438
Бұл сөйлем аса күрделі екі компонентке бөлінеді: алғашқы
Бұл жасқа келгенше, жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік
пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік
деген бөлігінің өзі
–
аралас құрмалас, тұтас сөйлемнің екінші сыңары алдыңғы
сыңардың мағынасын айқындай, детальдай түседі, оның
өзі
ішінде бірыңғай мүшелері бар, екіншісі біріншісін қоры-
тындылай құрылған салалас құрмалас болып келеді:
алыстық,
жұлыстық, айтыстық, тартыстық
–
әурешілдікті көре-көре
келдік
(151-1).
Абай прозасындағы логикалық ой тәртібі дұрыс сақтала
жасалған бұл күрделі конструкцияларды
ауыз әдебиетіндегі
мына сөйлемдермен салыстырсақ, аса зор айырмашылықты
байқаймыз: (1)
Күн көретін қорегі күнде қапқанды құрушы
еді,
(2)
күнде бір суыр алушы еді,
(3)
соны қорек қылып жату
-
шы еді
(Лютш, 58). Мұндағы құрмаласу тәсілі баяндауыштары
бірдей тұлғада жасалған ыңғайлас жай сөйлемдердің сырттай
тіркесе айтылуы арқылы болып тұр. Немесе:
Ертеде бір кемпір
мен шал болыпты. Олардың баласы жоқ екен.
Бір күні екеуі
бала іздеп жылап отырса, отқа көмген қаны
бала болыпты.
Ол баласының атын Қамбарбай батыр қойыпты
(Васильев,
24). Бұл үзіндіде бір-ақ күрделі
конструкция бар, ол да – екі
ғана компоненттен құралған ең қарапайым құрмалас сөйлем.
Біздіңше, ауыз әдебиетіндегі күрделі конструкцияларға
тән нәрсе – жеке компоненттердің сөйлем мүшелерімен (тіпті
тұрлаулы мүшелермен де) толық жабдықталмайтындығы.
Достарыңызбен бөлісу: