Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет185/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

әуелде адам балалары бұл 
күнгі орындарына екі жақтан толқынып
келгендігі һәммаға 
мәлім
)
.
Ал толықтауыш бағыныңқы сөйлемнің басыңқыдан соң 
орналасуы үшін оның баяндауышы формальдық жағынан тия-
нақты тұлғада тұруы қажет, 
һәмма ғаламға белгілі данышпан
-
дар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз 
т а р т ады.
Әдетте мұндай сөйлемдерді сыртқы грамматикалық офор-
млениесіне қарап салалас құрмалас дей салып жүрміз, ал 
мағыналық құрылысына сайсақ, бұл – сабақтастардың ерек-
ше бір түрі болмақ. Сірә, біздің бақылауымызша, бұл кон-
струкция орыс тілінің әсерінен пайда болған тәрізді: 
что 
де-
ген жалғаулықпен келетін толықтауыш бағыныңқылардың 
эквиваленті ретіндегі грамматикалық калька болар деген ойға 
келеміз. Өйткені мұндай сөйлемдер не ауыз әдебиетінде, не 
Абайдың алды-артындағы өзге нұсқаларда кездеспейді деуге 
болады..
Абай прозасында белгілі бір нормаға айналған тағы да бір 
ерекше күрделі конструкция бар. Абай үйірлі толықтауышты 
сөйлемді екіге бөліп жібереді: сонда табыс септікте тұруға 
тиісті сөз ашық райға қойылады да алдыңғы компоненттің 
тиянақты баяндауышы болып шығады. Мысалы: 
Бірлік
қандай елде болады, қайтсе тату болады 
– 
білмейді 
(162-6).
«Бірлік қандай елде болатынын, қайтсе тату болатын
-
дарын 
(жұрт – олар) 
білмейді» 
дегенмен салыстырыңыз: 
Тағдырдың жарлығын білесіздер 
– 
өзгерілмейді 
(184-20). 
«Тағдырдың жарлығының өзгерілмейтінін білесіздер» 
деген-
мен салыстырыңыз.
***
Абайдың прозалық мұраларындағы назар аударатын жай-
дың тағы біреуі – құрмалас сөйлем структурасына есімдіктер-
дің жиі қатыстырылуы.


441
Қазақ тіл білімінде шартты бағыныңқыларды жасауға 
қатысатын сұрау, сілтеу есімдіктерін қатыстық есімдіктері 
деп атап жүр. Абайда бұлардың қолданысы екі түрлі: бірі – 
құрмаластың екі компонентінде қайталанып келуі 
(ол 
– 
сол, 
қандай 
– 
сондай, кім 
– 
сол, қай 
– 
сол 
т.т.), 
екіншісі 
– кейбір 
сұрау есімдіктерінің 
(қашан, қай 
т.б.) құрмаластың бір-ақ 
компонентінде келуі.
Жүйрік атта 
– 
кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын 
нәрсе, қыран құс та, жүйрік атта
– 
кейде оның қолында, кей
-
де мұның қолында болатұғын нәрсе 
(193-26). 
Кейде ана елден, 
кейде мына елден шығады 
(193-26). Бұл тәсіл әсіресе Абайдың 
өлеңдерінде өте жиі қолданылады:
Абұйыр, атақ сол жанда
Кімді көп жұрт мақтаса 
(І, 145)
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең, сол – шикі 
(І,147).
Кейде Абайда қатыстық мәнді есімдік бірінші компонент-
ке қатыстырылып, екіншісінде түсіріліп айтылады: 
Кім жет
-
се [сол] табады, өнерімен жетеді 
(249). 
Кім жақсылық, кім 
жамандық қылса дағы, 
[сол] 
Құдайдан келген жарлықты 
қылып жүр екен дейміз бе? 
(200-28).
Абайдың прозасында қатыстық есімдіктерінің бір сыңарын 
түсіріп қолданудан гөрі, екі сыңарын да қатыстырып айту 
басымырақ. Ал өлеңдерде түсірілуі (
Ішінде кімнің оты 
бар, (ол) қар жауса да сөнер ме?
) мүлде басқаша мотивте: 
буын саны, ұйқас нормасы сияқты факторлар қатыстық есім-
діктерінің жұбын айырып кететіні осы күні де поэзия тілінің 
синтаксисінде кеңінен пайдаланылады.
Мына сөйлемдерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет