Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


-ар   жұрнақты есімшенің барыс септіктегі  түрі   (ар + ға)



Pdf көрінісі
бет200/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

-ар
 
жұрнақты есімшенің барыс септіктегі 
түрі
 
(ар + ға).
84 
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 327-бет


467
Қазіргі қазақ тілінің нормативтік грамматикаларының бір-
де-біреуі осы күнде 
-ар
жұрнағымен жасалған есімшенің ба-
рыс септігінде келіп, қимыл есімі мағынасында қолданылатын 
түрін атамайды. Шынында да, қазіргі әдеби тілімізде, 
әсіресе, ғылыми-публистикалық сөйлемдерде бұл тұлғаның 
қолданылуы жоққа тән. Осы күнде есімшенің 
ар-
ға біткен 
түрінің субстантивтенуі басқа түрлеріне (
-
ған, -а + тын
 
жұрнақты) қарағанда тіпті сирек кездеседі
85

Өткен ғасырдағы қазақ тілі грамматикасын зерттеушілер 
-ар+ға
аффиксті тұлғаны белгілі бір грамматикалық кате-
горияның (айталық, инфинитивтің) көрсеткіші деп норма 
етіп ұсынбағанмен, бұл тұлғаның қазақ тілінде қолданы-
латындығын атап кетеді
86
.
Көрнекті алтаист Г.Н.Рамстедт «көптеген тілдерде (бұл 
жерде әңгіме түркі тілдері жайында – 
Р. 
С.) барыс септігі (-
ар
 
тұлғасына жалғанған – 
Р.С.) 
«инфинитивке айналды, мысалы: 
alurga, аlärgа «чтобы взять», кälіrgа,
 
кälägа «чтобы прийти», 
tuturga, tutárga
 
«чтобы держать»
87
деп түйеді.
-ар+ға
 
аффиксті тұлға – башқұрт, татар тілдерінде 
қызметімен мағынасы жағынан үндіеуропа тілдеріндегі ин-
финитив категориясына жақын келетін өнімді норма. Башқұрт 
грамматиктері 
ал + ырға
 
типіндегі сөзде етістік қасиеті басым 
да, 
алыу 
типтес сөзде есім қасиеті басым деп табады
88
.
85
Ал мына мысалдарға назар аударсақ, фольклорлық шығармаларда, Абай, 
Махамбет тілдерінде сөз етіп отырған есімше түрінің субстантивтенуі әлдеқайда жиі 
ұшырасатынын байқаймыз:
Қаны бұзық өзі ойлар,
Қу менен сұм 
боларды 
(Абай Құнанбаев Толық жинақ. - Алматы, 1957. - І-том. - 
51-бет). 
Қайдан ғана біледі ауыр менен жеңілдің
Арасымен 
өтерді 
(Сонда, І том, 62-бет). 
Бала сүйер жар сүйерден
Түк неме жоқ, тұр денем (Сонда, ІІ том, 78-бет). 
Қанды көбе киініп, Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай-ды (Махамбет Өлеңдері. - Алматы, 1951. - 57-бет). 
Пышағыңды
 
қайрап жүр, не кесерің білерсің (Мақал).
86
Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861. 
- С.33.
87
Рамстедт Г.И.
Введение в алтайское языкознание. Морфология. - М.. 1957. - 
С.85.
88
Н.К.Дмитриевтің
«Грамматика башкирского языка» деген кітабының (1948 ж.) 
170-176-беттерін қараңыз.


468
Қазақ тіліне келетін болсақ, сөз етіп отырған тұлғамызды, 
ең алдымен, Абай шығармаларының тілінен көптеп таба ала-
мыз: «Жоқ, ғылым 
бағарға 
да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ» 
(Абай Құнанбаев Толық жинақ. - Алматы, 1957. - II том. - 157-
бет); «Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс 
болып 
қаларға 
болар
89
ма екен деп күні өтеді» (II, 160); «...
Оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу 
саларға 
жарарлық кісі болса керек еді» (II, 161); «...Ақылы дәлел –
 ис
-
пат қыларға 
жараса, мұны якини иман десек керек» (II, 170); 
«
Қоярға 
орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың» (II, 
188); «
Кірерге 
жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір 
түрлі қысымға түсесің» (II, 192); «Жан қуаты деген
90
қуат – тек 
көп нәрсе, бәрін мұнда 
жазарға 
уақыт сыйғызбайды» (II, 216).
Бұл сөйлемдерде -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет