453
Қазіргі өнімді жалғаулықтардың бірі –
және
77
Абай тілінде,
негізінен
,
екі түрлі қызметте келеді. Абайда
және
сөзі көбінесе
ыңғайластық жалғаулық ретінде емес, «тағы, тағы да» деген
үстеу мағынасында жұмсалады: «Ол қыстауынан айрылған
және
(
–
тағы) біреуге тиіспек» (II, 159). «Жастықта бұл
қызықтан соң
және
(– тағы) бір қызық тауып алатын кісімсіп...»
(ІІ,171). «Олай болғанда
және
( – тағы) не ойлайсың» (ІІ, 182).
Абай
және
сөзін үстеу мағынасында әсіресе өлеңдерінде
жиі пайдаланады:
Туысқан, туған, құрбылас
Қызығымең
және
жоқ (І,198).
Осыларды бұзатын
және
үш іс бар (I, 244).
Шырағым, мастықпенен қылыппын деп,
Әуелгі сөзден танып
және
алдайды (I, 277)’
Жеті күн жынды болар суын ішкен
Жеті күн өткеннен соң
және
оңалар (I, 268).
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және
айта бер дейді жұрт тыным бермей (І, 96).
Және
сөзінің «тағы, қайтадан» деген үстеу мағынасында
қолданылуы қазіргімен салыстырғанда Абай заманында
өнімдірек болғанын айтамыз. Өйткені Ы.Алтынсарин проза-
сынан да «тағы» мағынасындағы
және
сөзін табамыз:
«Күндерде бір күн Сәтемір ойлап жүріп, бір ескі тамның
түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір
аяғы ақсақ құмырсқа тамның
төбесіне қарай өрмелеп бара-
ды да, орта шеніне барғанда құлап түседі, тұра салып тағы да
өрмелейді, үшінші рет өрмекші
жаңа
(~ қайтадан) тырмысады»
(Киргизская хрестоматия. - Ч. 1. - 1879. - С.2). «Бітегенеден соң
77
Бұл жалғаулыктың
және
түріндегі орфограммасы – соңғы кездің жемісі. Тіпті
қазірге дейін, 20-30-жылдарда бұл сөз жуан дауыстылармен тұлғаланушы еді
(жана)
жалпыхалықтық ауызекі тілде де бұл сөздің жуан вариантының қолданылуы басым
болуы керек. Абай да мұны жуан түрінде пайдаланғанын өлеңнің ұйқасына қарап
дәлелдеуге болады:
Бала туса, күзетер шылдахана.
Олар да өлең айтар шулап
Достарыңызбен бөлісу: