Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


-мақ жұрнақты тұлғаны молынан  кездестіреміз. Қазіргі қазақ әдеби тілінде - мақ



Pdf көрінісі
бет207/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

-мақ
жұрнақты тұлғаны молынан 
кездестіреміз.
Қазіргі қазақ әдеби тілінде -
мақ
арқылы жасалған тұлға, 
негізінен, жіктік жалғауларын тікелей қабылдап, мақсатты ке-
лер шақты білдіреді
95
. Осы күнде -
мақ
жұрнағы қазақ әдеби 
тілінде қазіргі әзірбайжан, түрікмен, өзбек, әдеби қарақалпақ 
және түрік тілдеріндегідей тұйық етістік тұлғасын жасамайды.
Абайдың прозалық шығармаларында -
мақ
жұрнақты 
тұлғаның бірден көзге түсетін бір себебі – оның шақты, райды,
жақты, жекеше-көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы
ұғымын беретін қимыл атауы мағынасында қолданыл-
ғандығында. Қимыл атауы ретінде Абай текстілерінде бұл 
94
Кенесбаев С.
Абай основоположник казахского литературного языка // Советский 
Казахстан. 1955. - №9. - С.130; 
Сауранбаев Н.Т
. Роль Абая в развитии казахского 
литературного языка // Жизнь н творчество Абая. - Алма-Ата, 1954. - С. 184-185; 
Аманжолов С.А
. О диалектной основе современного казахского языка // Известия АН 
КазССР. - 1955. - Вып. 3-4. - С. 33.
95
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 315-бет; 
ҚордабаевТ.Р
. Қазіргі қазақ
тіліндегі етістіктердің шақ категориясы. - Алматы, 1953. - 77, 111-беттер.


476
тұлға септік, тәуелдік жалғауларын қабылдаған күйінде де, 
атау күйінде де молынан кездеседі: 
Ішпек, жемек, кимек, 
күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап 
іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрі- 
нің де өлшеуі бар
(Абай Құнанбаев Шығармаларының толық 
жинағы. - Алматы, 1957. - II том. - 218-бет)
96

Ойын-күлкімен, 
ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре бол да ішіндегі 
қазынаңды жоғалтып алып, хайуан бол деген жоқ
(II, 216). 
Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның 
ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде 
кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек
(II, 161). 
Әрбір 
ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен 
тоқтатады
(II, 162). 
О да қырғыздың нәсілі болмағы таң емес
(II, 221).
Бұл мысалдарда -
мақ
жұрнақты тұлға арқылы іс-әрекет се-
мантикасы білінгенмен, мақсатты келер шақтағыдай «болашақ 
іс болжал, мақсат түрінде»
97
айтылмайды.
Бірсыпыра басқа да қыпшақ тобындағы түркі тілдерін-
дегідей, қазақтың қазіргі әдеби тілінде қимыл есімі қызметінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет