Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет177/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Сабитов Н.
Аталған еңбек, 29-бет.


426
қалыптасқан. Бұл үстіміздегі ғасырдың алғашқы 10-15 жылын-
да болды, себебі жаңа әдіспен оқытатын мектеп-медреселердің 
Қазақстанда өркендеген шағы 1905-1915 жылдар арасы 
болғанын зерттеушілер көрсетеді.
64
Келесі сөз 
оқушы 
жайында. Бұл күндегі 
оқушы 
термині 
– жаңа туынды. Өткен ғасырда мектеп пен медреселерде 
оқитындар 
шәкірт 
деп аталған. Абайда да 
шәкірт 
термині 
оқушы мағынасында жұмсалған (II, 205) Орта Азияның 
басқа халықтарындағыдай медресе оқушысының 
талиб-ұл-
ілім 
сияқты атауы қазақтар арасына (сөйлеу тілі мен Абай, 
Ыбырай тілдеріне) тарамаған. Ал орыс-қазақ школдарының 
оқушыларын дифференциялап бөлекше атамағанға ұқсайды 
олар да көбінесе 
шәкірт 
деп аталған тәрізді. А.Алекторов, 
А.Васильев кітаптарында да – 
шәкірт. 
Абайда 
Интернат
-
та оқып жүр, Талай қазақ баласы. Жаңа өспірім, көк өрім,
Бейне қолдың саласы
дегеннен бөтен бұндай мектеп 
оқушылары жайында сөз жоқ, демек, атауы да жоқ. Ал Ыбы-
рай «Хрестоматиясында» оларды 
оқудағы балалар 
неме-
се тіпті 
балалар 
деп атады, сірә, Ыбырай мектеп-медресе 
оқушыларымен шатастырмас үшін 
шәкірт 
деген терминді өз 
мектептерінде оқитындарға әдейі қолданбаған сияқты, бірақ 
«Руководствосындағы» сөздікте 
ученик 
дегеннің баламасын 
шәкірт 
деп көрсеткен.
Оқу-ағарту саласында жиі қолданылатын сөздің бірі сол
процестің атауы – 
оқу 
сөзі. 
Оқы 
етістігі – байырғы сөз. Одан 
жасалған туынды зат есім – 
оқу 
сөзінің бұрынғы 
намаз оқу, 
Құран оқу, бітік оқу 
(соңғысы – хат оқу, кітап оқу – Махмұд 
Қашғари) дегендерден басқа «мектепте оқу, білім алу» мағы-
насында жиі қолданыла бастауы әуелі мұсылманша оқудың, 
кейін азаматтық білім берудің айтарлықтай жанданған 
уақытында болған болу керек. Абайда бұл сөз білім алу мәнінде 
жиі қолданылған. Абайда да, Ыбырайда да ол 
оқу оқып, оқу 
оқыту, орыстан оқу 
сияқты тіркестермен де келеді. Абайда 
орыс оқуы, орыс ғылымы 
деген жаңа тіркестер бар.
Оқу, оқыту ісіне тікелей қатысты ұғымдар – 
білім 
мен 
64
Сонда, 31-бет және 
Тәжібаев Т
., аталған еңбек, 66-бет.


427
ғылым. Білім 
сөзі өткен ғасырда осы күнгідей орысша 
зна
-
ние, образование 
деген ұғымдардың мағынасын білдірген. 
Бірақ оның сөздіктің актив қорына айнала бастаған кезі –
өткен ғасырдың соңғы ширегі, атап айтқанда, Абай мен 
Ыбырай шығармаларының тілі. Өз творчествосының өзекті 
тақырыбының бірі оқу-білім болған Абай 
білім 
сөзін өте жиі 
қолданған және одан 
білімді, білімсіз, білімсіздік, білімділік 
сияқты туынды сөздер мен 
ғылым-білім, білім-ғылым 
(Ыбырай-
да: 
өнер-білім) 
деген қос сөз тұлғаларын жасаған. Абай бірақ 
жерде бұл ұғымды орысша атайды: 
Халықтың болыстыққа 
сайлаймын деген кісісі пәлен қадерлі орысша образование 
алған кісі болсын; қызмет құмар қазақ балаларына орысша 
образование беруге ол да – пайдалы іс
(II, 160). Сірә, бұл жер-
де жазушы осы айтпақ пікірі оқушыларына түсініктірек болу 
үшін ғана алған болу керек, әйтпесе ол барлық жерде де бұл 
ұғымды 
білім, ғылым-білім, 
кейде тіпті 
ғылым 
деген сөздермен 
беріп отырады.
Білім 
сөзі Ыбырайда да аса жиі пайдаланылған. Деген-
мен біз әңгіме етіп отырған дәуірде 
білім 
сөзі дәл осы күнгі 
мағынасын білдіретін термин ретінде тұрақталып, ажыраты-
лып болмағанға ұқсайды. Өйткені Ыбырай бір жерде осы 
мағынаны 
білген 
сөзімен 
(білгеннің пайдасы; 
осы тіркестің 
орысша аудармасын автор 
польза знания 
деп береді – «Киргиз-
ская хрестоматия» 1879, X бет), бірде 
ғылым 
сөзімен береді. 
Абайда да 
ғылым 
сөзі көп жерде 
білім
-нің баламасы ретінде 
(осы күнгідей «наука»
 
мағынасында емес) алынған: 
Хаттә 
қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы 
дін танырлық қылып үйретсе 
(II, 214) 
Балаңа орыстың 
ғылымын үйрет 
т.б. Абайда 
ғылым табу, ғылым оқу, ғылым 
іздеу 
деген тіркестер жиі қолданылған, автор «білім
 
алу» деген 
мағынада жұмсаған: «Сол малды сарып қылып 
ғылым
табу ке-
рек»;
 
«
Ғылым
таппай мақтанба» (I, 44) «
Ғылым
тапқандардың 
жолына» (II, 164); «
Ғылым
оқып, ой таппай» (1/58), «
Ғылым
іздеп жатпаған» (I, 185) т.б. Ал қалған жағдайларда 
ғылым 
сөзі Абайда «наука» мәнінде қолданылған: «Химия 
ғылымын
білуші ем, Үйретер ем» (I, 271); «
Ғылым
сөзін сөйлесер»
 
(II, 


428
157); Лермонтовтағы 
Мы иссушили ум наукою бесплодной
деген жолды 
Пайдасыз ғылымменен ми кептірер 
(II, 103) 
деп аударады. Бір ескертетін жай – 
білім, ғылым 
деген екі 
сөз Абайдың өлеңдерінде де, прозасында да соншама жиі 
қолданылған; бұл – ұлы суреткер шығармаларының тікелей 
мазмұнына байланысты ерекшелік. Сөйтіп, 
білім 
мен 
ғылым 
сөздерінің терминдік мәнге ие болып, екіге ажырап дифферен-
циациялануы соңғы кездердің жемісі дегенмен, оның алғашқы 
бағытын сілтеп, тілге актив етіп ендірген – Абай деп батыл 
көрсете аламыз. 
Оқу-ағарту процесіне қатысты сөздердің бірі – 
сабақ. 
Бұл 
– көпмағыналы сөз, бір мағынасы – «мектептегі оқыту процесі-
нің атауы»; 
сабақ 
сөзінің осы мағынасы өткенде де болған, 
Абай да, Ыбырай да 
сабақ 
сөзін «оқу, оқыту» мағынасында 
жұмсайды: «Баланы 
сабаққа
бергенше молданың ең арза-
нын іздеп тауып алып...» (II, 167); Ыбырайда: «
Сабаққа
көңіл 
берсең басыларсың; берген сабақтарын толық үйреніп, білуге 
тырыс»
 
(28, 30-беттер). Орыс ағартушылары да 
урок 
дегеннің 
аудармасын 
сабақ 
деп береді.
Оқу құралының атауы – бұл күнде 
оқулық 
(бұл – соңғы 10-
15 жылда шыққан жасанды сөз), заттың, жалпы аты – 
кітап.
Ыбырай жалпы кітапты да, оқу құралын да 
кітап 
деп ала-
ды да, журнал тәрізді 
книга-
ны 
кенеге 
деп атайды: «Жаңа да 
ең жақсы оқыған балалардың есебіңе қосып, 
кенегесіне 
жа-
зып қойды»
 
(28-бет). Ал Абай оқу құралдарын мүлде сөз 
етпегендіктен, оның атауы да кездеспейді, ал 
кітап
деген сөзді 
осы күндегідей өз мағынасында қолданады. Өткенде оқу ту-
ралы мәніндегі атаудың бірі орыс тілінен алынған 
кінеге
сөзі 
болғанын жоғарыда көрсетілген кітап аттарынан («Жазуға 
үйрететұғын кінеге») көреміз. 
Абай тілінде оқу процесіне байланысты құрал-жабдық-
тардың бірқатарының атауы бар. Олар: 
қалам, сия, қағаз (ақ 
қағаз). Қалам 
ол кезде көбінесе осы күнгі қаламның да (руч-
ка), қарындаштың да атауы болса керек, өйткені не Абайда, не 
Ыбырайда 
қарындаш 
сөзі кездеспейді. Әрине, Абай тұсында 
оқу-ағарту ісінің дамуы мен сипатына қарай оқу процесіне 


429
байланысты қазақ тілінде бірсыпыра құрал-жабдық атаула-
ры болғаны сөзсіз. Мысалы, мұсылман мектептерінде парта, 
тақта, бор, глобус, сызғыш, карта т.б. болмаған, соған орай 
бұлардың атаулары да ауылдық мектеп, медреселерде 
қолданылмаған. Ал үкімет тарапынан ашылған орыс-қазақ 
школдары мен училищелерінде жинамалы тақта мен ала-
са стол (көшпелі ауылдық школдарда), шот, оқу кітаптары 
мен жабдықтарын салатын киіз қап немесе сандық, глобус, 
сия (көбінесе 
қара сия 
деп аталған), сия сауыт, карта, класс 
тақтасы, тақта, тас тақтай (аспидная доска), сызғыш (ли-
нейка), бор, грифель (тас қалам)
 
пайдаланылғаны мәлім. 
Осылардың, атаулары тілде болғаны сөзсіз. Бірақ біз бұл 
мақалада негізінен Абай тілінде кездесетін оқу-ағартуға
қатысты 5-10 сөзді ғана талдауды мақсат еткендіктен, жал-
пы өткен ғасырдағы қазақ лексикасының оқу-педагогикалық 
саласын түгел шолып әңгіме етпедік.
«Қазақстан мектебі». - 1965. - №8. -61-67-б.


430


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет