Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет192/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

және 
сөзінің сөйлем жіктерін айырып тұратын си-
78
Терентьев М.
Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. - Книга 
I. - СПб., 1875. - С.133-134; 
Старчевский А
.Спутник русского человека в Средней 
Азии. - СПб., 1878. - С. 31; Грамматика киргизского языка. - СПб., 1898. - С. 119.
79
Бір ескерте кететін жай – әдеби тілімізде соңғы 10-15 жылдың ішінде сын есім, 
үстеу, есімшелерден болған екі бірыңғай мүшені қайталамайтын 
да
жалғаулығымен 
байланыстыру тәсілі етек алып кетті. Бұл тәсіл қызметтес жалғаулықтардың 
синонимдік қатарын түзеп, оларды шебер кезектестіріп отыруға мүмкіндік береді: 
«Ал бойына біткенін алсаң, сол Мыңжасар осы жүрген көп қазағыннан әрі ақылды, 
әрі намыскер және қайсар 
да 
өжет» («Абай жолы», I, 188-бет). «Абай түрді түр үшін 
емес, айтайын деген ойын дәлірек, өтімді 
де 
ұтымды етіп айту үшін іздеген, жасаған 
да 
тапқан» (Ғ.Мүсірепов). «Төргі бөлме кең, таза 
да
жарық еді» (3. Қабдолов).


456
патын танытады. Сондықтан осы қызметтегі 
және 
сөзін 
прозаның тұңғыш үлгілерінен жиірек көреміз. Мысалдар 
келтірейік: «Ондай үлкенді (алтынның үлкен кесегін – 
Р. С.) 
бұл уақытқа шейін естіген емес дейді || 
және 
сол алтын тура-
сында алтын іздеушілердің араларында да көп сөз болыпты» 
(«Дала уалаяты газеті». - 1889, 7 январь. - №1). «Бірақ (~ тек 
қана) ұрылар фонарсыз, шамсыз жүреді || 
және 
тәуір құрметті 
адамдар бала-шағасының қасына баруды жаһад қылады» (Сон-
да, 26 июль, №29). «Керегесінің айналасы ілген семіз қой, 
жылқы еттеріменен толған екен || 
және 
үйдің шаңырағына 
сықай ілінген семіз қазы, қарта бар екен» (Сонда, 1889, 24 фев-
раль. - №8). «Жеті жасқа келгенде, қанның ақылындай ақылы 
болды || 
және 
сол елде бір қан бар еді» (Березин Турецкая хре-
стоматия. - Т. ІІІ).
Абай прозасында да 
және 
сөзі кездесетін жерінің көп-
шілігінде осы соңғы, айыру қызметін атқарады: «Шығар есігін 
таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп қалып, қамалып 
қалмақ – ол өзі де бір антұрғандық || 
және 
әрбір жаман кісінің 
қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан 
күл» (II, 162). «Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылымды 
не қылсын. || 
Және 
де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ» 
(II, 166).
Сөйтіп, 
және 
сөзінің қолданылуына байланысты Абай 
тілінің ерекшелігі, біріншіден, қазіргімен салыстырғанда, он-
дағы 
және 
сөзінің шылаулық қызметте емес, үстеулік мағынада 
әлдеқайда жиі қолданылғандығында. Екіншіден, 
және 
сөзі 
жалғаулық ретінде келгеннің өзінде екі бірыңғай мүшеден 
гөрі, сөйлем жіктерін ажыратып көрсететін белгі ретінде актив 
жұмсалғандығында.
Абай ыңғайластық жалғаулық қызметінде 
да
(< 
дағы), мен 
(< 
ме-нен) және (
~
 жана) 
формант-сөздерімен қатар, араб-иран
тілдерінен ауысқан 
һәм, уа 
сөздерін де жұмсаған.
Иран тілдерінен алынған 
һәм 
шылауы Абайда ыңғайлас 
жалғаулық мағынасында қолданылып, айыру белгісінің рөлін 
атқаратын 
және 
сөзіне синоним болып келеді: «Бұлар болмаса, 
тән жанға қонақ үй бола алмайды || 
һәм 
өзі өспейді, қуат тап-
пайды» (II, 164). «Адам екі аяғына басып, тік өсіп, дүниені тегіс 
көрмекке, тегіс тексермекке лайықты || 
һәм 
өзге қайуандарды 
қолданарлық пайдасын көрерлік лайығы бар» (II, 183).


457
Кейде 
һәм 
шылауы бірыңғай екі мүшені жалғастырушы 
болып та қолданылады. Мұндайда ол дара түрінде де, қай-
талап та келе береді: «...Сол уайым-қайғысыздықтан құты-
ларлық орынды харекет табу керек 
һәм 
қылу керек» (II, 
102). «
һәм 
ақыл, 
һәм 
кайрат – екі мықты қуат қосылып 
тоқтатады» (II, 218). «...Бұл мал 
һәм 
пайда, 
һәм 
қасиет болады
бойыма дейді» (II, 219).
Ирандық 
һәм 
шылауы күні кешеге дейін, тіпті осы ғасырдың 
30-жылдарына дейін, қазақтың жазба тілінде кеңінен орын 
алып келді. Әсіресе өткен ғасырдағы баспасөз тілі 
уа, және 
шылауларымен қатар 
һәм 
шылауын да жиі пайдаланды: «Жи-
ренше шешен 
һәм 
Алдаркөсе» («Дала уалаяты газеті». 1889, 3 
февраль. - №5). «Егер қайнатқан 
һәм 
тураған ұшынды тауықтың 
тамағына қосып берсе, жұмыртқаны көп салады» (Сонда, 1889, 
26 май. - №21).
Көркем әдебиеттің тұңғыш үлгілері де бұл шылаудан бас
тартпады. А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» атты шығармасы-
ның ең алғашқы, 1903 жылғы, аудармасынан да шеттілдік 
һәм 
элементін көреміз: «Француз учителі білікті адам болып 
шықпады 
һәм 
қиянаты болды».
Бір ескертетін жай – 
һәм 
сөзі қазақ текстінде қолданылған-
да, негізінен сөйлемдердің жігін ажырату мен бірыңғай мүше-
лерді өзара байланыстыру қызметін атқарады да күшейткіш 
элемент ретінде тіпті сирек қолданылады.
Қазіргі әдеби тілімізден 
һәм 
шылауы ығыстырылып, орны-
на 
және, мен, да 
шылаулары жұмсалатын болды.
Абай «Қара сөздерінің» тексінде араб тілінен ауысқан 
уа 
шылауы да бар. Ол жеке қолданылғанда 
және, һәм 
шылау-
ларымен синонимдес, яғни ол да сөйлемдердің ара-жігін ай-
ыру белгісі ретінде келеді, бірыңғай мүшелер мен бірыңғай 
сөйлемдерді байланыстырушы ретінде де жұмсалады: «Егер 
жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. 
Уа 
әрнешік 
бойларынан адам жақсы көрерлік, көңіл тиянақ қыларлық 
бір нәрсе тапсам керек еді» (II, 166). «Олай болғанда және не 
ойлайсың, һәмма мақұлықтарды жас балаларына елжіретіп, 
үйірілітіп тұруын көргенде 
уа 
һәмма мақұлықтардың өлімін 
жек көріп...» (ІІ, 182).
Уа 
шылауы көбінесе 
және, һәм, лакин 
деген шылаулар-
мен тіркесте келіп, 
және де, бірақ та 
дегендердің синонимдік 


458
қатарын түзейді, айырмасы – 
уа 
сөзі тіркескен шылауынан 
бұрын келеді: 
уа һәм, уа ләкин. 
Мұндайда ол, 
де 
шылауы 
сияқты, күшейткіш қызмет атқарады: «
Уа және 
назначение 
қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз 
берушілер азаяр еді...». «
Уа және...
»
 
(II, 161). «
Уа ләкин 
кімде 
кім иманның неше нәрсе бірлән кәмалат табатұғынын білмей, 
қанша жерден бұзылатұғынын білмей...» (II, 169). «
Уа ләкин 
адам баласы талапты я талапсыз болсын, әйтеуір бәрекелдіні 
керек қылмайтұғыны болмайды» (II, 218).
Ішінде шет тілдік 
һәм, уа 
шылаулары бар, жоғарыда кел-
тірілген сөйлемдерге назар аударсақ, олардың басым көпшілігі 
мазмұны жағынан «иман, Құдай табарака» сияқты дінге немесе 
философияға қатысты болып келетінін көреміз. Демек, кейбір 
шет тілдік морфологиялық тұлғалар сияқты, бұл сөздерді 
де Абай белгілі бір стилистикалық мақсат көздеп әдейі қол-
данған дей аламыз. Өйткені бұлар Абайдың барлық сөзінде 
бірдей актив қолданылмайды, өлеңдерінде тіпті сирек кез-
деседі. Абай өлеңдерінде бірнеше жерден ғана 
әм 
(< 
һәм) 
шы-
лауын көре аламыз:
Әм 
жабықтым, 
әм 
жалықтым
Сүйеу болар қай жігіт,
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм 
сүйіндім, 
әм 
түңілдім
Үнемі неткен үміт
Өткен соң бар жақсы жылым? (ІІ, 71).
Өткен күнге өкінбек
Әм 
үміт жоқ алдымда (II, 99).
Тығылмай 
әм 
сүрінбей жүрдек көсем (I, 48).
Қорламаймын 
һәм, 
балам, зорламаймын (I, 271).
Қазақтың өз тіліне тән шылаулармен қатарластыра шет 
тілдік 
уа, һәм, ләкин
деген шылауларды да пайдалану өткен 
ғасырдағы кітаби тіліне тән болды. Абай тілінен кітаби тілдік 
элементтерді іздестіре қалсақ, солардың бірі деп осы 
уа, һәм, 
лакин 
шылауларын атаған болар едік. Бірақ жазушы, басқа да 
шеттілдік тұлға-тәсілдер сияқты, бұл шылауларды да көбінесе 
стилистикалық мақсатпен қолданған.
Қазақ және ұйғыр тіл білімінің мәселелері. 
- Алматы, 1963. - 3-том. - 114-121-б.


459


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет