Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет187/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

...Бұлар неліктен? 
– 
десе біреу, сіздер 
айтасыздар: «Құдай тағаланың жаратқанынан, бұйрығынша 
болған ісі» 
– 
деп 
(199-228). 
Бағана айттық қой, жан қуаты 
басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескер
-
се, күтіп айналдырса, зораяды деп 
(242-43).
Деп 
дәнекерлігімен жасалған бағыныңқының сөйлем соң-
ында келуі, яғни сөйлемнің 
деп
-ке
 
аяқталатын конструкциясы 
жалғыз Абай прозасына емес, Ы.Алтынсарин прозасына да тән: 
Мұны көріп Асан жылай бастады, енді қайсысына түсеміз 
деп 
(«Киргизская хрестоматия», I бөлім, 21-бет). 
(Адам) барып 
патшаға арыз етті, не гүнам бар, жерім біреу алғандай деп 
(Сонда, 44-бет). 
Келесі күн көп кісі жиылды қазының төресін 
естеміз деп 
(Сонда, 61-бет).
Деп 
дәнекерінің сөйлем соңында келтіру тәсілі Абай мен 
Ыбырайдың прозаларында ғана емес, сол тұстағы бүкіл қазақ 
прозасында қолданылғанын тіл фактілері дәлелдейді. Ең алды-
мен, өткен ғасырдағы проза жанрының үлгісі «Дала уалаяты 
газетінде» 
деп
-ке
 
біткен сөйлемдерді жиі ұшыратамыз: 
Торғай 
облысының газеті айтады 1896 жылдың аяғында Бестөбе бо
-
лысында сол елдің болысы Ысмайыл Досұғлы бір школ ашты 
деп 
(Дала уалаяты газеті. 30/ІІІ.1897. - №14). 
«Біздің қазақ 
халқы ойлайды бір үлкен кереметлі нәрсе бар ғой... дүниенің 
өзін билеп тұратұғын деп 
(Сонда, 27/1. 1894. - №47). 
Алғаш 
орын алған ұшынды азырақ кептіріңкірейді ашуы қайтсын 
деп 
(Сонда, 26/V.1889. - № 21).
70
Деп 
арқылы құрмаласқан компоненттердің бағыныңқысы бұрын, басың-
қысы соңынан келетін дұрыс конструкциясы Абайда мүлде кездеспейді деуге 
болмайды. Өте сирек болса да ұшырата аламыз: «Ұялмас бетке талмас жақ береді» 
деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы (202-30).


444
Көркем прозадан тұңғыш аударылғандардың бірі – Пуш-
киннің «Капитан қызы» болды. Онда да сөз етіп отырған 
тәсілден құр алақан емес: 
Мен өзім бегіректе қуандым. Петер- 
бурға барып, босаңдықта қызық көремін деп 
(«Капитан қызы», 
1903).
Деп 
дәнекерінің сөйлем соңында тұру амалының төркінін 
іздесек, беріректегі ізін ауыз әдебиеті нұсқаларынан табамыз 
(әрине, әңгіме қара сөзбен берілетін жерлері жайында): 
Сонда 
Айман ойлайды енді мен батырдың атын қолыма түсіріп ала- 
йын деп 
(«Айман-Шолпан»). 
Жібекжан, шырағым, ояумысың, 
міне, бір жақсы кісі қасыңа келіп тұр сөйлесемін деп
(«Қыз Жібек»). 
Сарыбай ойлады: менің күйеуім жалғыз бол
-
ды, мұның көзі олай-бұлай болып кетсе, қызым Ұлтанға қор
болады екен деп 
(«Қисса Алпамыш», 1901).
Қазақтың бай ауыз әдебиетін өткен ғасырда жинап бастыр-
ған орыс ғалымдары Радлов, Лютш, Васильев және басқалары 
жариялаған материалдардан да 
деп
-ке
 
аяқталған сөйлемдерді 
жиі ұшыратамыз
71

Баласы он жасқа келгенде, шешесінен 
сұрайды: «Әкем қайда?» 
– 
деп 
(В.В.Радлов, Образцы... - Т. IIІ. 
- С.253). 
Сонан соң ханға хабар берді: Солай, Тарғын батыр 
жоқ деп 
(Сонда, 123-бет). 
Хан тұрып, сұрайды: әрқайсыңның 
не өнерлерің бар, айтыңыздар деп 
(Васильев, 1-бет).
Деп 
дәнекерінің сөйлем соңында келуі – о баста ауызекі 
сөйлеу тілінің нормасы
72
. Және бұл тек қазақ тілінің ғана емес, 
көптеген түркі тілдері, оның ішінде көне өзбек тіліне де тән 
болғанын
 
байқаймыз
73
.
Сөйлемнің 
деп-
ке аяқталу тәсілі қазақ жазба әдеби тілінде 
71
Қараңыз: 
Досқараев Ж., Сарыбаев Ш.
Октябрь революциясынан бұрын басылып 
шыққан кейбір нұсқалардың тілі жайында //Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы 
мәселелері. - 3-шығуы. - Алматы, 1960. - 247-бет.
72
Кеңесбаев С.К
. Абай – основоположник казахского литературного языка // 
Советский Казахстан. - 1955. - №9. - С. 128.
73
Дархан «Іабраил кэліп атті іа Муса асаині дарйаға ургіл дәп...» тотчас же явился 
Джабраил и сказал: «О Муса брось свой посох в реку...» – Сол бойда Жәбрейіл келіп 
айтты: «Я Муса, асанды дарияға лақтыр», – деп. Мысал А.М.Щербактан алынды 
(Грамматика староузбекского языка. - М.-Л., 1962. - С.220). Коімі аніарқа аіді: сізлар 
кімлёр сізлар, қайғару барур сізлар теб. (Бұл мысал 1914 жылы Карши қаласынан 
табылған «Тефсирдің» 
(
XIII
ғ.) А.К.Боровков келтірген тексінен алынды (Боровков 
А.К. Из материалов по истории узбекского языка // Тюркологический сборник. - Ч. 
I. - М., 1951. - С. 74, 75).


445
көпке дейін орын алып келді. XX ғасырдың басындағы газет-
журналдарда да, жеке жазушылардың шығармаларында да 
деп 
пен тұйықталған конструкцияларды жиірек кездестіреміз.
Төл сөзді сөйлем мен соған ұқсас 
деп-
пен жасалатын сөй-
лемдердің осы күнгі әдеби тіліміздегі нормасы (яғни 
деп 
дәнекерінің дәнекерленуші компоненттердің ортасында орна-
ласу тәртібі) үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастала-
ды
74
.
Қазіргі көркем әдебиетімізде де 
деп
-пен тіркескен басыңқы 
мен бағыныңқы өз орындарында тұруы әбден нормаға айнал-
ды. Ірі-ірі жазушылардан бір-бір мысал келтірейік: 
Балаңды 
суық өсірдің деп, биыл жазда Ұлжанға да кінә таққан 
(М.Әуезов). 
Алтайды, шыныңды айтпадың деп, сілесін қаты- 
ра ұрды
(С.Мұқанов). 
Ілесе кетем бе деп, үртіс жүріп кет- 
тім 
(Ғ.Мұстафин). 
Таныс біреу кездесер ме екен деп, Жабай 
жер үйлерді аралап кетті 
(Ғ.Мүсірепов).
Ал қоғамдық саяси және публицистикалық, педагогикалық 
жанрдың қауырт қалыптасып кеңінен дамуына байланысты, 
деп-
пен жалғасқан екі компонентті құрылыстардың белгілі бір 
нормаға түсу процесі тезірек өтті. Қазір бұл конструкцияның 
әдеби нормасы әбден қалыптасты деуге болады: басты-ба-
сты жанрдың барлығында да дәнекер 
деп 
екі компоненттің 
аралығында келеді.
Сөйтіп, жоғарыдағы талдаулардан Абай прозасындағы 
құрмалас сөйлемдердің берілуі жайында мынадай қысқаша 
қорытынды жасауға болады. Абай прозасында ауыз әдебиетіне 
қарағанда, сөйлемдерді шартты рай, көсемше, есімше арқылы 
құрмаластыру әлдеқайда жиі қолданылған. Бұл тұлғалардың 
шылау, жалғаулармен қолданылуы да Абайда белгілі бір жүйеге 
келген, яғни қарсылықты бағыныңқы жасауда шартты райға 
да 
шылауы тіркесе айтылады, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет