436
әсіресе бұл жалғаулықтардың сараланып, нормалануы күні
бүгінге дейін жүріп жатқан процесс деуге болады. Баяндауы-
шы грамматикалық жағынан тиянақты сөйлемдердің құрмала-
суына жалғаулықтарды қатыстыру –
орыс тілінің тікелей
әсері, бұл тәсіл әсіресе орыс тілінен саяси-әлеуметтік, педа-
гогикалық және көркем әдебиетті молынан аудару процесінде
туып, белгілі бір жүйеге келді.
Абайдың прозалық тілінің синтаксисіндегі өте-мөте көзге
түсетін нәрсе – өте күрделі конструкциялардың болуы. Бұл
күрделілік бірнеше жолмен жасалған:
1) Бір субъектіге қазықталған
іс-әрекетті білдіретін жай
сөйлемдер бір сөйлем ішіне салаласа топтастырылады:
Және
һәмманы жаратқан Құдай бар, (ол) ахиретте сұрау алады,
(ол)
жамандыққа жазғырады,
(ол)
жақсылыққа жарылғайды,
(оның) жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды,
(оның) бегірек есепсіз қинауы да бар, (оның) бегірек есепсіз
жетістіруі де бар деп бәріне сендік дейді
(208-34) деген
сөйлемде соңғы алты компонент бірінші компонентке ондағы
«Құдай» деген субъект арқылы топтастырылып тұр.
Сондай-ақ
Енді [біз] ер ортасы жасқа келдік; [біз]
қажыдық, [біз] жалықтық; [біз] қылып жүрген ісіміздің баян
-
сызын, байлаусызын көрдік, [біз] бәрі қоршылық екенін білдік
(157-1] деген күрделі конструкцияның қазығы –
біз
деген субъ-
ект, мұндағы бес сөйлемнің бесеуі де
біз
деген грамматикалық
бастауышын жасырып айтылып тұр.
2) Абайда көп бағыныңқылы
құрмалас сөйлемдер жиі
қолданылады. Оның өзі екі түрлі:
а) Әртүрлі бағыныңқылы құрмаласта: (I)
Өзің тірі болсаң
да,
(2)
көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың
(162-
б) (1)
Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп,
(2)
бір
болымсыз нәрсені берген болып, (3) тамырым, досым десе,
(4)
мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп,
(5)
және
жасынан іс істеп үйден шықпағандық қылып,
(б)
жоқ-барға
тырысып,
(7)
алдағанды білмей,
(8)
дереу оның жетпегенін
жеткіземін деп,
(9)
тіпті жетпесе,
(10)
өзінен қосып,
(II)
қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп,
(12)
күні өтіп,
(13)
еңбек
қылар уақытынан айрылып,
(14)
«жоғары шық»-қа қарық бо
-
437
лып,
(15)
тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп,
(16)
енді
олар біреудің малын бұлдап қарызға алады
(207-33). Он алты
жай сөйлемнен құралған бұл
кұрмаласта он бес бағыныңқы
сөйлемнің екеуі – шартты бағыныңқы да, қалғандары – амал
бағыныңқылар. Дәл осындай сөйлем Абай «Қара сөздерінде
едәуір;
б) Бірыңғай бағыныңқылы құрмаластар: (1)
Біздің қазақ-
тың қосқан аты алдында келсе,
(2)
күреске түсірген балуаны
жықса,
(3)
салған құсы алса,
(4)
Достарыңызбен бөлісу: