Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


-  Казань, 1876.  - С.17). Бұл тәсілді оқта-текте қазіргі жазушыларымыз да пай- даланып қояды



Pdf көрінісі
бет199/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 - 
Казань, 1876. 
- С.17).
Бұл тәсілді оқта-текте қазіргі жазушыларымыз да пай-
даланып қояды.
 
Келер шақтық есімше тұлғасын өткен 
шақтық мағынада қолданғанда, суреттеп отырған уақиғаның 
әлдеқашан, ертеректе болып өткенін хабарлау мақсаты 
көзделеді: «Олардың кейбіріне еріп бозбалалар да келетін еді. 
Жел өкпелеу
 
кейбір бозбалалар сиырларды да сырнайлатып 
қарсы 
алар еді
» (С.Мұқанов, Өмір мектебі, 304-бет).
Абай өз өлеңдерінде анықтауыш қызметінде жұмсау үшін 
семантикалас 
-тұғын
 
жұрнақты тұлға мен 
-ар
 
жұрнақты 
тұлғаның соңғысын қалайды:
Ішіп-жеу арасында 
сөйлер 
сөз көп (I, 274).
Сыналар, 
ей, жігіттер, келді жерің (I, 144). 


466
Бір кісі мыңға, 
Жөн кісі сұмға 
Әлі жетер 
заман жоқ (I, 91). 
Анықтауыш қызметінде 
-
тұғын 
жұрнақты тұлға орнына 
-
ар 
жұрнақты тұлғаны жиі қолдану жалғыз Абай тіліне емес, ауыз 
әдебиеті мұраларының тіліне де тән: 
Өсер 
елдің жігіті бірін-бірі батыр дер, 
Өшер 
елдің жігіті бірін-бірі қатын дер (Мақал). 
Жал құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз,
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға 
мінер 
ат тумас,
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа 
кірер 
ұл тумас (В.В.Радлов, Образцы... -Т. IIІ).
Өткен кездегі ақындар (мысалы, Махамбет) тілінде 
анықтауыш қызметіндегі 
-
ар 
тұлғасы тілеу, қалау ниетімен 
айтылған болашақ іс-әрекетті білдіреді: 
Айналайын Ақ Жайық, 
Ат салмай 
өтер 
күн қайда? 
Еңсесі биік ақ орда 
Еңкеймей 
кірер 
күн қайда?(Махамбет Өлеңдері. - Алматы, 
1952). 
Желп-желп еткен ала ту 
Жиырып 
алар 
күн қайда?! 
Орама мылтық тарс ұрып, 
Жауға 
аттанар 
күн қайда?! (Сонда).
Қазіргі қазақ тілінің нормативтік грамматикасы 
-ар
 
жұрна-
ғымен жасалған есімше анықтауыш болудан гөрі, көбінесе ба-
яндауыш болады деп көрсетеді
84
.
Сөйтіп, жоғарыдағы талдауларымыз Абайдың өзінің де, 
тұстастарының да, ауыз әдебиеті мұраларының да тілдерінде 
-
ар
 
жұрнақты тұлғаның қазіргі кезбен салыстырғанда, анық-
тауыш қызметінде де, баяндауыш қызметінде де әр алуан 
мағынада әлдеқайда жиі қолданылғанын көрсетеді.
Абай шығармаларының тілінде келесі бір көзге түсетін мор-
фологиялық тұлға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет