Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет209/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

мақ 
пен

жұрнақты тұлғалардың бірін қалдырмай осылайша дифферен-
циациялап отырды деп үзілді-кесілді айтуға болмайды.
-мақ
жұрнақты тұлға Абай прозасының бірнеше жерінде 
субстантивтендіруші 
-лық
аффиксін тіркеген күйінде келеді. 
Мұндайда 
-лық
аффиксі ұғымның дерексіздігін ұстап тұрады. 
-мақ
аффиксінің өзі дерексіз қимылдың атауын білдіреді, 
оның үстіне -
лық
аффиксі тіркелгенде, сөздің есімдік сипаты 
айқындала түседі: «Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы 
иіске ғашық 
болмақ [-тық],
жаман иістен 
қашық болмақтық
қолымыздан келмес еді» (II, 182); «Біреуі – білсем екен 
демеклік
» (II, 164); «Үшінші – әрбір нәрсеге 
қызықпақтық
» 
(II, 172); «Біздің қазақтың маңғұлдан 
шықпақтығы 
бізге 
ұят емес, бірақ біздің 
білімсіз, ғылымсыз қалмақтығымыз
ұят» (ІІ,220). Сөздің заттық семантикасын айқындай түсу 
үшін төмендегі мысалдарда да 
-лық
жұрнағының кажеттігі 
байқалады: «Мұның бәрі: –... биттей нәрсені бір үлкен іс қылған 
кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен 
демек [тік]
» (II, 180); «Кербездің екі түрлі қылығы болады: 
бірі – бет пішінін, сақал-мұртын... түзетіп, шынтағын көтеріп, 
қолын тарақтап әуре 
болмақ [тық]
» (II, 174).
-
мақ+тық
жұрнақтары арқылы жасалған тұлға мағынасы 
мен синтаксистік қызметі жағынан -
у+шы+лық
аффикстерін 


478
жалғаған тұлғаға жақын келеді. Бұл жерде 
-мақ+тық
жұр-
нақтары арқылы жасалған сөздің заттану дәрежесін синоним-
дес -
у+шы+лық
жұрнақтар тізбегі арқылы жсалған сөзбен 
салыстыра отырып байқауға болады.

аффиксі қимыл атауын 
(болу, деу, қызығу, қалу) 
жасал-
ғанмен, ол әлі сол сөздегі процестік (қимылдық мағынаны 
жойып жібере алмайды. Мұнан кейін жалғанған 
-шы 
аффиксі 
сөзді сол қимыл иесінің атауына (затқа) айналдырады 
(болушы,деуші, қызығушы, қалушы). 
Осылардың үстіне келіп 
-
лық
аффиксі жалғанғанда, сөз абстракт ұғымның атауы-
на айналады, яғни етістіктен жасалған зат есім пайда болады 
(болушылық, деушілік, қызығушылық, қалушылық).
Жоғарыда келтірілген мысалдарда -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет