қазақ немесе таза орыс мектептерін-
дегі 
учитель 
– үшеуі үш түрлі ұғым: бір-біріне қызметтері, 
оқыту әдістері, оқыту объектілері жағынан қарама-қайшы. 
Сондықтан оларды айырып атау қажеттігі күшті болған да 
учитель (өшетіл) 
сөзі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX 
ғасырдың басында тілден берік орын алған.
Өткен ғасырда педагогты білдірген тағы бір сөз – 
үйрету- 
ші. 
Бұл осы күнгі 
оқытушы 
сөзінің атасы тәрізді, яғни 
оқыту- 
шы 
осы 
үйретушінің 
үлгісімен жасалған. 
Үйретуші 
терминін 
алғашқы қолданғандар – орыс ағартушылары А.Е.Алекторов 
пен А.Васильевтер. А.Алекторовтың 1898 жылғы «Киргизская 
хрестоматия» атты оқу құралында: 
«Столдары үйретушіге 
қарап тұрады, соның үшін скамьядағы отырған балаларға 
үйретушіні көріп отыруға болады» 
деген сияқты сөйлемдерді 
оқуға болады. А.Васильевтін 1912 жылы екінші рет басылған 
«Букварь для киргиз» атты оқу құралында текст ішінде барлық 
жерде мұғалімді 
үйретуші 
деп берген. Тіпті бір қызығы: 


425
осы «Букварьда» Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылғы «Ру-
ководствосында» бар «Школда» деген текст берілген. Осы 
текстегі Ыбырайда 
молда 
деп берілген сөздің бәрі 
үйретуші 
деп өзгертілген. Соған қарағанда, үкімет мектептері мен 
училищелері мұғалімдерін ескіше 
молда 
да демей, орысша-
лап 
өшетіл 
де демей, жалпы атпен – 
ұстат (ұстаз) 
та демей, 
қазақша жаңа терминмен атау тенденциясы сол өткен ғасырдың 
соң кезінде-ақ басталғанын көреміз. Тіпті соңғы оқу құралында 
(«Букварьда») бір-ақ жерде 
оқытушы 
дегенді де ұшыраттық 
(44-бет). Мұнда 
ч
 
әрпін үйрететін бетте 
учить, учитель 
деген 
екі орыс сөзін білдіру үшін біріншісін 
оқытады, 
екіншісін 
оқытушы 
депті. Бірақ бұл жаңа туынды сөз осы «Букварьдың» 
басқа жерінде кездеспейді. 
Оқытушы 
сөзінің ол кезде тілде 
орын тебе коймағанын көреміз. Сөйтіп, Абай тұсында жаңа 
типті орыс-қазақ мектептерінің оқытушыларының атауы 
ретінде бір термин қалыптаспаған: 
молда 
(сирек), 
учитель 
(өшетіл 
– жиірек) 
ұстат 
(Ыбырайда), 
үйретуші 
сөздері 
қатар қолданылған. Дегенмен осы тұстың өзінде-ақ бұларды 
мұсылман мектептері педагогтарынан да, орысша аталуынан 
да ажыратып, қазақша жаңа сөзбен атау бағыты басталған 
(ұстат, үйретуші, 
сирек – 
оқытушы).
 
Ал 
мұғалім 
деген терминнің тілімізге актив түрде енуі жаңа 
әдісті (жәдид) мектептер тұсында, XX ғасырдың бас кезінде 
болғанға ұқсайды. Жаңа әдісті мектептер мен медреселердің 
оқытушылары Татария мен Орта Азияда 
муаллим
аталған, 
бұл сөз қазақ тіліне татар тілі арқылы келсе керек, өйткені 
қазақтың жаңа әдіс мектептері алғашқы кезде татар тілінде 
жазылған «Мүһаллим әввел» (Алғашқы мұғалім») және 
«Мүһаллим сани» (Екінші мұғалім) атты оқулықтарды пайда-
ланған және бұл мектептерді жақтаушылар мен олардың 
оқытушыларының көбі Қазан, Орынбор және басқа Волга 
бойындағы татар медреселерінде оқыған адамдар болған.
63
Сондықтан жаңа әдіспен қоса келген оқыту ісіндегі көптеген 
жаңалықтар мен құбылыстардың іс-әрекеттердің нәрселердің 
жаңа атаулары, біздіңше, қазақ тіліне татар тілінен еніп, 
63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет